Фитопатология. Монофагтар. Факультативті патогендер. Факультативті сапрофиттер. Фитопатология (грекше phyton – өсімдік, pathos – ауру, logos – оқыту) – өсімдік ауруы туралы ғылым, оның негізгі міндеті – фитопатогенді организмдерден ауыл шаруашылығы дақылдарының шегетін зардабын бəсеңдету жолын іздестіру. Ол ауру өсімдікті, аурудың туу себептерін жəне оның дамуына қоршаған орта жағдайының əсерін зерттейді.
Зиянды жәндіктер мен кенелер қоректік заттарына байланысты монофагтар, олигофагтар және полифагтар болып 3 топқа бөлінеді. Монофагтар өсімдіктердің бір ғана түрімен немесе бір-біріне ұқсас бірнеше түрлерімен (бұршақтың дәнек қоңызы, таңқурай кенесі), олигофагтар өсімдіктердің бір тұқымдасына жататын көптеген түрлерімен (орамжапырақ тұқымдасының бүрге қоныздары мен қандалалары, түйнек бізтұмсықтары, дәннің сұр көбелегі), полифагтар өсімдіктердің көптеген түрлерімен (шегірткелер, шыртылдақ қоңыздар, күздік көбелек) коректенетінеді.
Өсімдіктердің көптеген аурулары оларға бөгде организмдердің патогенді немесе ауру туғызатын бактериялардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың әсер етуінен пайда болады. Бұл патогенді микроорганизмдер өсімдікпен жанасып әрекеттеседі, оның организміне еніп, немесе оның сырт бетінде өсіп дамиды және тіршілік әрекеттерімен өсімдіктегі физиологиялық процестерді бұзады, яғни өсімдікті ауруға шалдықтырады. Патогендер факультативті сапрофиттер, облигатты және факультативті паразиттер болып бөлінеді.
Облигатты, немесе шүбәсіз паразиттер, өздерінің тіршілік әрекеттеріне қажетті қоректік затгарды өзі тіршілік ететін организмен алып, өсімдік опат болғанда сонымен бірге тіршілігін жояды.
Факулыпативті (бейімделгіш) сапрофиттер – жартылай паразиттер тіршілігінің бір бөлігін ғана тірі өсімдік организмінде өткізеді. Егер өсімдік (қожасы) болмаса, онда тіршілігінің басқа сатыларында өздігінен өсімдіктердің қалдықтарындағы органикалық заттармен қоректеніп, дербес тіршілік етеді.
Факультативті паразиттер, немесе жартылай сапрофиттер өздігінен қалыпты сапрофиттік тіршілік ете алады. Бірақ, жеке дамуының белгілі бір кезеңінде өсімдік ұлпаларына ауысып, сол арқылы қоректеніп, тіршілігін жалғастырады.
Жалпы айтқаңда індетгеуші организмдердің әсерінен азотты қосындылар алмасуының өзгерулері өсімдіктердің төзімділік-төзімсіздік деңгейлеріне, патогендердің қоректену ерекшеліктеріне байланысты.
Патогеңді микроорганизмдердің өсімдіктердің басқа да физиологиялық, биохимиялық процестеріне әсерлері туралы мәліметтер баршылық. Мысалы, патогендердің әсерінен өсімдіктерде су алмасу процестерінің өзгеретіндігі байқалды. Транспирация қарқындылығы өсімдік ұлпаларының өткізгіштігінің жоғарылауына байланысты күшейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |