Дайын өнімді алу. Соңғы стадияда өнім гранирлеулеу (домалақтау) (ұнтақтан немесе ерітіндінің өзінен гранулалар жасау), дражирлеу, дəрі пішініне келтіру, құю, қаптау, ампулаларға салу нəтижесінде тауарлық пішініне келеді.
Әдебиеттер тізімі:
Бақылау сұрақтары:
№8 дәріс. Микробиологиялық өндірістің негізі.
Жоспары:
Микроорганизмдер селекциясы.
Гендік инженерияны қолданудың жетістігі. Селекция этаптары.
Селекция (латынша, selection – таңдау, іріктеу) – өсімдіктер сорттарын, жануарлардың қолтұқымдарын және микроорганизмдердің адамға қажетті белгілерімент құру әдістері туралы ғылым. Мәдени өсімдіктердің сорттары немесе жануарлардың қолтұқымдары дегеніміз – адамға қажетті құнды шаруашылық және морфофункционалдық тұқым қуалайтын белгілерінің жиынтығы. Селекцияның теориялық негізі болып генетика саналады. Селекция, сондай-ақ молекулалық биологияның, физиологияның, цитология және өзге биологиялық ғылымдардың жетістіктеріне сүйенеді. Қазіргі таңда әсіресе селекцияның дамуына клеткалық және гендік инженерияның жетістіктері, сондай-ақ биотехнологияның жетістіктері үлкен үлес қосуда. Мутагенез және полиплоидия. Индукциялық (жасанды пайда болған) мутагенез селекция үшін алынған материалдың генетикалық алуантүрлілігін арттыруға кең мүмкіндіктерін ашады. Әсіресе микроорганизмдер және өсімдіктер селекциясында қолдану тиімді. Адамға қажетті белгілерді анықтайтын мутациялар жиіліктерін арттыру организмге түрлі мутагендік факторлармен әсер еткенде іске асады: иондаушы және ультракүлгін сәулелермен сәулелендіру, кейбір химиялық заттармен әсер ету, мысалы, этиленимин, азоттық иприт және т.б. Клеткалық және ген инженериясы.
Культивирлеу, қайта құру және гибридизация негізінде жаңа типтегі клеткаларды құру әдістерінің жиынтығы. Клеткалық инженерияның әдістері көптеген биотехнологиялық процестер негізінде жатыр және өсімдіктер мен жануарлар селекциясында кеңінен қолданылады. Клеткалық инженерия әдістерін қолдана отырып, гибридтер түзе отырып, түрлі клеткаларды біріктіруге болады. Мысалы, өсімдіктер селекциясында протопластар қосылуы әдісін қолданады, бұл клеткалар ферментативті өңдеу барысында өзінің қабықшасынан айырылған. Осы әдіс көмегімен тек қана түраралық шағылыстыруды ғана емес, сонымен қатар туысаралық шектеуді де жоюға болады. Бұл әдісті жануарлар клеткаларына да қолдануға болады. Мысалы, гибридизация арқылы тышқанның лимфоциттері және ісік клеткаларының гибридтері алынған, оларды гибридомалар деп атайды. Гибридома лимфоцит сияқты антиденелер өндіруге қабілетті және ісік клеткалары сияқты шексіз көбеюге қабілетті. Қазіргі таңда гибридомамен өндірілетін моноклональды антиденелер адам және жануарлардың ауруларын диагностикалауда кеңінен қолданылады.
Клеткалық қайта құрушылық ядро, цитоплазма, хромосомалардың түрлі клеткаларынан жеке үзінділерінен тіршілікке қабілетті клеткалар құруға мүмкіндік береді. Бұл биология және медицинаның теориялық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді: клетка көбеюін реттеу, қалыпты клетканы ісік клеткасына айналдыру және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |