1 дәріс. Кіріспе. Техникалық микробиология пәні, мақсаты және дамуы



бет43/81
Дата07.01.2022
өлшемі244,8 Kb.
#20441
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   81
Байланысты:
лекция

Әдебиеттер тізімі:

Бақылау сұрақтары:

7 дәріс. Соңғы өнімді бөлу және тазалау.


Жоспары:

  1. Соңғы өнімдерді бөлу әдістері. Соңғы өнімдерді тазалау әдістері.

  2. Фильтрация, флотация, сепарирлеу, тұндыру, экстракция, центрифугалау, кристализация, ультрафильтация.

  3. Препараттардың дайын формаларын алу. Биопрепараттарды сақтау. Биопрепараттардың сапасын анықтау.

Биотехнологияда қолданылатын процестер саны өте көп. Процестің түріне, қолданылатын шикізатқа жəне микроорганизмдердің культурасына сəйкес əр түрлі қондырғылар (аппараттарға қойылатын талаптарға байланысты) қолданылады. Анаэробты биотехнологиялық процестерді жүргізу үшін (этанол, органикалық қышқылдар, кейбір вакциналар өндірісінде) аппаратқа ауа берудің қажеті жоқ, ортаны интенсивті араластырып отырудың да қажеті жоқ, ал кейбір жағдайларда культивациялаудың асептикалық жағдайларын жасаудың да қажеттілігіжоқ. Биологиялық активті заттар өндірісінде (антибиотиктер, амин қышқылдары, ферменттер, антигендер, кейбір вакциналық препараттар), керісінше, интенсивті аэрация жəне араластыруды қамтамасыз ету керек, асептикалық жағдайларды қатал сақтау керек, көбік түзілудің күрделі мəселесін шешу қажет. Сондықтан биокəсіпорынға жəне аппараттарға кіретін ауаны стерилизациялау қажетттігі туады, приборлар мен аппараттарды, помещениені стерилдеу керек. Микроорганизмдерді культивация жасау процесі өнімді жүру үшін келесі ережелерді сақтау қажет:

1.Клеткаларға оттекті жеткізуді жəне түзілген көміртек диоксидін культуралық сұйықтықтан (аэробтар) шығарып отыруды қамтамасыз ету қажет.

2.Культуралық сұйықтықты гомогендеу үшін қарқынды араластырып отыру керек, сұйық жəне газ түріндегі субстраттар барлық клеткаларға жеткізілетіндей болуы керек.

3.Биореакторды жəне онымен байланысты басқа да қондырғыларды стерилизациялау қажет, культивация процесін жүргізуге асептикалық жағдайлар жасау керек.

4.Культивация процесінің жүруін бақылап отыратын, ферментация процесін іске асыруға қажетті (үнемі проба алып отыру, микробтық синтез үшін қажетті микроорганизмдердің концентрациясын анықтау) бақылау жүйесі болуы керек. Осы ережелерді, сондай-ақ нақты процестердің ерекшеліктерін ескере отырып культивациялауға арналған аппараттардың көптеген конструкциялары жасалған. Биотехнологиялық өндірістердің қондырғыларын тот баспайтын болаттың жоғары легирленген маркаларынан жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет