Тіркескен күрделі зат атаулары. Тіркескен күрделі зат атаулары деп екі не одан да көп сыңарлардан құралып, бір лексикалық мағына беретін, бір лексема қызметін атқаратын сөздер аталады. Біріккен сөздер бірге жазылса, тіркесті күрделі зат атауларының ішкі сыңарлары бөлек жазылады. Мысалы, азу тіс, ақ түйіршік, бас бармақ, жақ сүйек, желке тамыр, кәрі жілік, мүшел жас т.б.
Тіркескен күрделі зат атаулары көне кезеңдерден бастап қолданылып, қазір де сөздік қорды толықтырып келе жатыр. Аға буын, ай мүйіз, ақ бата, ақ жол, ақ тұйғын, бесік бау, ер бала, жабағы жүн, жеті қазына, жеті нан, күшік күйеу, кіндік бала сияқты тіркесті күрделі зат атаулары тілде қашаннан қолданылып келе жатса, сәулет өнері, шағын несие, азат жол, ақ түйіршік (термин), баж салығы, ғарыш айлағы (космодром), жат жазу, жол қағаз (путевка), қабылдау бөлмесі, оқу бөлімі, іс қағазы, іс бөлме сияқты тіркес-күрделі зат атаулары кейін қосылған сөздер.
Тілімізде тіркескен күрделі зат атаулары да үлкен орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |