Вирустардың түрлері. Қазіргі кезде барлық дерлік вирустардың түрлері белгілі емес. Тек қана аденовирустар тұқымдастығының түрлері белгілі және түрлер вирустардың иммунологиялық қасиетіне негізделген. Ал вирустардың иммунологиялық қасиетгері бейтараптандырушы антиденелер арқылы анықталады, иммунды қан сарысуы ғана анықтайды.
Қазіргі кезде вирус тұқымдастықтарының саны 55-тен артық. Вирустардың көпшілігі әлі бір жүйеге келіп реттелген жоқ. Ол жұмыс әрі қарай өрби бермек. Адамдар мен жануарлар вирустары 19 топшаға (тұқымдастыққа) бөлінеді. Олардың жетеуі ДНҚ-ды, он екісі РНҚ-ды вирустар.