1 дәріс. Кіріспе. Техникалық микробиология пәні, мақсаты және дамуы


Инфекция қоздырушыларының зардапты әсері



бет37/81
Дата07.01.2022
өлшемі244,8 Kb.
#20441
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81
Байланысты:
лекция

Инфекция қоздырушыларының зардапты әсері. Зардаптылық /патогенность/ ауру қоздырушы микробтың инфекция қоздыру мүмкіндігі. Бұл микробтың тұқым қуалайтын генотипіне тән касиеті. Зардапты микробтың әрбір түрі белгілі бір ауруды қоздырады. Әрбір ауру қоздырушысының өзіне ғана тән зардаптылық аукымы бар. Жанурлардың бір ғана түрін зақымдайтын қоздырушыны унипотентті /бір ғана мүмкіндікті/, ал жануарлардьщ көптеген түрлерін зақымдайтьш микробты полипотентті /көп мүмкіндікті/ деп атайды. Мысалы, шошка обасының вирусы унипотентті де /мұндай ауруларды уникварлық деп те атайды/, аусылдың вирусы - полипотентті болып табылады.

Зардаптылық дәрежесі, яғни өлшемі, уыттылык /вирулентность/ деп аталады. Зардаптылық - микробтың белгілі бір түрінің ортақ қасиеті болса, уыттылык - оның жекелеген штаммдарының дара касиеті. Бұл енді зардаптылыктың фенотиптік көрінісі. Уыттылық шартты өлшем төменгі өлтіретін дозамен /DLM dosis letalis minima/ және төменгі жұқтыратын дозамен /DIM – dosis infectiosis minima/ өлшенеді. Олар белгілі бір әдіспен жібергенде массасы мен жасы бойынша саралап алынған жануарлардың 95-100 %-ін өлтіретін не ауыртатын микробтың ең аз саны. Ал бұл көрсеткіштерді дәлірек аныктау үшін жұқтырылған жануарлардың 50 % өлтіретін /LD50/, немесе ауыртатын /ID50/ шаманы алады.

Уыттылық микробтардың уыттылық факторлары деп аталған қасиеттерінен туыңдайды. Бұл факторлар екі топка бөлінеді: инвазиялылығы және улылығы /токсигендігі/.

Инвазиялылығы - микробтың денеде ұлпаларға бойлап еніп, даруы, онда өніп-өсіп, организмнің қорғаныс қабілетін тежеуі. Микробтың тиісті торшаларға жабысу қабілетін адгезиялылығы, ал организмнің қорғаныс күшін әлсірету кабілетін агрессиялылығы деп атайды. Қоздырушылардың мұндай қасиеттері олардың морфологиялық және биохимиялық ерекшеліктеріне негізделген. Мысалы, энтеробактериялардың /колибактериоз, сальмонеллез қоздырушылары/ адгезиялылығы олардың өте нәзік жіпшелері - фимбриялары арқылы іске асады. Организмнің ұлпа торшаларын микробтар бөліп шығаратын уыттылық ферменттері /гиалуронидаза, ДНҚ-аза, РНҚ-аза, коагулаза т.б./ зақымдаса, фагоцитоз бен басқа да қорғаныс реакциясьш тежеуге микробтың капсуласы, кабығындағы VI-, К-антигендері, агрессин типтес бөлінділері қызмет етеді. Микроб иесіне тән бүркеніш мимикрия антигендеріне ие болу арқылы өзіне қарсы бағытталған организмнің иммунитет күштерінің әсерінен аман калады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет