1 дәріс. Кіріспе. Техникалық микробиология пәні, мақсаты және дамуы



бет41/81
Дата07.01.2022
өлшемі244,8 Kb.
#20441
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   81
Иммунитеттің фагоциттік жүйесі. Иммунитеттің фагоциттік жүйесі организмге енген микробтарды жұтып, ыдырататын фагоциттер деп аталатын клеткалардың қызметінен туындайды. Фагоциттердің екі түрі бар: микрофагтар және макрофагтар. Оларға ортақ қасиет лизосома деп аталатын диаметрі 0,25-0,5 мкм түйіршік болады. Лизосомада көптеген ферменттер: қышқыл фосфатаза, миелопероксидаза, β –глюкуринидаза, колагеназа, лизоцим, катепсин, РНҚ-аза, ДНҚ-аза т.б. жатады. Осы ферменттер арқылы фагоцитоз кезінде микробтар мен бөгде антигендер ыдыратылады.

Фагоцитоздың өзі бірнеше кезеңнен тұрады:

1.Хемотаксис – фагоциттің фагоцитоз обьектісіне жақындауы.

2.Фагоциттелінетін бөлшектің фагоцитке жабысуы.

3.Бөлшектің фагоцитке батуы және оны қоршаған торша мембранасының бөлігінің үзіліп фагосома түзуі.

4.Фагосома мен лизосоманың қосылып фаголизосома түзуі.

5.Түйіршіктің қорытылуы.

Бұл кезде күрделі заттар ыдырап, полисахаридтер олигосахаридтерге, белоктар, пептидтер мен амин қышқылдарына ыдырайды. Микрофагтарға немесе полинуклеарлы фагоциттерге қанның түйіршікті лейкоциттері жатады. Олардың ядросы бунақ - бунақ болып, сегменттерге бөлінген, ал цитоплазмасы түйіршіктеніп тұрады. Бұл түйіршіктер лизосомалар. Барлық микрофагтар жедел типтес сезімталдылықтың қалыптасуына қатысады да, ыдыраған кезде лизоцим және басқа да микробқа қарсы заттар бөліп шығарады. Макрофагтар немесе моннуклеарлы фагоциттер құрылысы жағынан полинуклеарлы торшалардан айырмашылығы олардың сегменттелмеген біртұтас торшаның негізгі бөлігін алып жатқан ядросы болады. Мононуклеарлы фагоциттерге моноциттер мен макрофагтар жатады. Макрофаг торшаларына: дәнекер ұлпада – гистиоцит, бауырда –купфер торшасы, өкпеде – альвеола макрофагы, сөл түйіні сакрофагы, көкбауыр макрофагы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет