1 дәріс. Кіріспе. Техникалық микробиология пәні, мақсаты және дамуы


Соңғы өнімдерді бөлу әдістері. Соңғы өнімдерді тазалау әдістері



бет44/81
Дата07.01.2022
өлшемі244,8 Kb.
#20441
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   81
Байланысты:
лекция

Соңғы өнімдерді бөлу әдістері. Соңғы өнімдерді тазалау әдістері. Кез келген биотехнологиялық процестің соңғы стадиясы өнімді бөліп алу жəне тазарту болып табылады.

Бұл стадия дайын өнім микроорганизмдердің өзінде жиналады ма, бетінде жиналады ма немесе культуралық сұйықтыққа бөлініп шығуына байланысты ажыратылады. Биосинтездің дайын өнімі тікелей микроорганизмдер немесе культуралық сұйықтықта еріген олардың метаболиттері болуы мүмкін. Барлық жағдайларда да микроорганизмдер массасын культуралық сұйықтықтан бөліп алу керек. Культуралық сұйықтықта микрорганизмдер құрамы өте төмен болады. Бір литрде құрғақ биомассаның 5- 10 грамы болады. Қатты фазаның осындай мөлшерін бөліп алу, биомассаны əр түрлі əдістермен концентрлеуді (қоюландыруды) қажет ететін қиын технологиялық жұмыс.

Өнімді бір əдіспен бөліп алу мүмкін емес. Сондықтан бірнеше əдістің комбинациясы қолданылады:

1. Ерімейтін заттарды бөліп алу;

2. Микроорганизмдердің дезинтеграциясы;

3. Микробиологиялық синтез өнімін бөліпалу;

4. 1-ші реттік тазарту;

5. 2-ші реттік тазарту жəне концентрлеу;

6. Кристалдандыру жəне тұрақтандыру.

Көп жағдайда культуралық сұйықтықты ары қарай өңдемей пайдалану мүмкін емес. Культуралық сұйықтықта жинақталған өнімді (антибиотик, фермент, витаминдер жəне т.б) сондай-ақ микроорганизмдердің биомассасын қоюландыру жəне бөліп алу қажет. Биосинтез өнімінің мөлшері тұрақты емес жəне əр түрлі факторлардың əсеріне ұшырайды. Белоктар, ферменттер қыздыруға, рН өзгерісіне жəне басқада химиялық, физикалық əсерлерге сезімтал. Биомасса алу кезінде (атап айтқанда, вакциналар өндірісінде) маңызды талаптардың бірі клеткалар санын сақтап қалу болып табылады.

Микроорганизмдерді бөліп алу жəне тазарту əдісін таңдағанда төмендегідей факторларды ескеру керек:

1. Культуралық сұйықтық қасиетін (тұтқырлығы, рН, температура жəне т.б.);

2. Бөлінген өнімнің қасиетін (термолабильдігі, əр түрлі химиялық элементтерге төзімділігі жəне т.б.);

3. Соңғы өнімге қойылатын талаптар (жалпы жəне биологиялық концентрациясы, дəрілік формасы, тазарту дəрежесі жəне қоюландыру дəрежесі);

4. Технологиялық жəне техноэкономикалық көрсеткіштер (өнімнің шығымы, қондырғының өнімділігі, өнімді ары қарай өңдеудің қажеттілігі жəне т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет