Лабораториялық- лабораторияда дрожжы культурасын көбейту 3 этапта өтеді. 10-12% солод ортасында 100-1000-8000 мл колбаларды қолданып, онда дрожжының өсуі 24 сағ созылады. Оптимальді температура 28-32оС рН 4,5-5,5 бактериалдық инфекциялар болмау үшін бастапқы кезеңде төмен орта реакцияларының рН 3,5-4,6 қолдануға тырысады, спирттің ашуы жіберіледі.
Таза культура- кезеңінде дрожжы 2 герметикалық аппараттарда солод экстракциясымен аммонийй фосфатымен байытылған 12% мелассасы бар қоректік ортада көбейеді. Бірінші аппараттың көлемі 80-100 л екінші 800-820 л орта мерзімді аэрацияланып отырады, ұзақтығы 10-20 сағ. Құрғақ затқа есептегенде 2-4 кг дрожжы алады.
Табиғи таза культура кезеңінде 7-8% меласса қоректік ортада егінді материалды үздіксіз жағдайда алады. Бірінші кезеңде аэрация белсенділігі аз, ал соңында 1минутта сұйық көлемінің бірлігіне, ауа көлемінің бір бірлігін енгізеді. Ақырғы кезеңде дрожжыны сепарирлейді, престейді. Алынған егінді материалды кейде техникалық таза культура деп атайды. 4оТ да салқындатады және тауарлы дрожжы өндіруде материл ретінде қолданады. Тауарлы дрожжының сапасын жақсарту мақсатында табиғи таза культураны бактериалды микрофлорасының мөлшерін азайту үшін егу алдында қышқылмен өңдеуді жүргізеді. Осыған престелген табиғи таза культураны суда 1/1 суспензирлейді және дрожжы массасының 2% мөлшерде 100% сүт қышқылын қосады, араластырып бір сағат ұстайды.
Тауарлы дрожжыларды үш этапта алады: алдымен бірінші егінді материалды көбейтеді, содан екінші ретті дрожжыны алып және олардан тауарлы дрожжыны алады. Бірінші ретті алғашқы дрожжыны алу орта ағыны құйылмай жүреді, процесс ұзақтығы 6-7 сағ 2 ші этапта толық спирттік ашуды болдырмауға тырысады. Сондықтан дрожжыны интенсивті аэрация жағдайында өсіреді. Сепаратор арқылы дрожжы биомассасын культуралды сұйықтықтан бөліп алады. Сепарирлеу процессі 3 сатыда өтеді: 1) клетка суспензияларын 2 рет шацып ортаның қалдықтарын, бактерияларын және қалдық заттарды жояды. Құрғақ биомассаның концентрациясы 80-20% дрожжының концентратын алады. 2) оны 8-10оС дейін суытады, вакуумде фильтрлейді, фильтр пресстерде фильтрлейді және 70-75% ылғалдылықтағы дрожжы пастасын алады. 3) пастаны сумен конденсирлеуді стандартты ылғалдылыққа дейін (75%) дрожжыны 50-100-500-1000 г мөлшерімен формалайды және буып түйеді. Престелген дрожжыны 0-4оС қа дейін температурада 10 тәулік бойы сақтайды. Нан дрожжыларының ылғалдылығы 8% болу керек, 30-40оС температурада кептіруге болады және 6 ай сақтайды.