Қосарланған күрделі атаулар. Күрделі зат атауларының қомақты тобы - қос сөздер. Күрделі сөзжасамының бір түріне жататын қосақтау тәсілі арқылы жасалған күрделі зат атауларының бір түрі қос сөздер деп аталады. Олар тілден кең орын алады. Олар – тілден көне замандардан бастау алған өте белсенді сөздер. Қос сөздерге жататын күрделі атаулар тілдің сөздік қорын үнемі толықтырып келеді. Аға-жеңге, ағайын-туған, ағайын-жекжат, ата-тек, әке-шеше, әке-баба, жетім-жесір, аға-іні сияқты туыстық атаулар; ас-дәм, ас-су, дәм-түз, қазы-қарта, құрт-май, өкпе-бауыр сияқты тамақ атаулары; ақыл-ес, ақыл-ой, ақыл-сана, арман-үміт, ар - ұждан, ар-үят, атақ-даңк, ашу-кек, ашу-зіл сияқты дерексіз зат атаулары, т.б. толып жатқан өмірдегі түрлі заттық ұғымдарды, қос сөздер білдіре береді. Қосақтау тәсілі арқылы соңғы кезде де бірсыпыра жаңа ұғымдарға атаулар жасалды: косметолог-дәрігер, мектеп-гимназия, мектеп-лицей, модельер-пішуші, суретші-модельер, эксперт-кеңесші, эксперт-маман, эксперт-сарапшы, экспресс-ақпарат т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |