1 дәріс. Кіріспе. Техникалық микробиология пәні, мақсаты және дамуы



бет36/81
Дата07.01.2022
өлшемі244,8 Kb.
#20441
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   81
Әдебиеттер тізімі:

Бақылау сұрақтары:

6 дәріс. Инфекция және иммунитет.



Жоспары:

  1. Инфекция туралы ұғым. Инфекцияның пайда болуы мен дамуына әсер ететін факторлар.

  2. Зардаптылық. Уыттылық (вируленттілік). Агрессиялылық.

  3. Иммунитет. Иммундық реакция.

  4. Фитопатология. Монофагтар. Факультативті патогендер. Факультативті сапрофиттер.


Инфекция туралы ұғым. Инфекцияның пайда болуы мен дамуына әсер ететін факторлар. Инфекция /лат. Іnfectio - жұқтырамын/ - жануар организмі мен зардапты микробтың бір-біріне әсерінен туындайтын ерекше жағдай.

Алғаш рет ғылымға бұл терминді 1842 ж. Хуфеланд енгізді. Бастапкыда оны сифилис және басқа да мерез ауруларына ғана қатысты пайдаланды. Ал "инфекциялық аурулар" деген атау және оларды жеке топка бөліп қарау белгілі патолог Вирховтың ұсынысымен болды. Топли 1946 ж. инфекцияны тоғышар паразит пен оның иесінің бірлестігі және оның нәтижесінде иесінің зардап шегуі ретінде карастырды. Бұл пікір инфекция туралы осы заманғы көзкарастың кальштасуына негіз болды.

Эволюциялық даму жолында әрбір биологиялық түр табиғат жағдайларына ғана емес, өзін қоршаған басқа да организмдерге бейімделеді. Әртүрлі түрлердің ұзақ уақыт бойы бірігіп тіршілік етуге бейімделген бірлестігі - симбиоз деп аталады. Мөлтек организмдерде симбиоздың 2 түрі кездеседі. Олар - эктосимбиоз және эндосимбиоз. Эндосимбиоз кезінде микроб өзінің иесінің ішінде, ал эктосимбиоз кезінде иесінің сыртында тіршілік етеді. Симбиоздьщ симбионттарға /симбиозды құраушыларға/ пайда-зиянына карай бірнеше түрлері болады. Мутуалистік симбиоз, немесе мутуализм, симбионаттардың әрқайсысы үшін пайдалы болып табылады. Мысалы, күйісті жануарлардын алдыңғы қарындарындағы микробтар иесі арқылы зиян көреді, бірак олар катаң азыктарды ыдырату арқылы иесіне пайда да келтіреді. Симбиоздың басқа түрі - коменсалдык симбиоз, немесе коменсализм. Мұндай симбиоз кезінде симбионаттардың бірі екіншісіне зиян келтірмей-ак соның есебінен тіршілік етеді. Коменсалдарға мал мен адам организмінде /теріде, тыныс жолдарында, ас корыту мүшелерінде/ түрақты кездесетін санитариялық көрсеткіш болып табылатын мөлтек организмдер: ішек таякшасы, энтерококтар, т.б. жатады. Қалыпты жағдайда бұл микробтар зиянсыз болғанымен организм әлсіреген кезде олардың зардабы да болуы мүмкін.

Симбиоздын үшінші түрі - паразиттік симбиоз, немесе паразитизм симбионттьщ бірінің екіншісіне тоғышарлық етуі болып табылады. Тоғышар микроб иесінің есебінен күн көріп кана коймайды, өзі тіршілік ететін организмді зақымдап, зиян келтіреді.

Паразитизмнің тарихи кальштасуы ғылымда микроорганизмдердің эволюциялық дамуымен байланысты қарастырылады. Микробтар әлеміндегі тоғышарлықты олардың қоректік ерекшеліктері арқылы түсіңдіреді. Микроорганизмдер эволюциясының алғашкы сатысында еркін тіршілік ететін прототрофтар /автотрофтар/ ғана болса керекті. Олар қоректік заттарды қарапайым бейорганикалық косылыстардан синтездейді /темір, азот бактериялары.

Эволюцияның келесі сатысында еркін тіршілікпен қатар, тірі организмде де өмір сүре алатын микробтар - метатрофтар пайда болған болуы керек. Олардың арасында өлі органикалық заттармен қоректенетін сапрофиттер және тоғышар паразиттер кездеседі. Олардың арасында жартылай сапрофит, жартылай паразит болъш табылатын факультативті паразиттер де кездеседі. Факультативті /жарым-жартылай/ паразит сыртқы ортада да өмір сүре алатын болса, облигатты /міндетті/ паразит тек кана иесінің организмінде өсіп-өнеді. Мұндай микробтар қоректік ерекшеліктеріне байланысты паратрофтар деп аталады.

Эволюцияның үшінші сатысында тек қана тірі организмде өсіп-өне алатын гетеротрофтар пайда болады. Олар - вирустар, риккетсиялар, хламидиялар және микоплазмалар. Бұл микробтар сапрофиттік тіршілікке бейімділігінен мүлде айрылған. Табиғи және жасанды жағдайларда тек кана ұлпа торшаларында /микоплазмалардан басқасы/ өсіп-өнеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет