1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


Кішірейту мәндегі өнімсіз жұрнақтар



бет23/75
Дата31.12.2021
өлшемі231,81 Kb.
#23325
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   75
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамынан дәріс тезистері 2

 Кішірейту мәндегі өнімсіз жұрнақтар:

1) -пан жұрнағы зат есімге қосылып, оған кішілік мән береді. Ол кіші мәнді бала сөзіне жалғанып, кұстың баласының атын жасаған. Ол - балапан. Бұл өнімсіз жұрнақ. 


2) -ес жұрнағы жансыз зат атауларына жалғанып, оған кішірейту мән береді. Өнімсіз жұрнақ. Белес, дөңес сөздерінде ғана кездеседі.

3) -қа жұрнағы да кішірейту мән береді, өнімсіз жүрнақ. 

4)-анақ жұрнағы зат атауына жалғанып, оған кішірейту мәнін береді.

5) -паң жұрнағы да кішірейту мағынасын береді, өте өнімсіз.

6) -пат жұрнағы кішірейту мән береді. Ол -пат жұрнағымен мағыналас. Мысалы, Олар ойпатта жылтыраған көп отты көрді (І.Есенберлин). Қазанкөл - тау үстіндегі ойпат, кәдімгі қазанға ұқсаған шұқыр (Б.Нүржекеев).

7) -қалаң жұрнағы да кішірейту мән береді, өнімсіз жұрнақ. Мысалы, Еркіндігі көп пе, әуре-сарсаң өкініші көп пе, оны болжар жай жоқ, әйтеуір бір шатқалаңы көп жолға түскендей, жүрегім орныға алмайды (Ғ.Мүсірепов). Таудың шатқалаңына кезіктік (С.Мұқанов).


8) -қал жұрнағы да кішілік мәндегі өнімсіз жұрнақтарға жатады. Мысалы, Қысаң шатқалдан бұлқына шыққан асау өзен ұрымтал жерге жете бергенде, солтүстік батысқа қарай тартты (С.Омаров). Жиырма шақты адам шатқал ішімен жылжып келеміз (З.Иманбаев).
Кішірейту мәндегі өнімсіз жұрнақтар көбіне жалғыз-жарым сөзде сақталған, қолданылу аясы өте тар.

 Етістіктен зат атауын жасайтын жұрнақтар.

Синтетикалық тәсіл арқылы жасалатын туынды түбір атауларға етістік те негіз сөз болады, ондай туынды түбір атаулар етістік негізді туынды түбір деп аталады. Тілімізде етістік негізді туынды түбір атаулар көп. Зат есім сөзжасамының бұл өнімді жолы болып саналады, өйткені тілде етістіктен зат атауларын жасайтын жұрнақтар көп және олар түрлі мағыналы зат атауларын жасайды. Олардың негізгілері төмендегідей:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет