1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


Кемсіну, қомсыну мәнді жұрнақтар



бет21/75
Дата31.12.2021
өлшемі231,81 Kb.
#23325
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   75
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамынан дәріс тезистері 2

 4. Кемсіну, қомсыну мәнді жұрнақтар
Кемсіну, қомсыну, менсінбеу мәнін білдіретін жұрнақтар . -сымақ, -шығаш, -шігеш, -бай, -ек.
1) -сымақ жұрнағы жанды, жансыз зат есім сөздерге жалғанып оған кемсіну, қомсыну, менсінбеу мәнін қосады. Олар: батырсымақ ,өзенсымақ, таусымақ, ғалымсымақ, келсымақ. Бұл жұрнақ жіңішке сөзге де, жуан сөзге де бір тұлғада жалғанады яғни буын үндестігіне бағынбайды. Мысалы, Әрбір жыра, шұқанақ, немесе өзенсымақ өңірлермен жол жүрген сайын, сол күдігін айтады (М.Әуезов). Бұл жымда ол ел бүлігі атқамінерді, жеміт болыс, ұлықсымақты сан рет әділ ашумен жазалаған (М.Әуезов).
2) -шығаш, -шігеш жұрнағы да кемсіну мәнін береді. Ол –сымақ жұрнағымен синонимдес. Мысалы, жекелеген байшігештердің арманы - байлыққа жету (С.Мұқанов). Өзін батыр санайтын ершігештер де жоқ емес (С.Мұқанов).
3) -бай жұрнағы кекету, кемсіну мән береді. Мысалы, Бұл үйде жеңіл мінезді бір желпекбайлар тұрады екен деп ойламаңыздар (С.Адамбаев). Сартабан өмірі малмен өткен адам көрінеді, оны жұрт барып тұрған салпақбай деп те атайды (С.Мәуленов).
4) -ек жұрнағы да кемсіну мәнін біддіреді. Мысалы, Жәлелдің артында калған екі жетімекпен бірге шырылдап мен де қала бердім (С.Жүнісов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет