№1 дәріс Тақырыбы: Экскурсияның негізгі функциялары мен белгілері Дәріс мақсаты


Туристерді объекттің қасында орналастыру



Pdf көрінісі
бет24/57
Дата21.12.2023
өлшемі1,22 Mb.
#141920
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57
3.Туристерді объекттің қасында орналастыру
. Экскурсияны дайындаған кезде 
туристердің объект қасында орналастыру әдістері қарастырылады. Сонымен бірге 
туристтердің объект қасында орналастырудың қосымша әдістері қарастырылады. Жаздың 
күні, күн қатты қызғанда, туристік топты көлеңкеге орналастыру керек. Жауын-шашын 
жауған кезде туристік топты сол объектінің қасында орналасқан, ғимараттардың немесе 
ағаштардың қасында орналастыру керек.
Кейбір экскурсияларда объект қасында бірнеше орналастыру нүктесін объектен алыс 
жерден орналастыру. Бұл әдіс объекті түбегейлі зерттеген кезде қолданылады. Туристік 
топты объектің қасына орналастырған кезде, қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Бір 
объекттің қасында бірнеше туристік топтар тұрса, олардың аралығы бір-біріне сөйлегенде, 
кедергі болмау керек. 
4.Экскурсанттардың жүрісі.
Туристер автобустан объектке бір объектіден екінші 
объектіге тек қана топпен жүреді. Бір объектіден екінші объектіге жүрген кезде, 
экскурсоводтың орны топтың ортасында. Экскурсияның топ созылып кетпеуі керек. 
Туристік топтың басындағы топпен аяғындағы туристердің аяғымен 5-7 метр болуы керек. 
Туристік топтың жүрісі мен жылдамдығы топ құрамына және жер бедеріне байланысты. 
Жаяу экскурсия кезінде туристік топтың жылдамдығы онша көп болмайды. Автобуспен 
экскурсия ұйымдастырған кезде топтың жылдамдығы жоғары болады. Туристік топ 
объекттің қасына барғанда экскурсанттарды сол объектті көруге өздерін жіберу керек.
5.Экскурсанттардың автобусқа қайтып келуі.
Туристік топ жүріс кезінде топтың 
бас жетекшісі экскурсовод болды. Туристер автобусқа отырған кезде экскурсовод 


автобустың қасында оң жағында тұрады. Экскурсанттар автобусқа кіріп болған соң және 
бәрі өз орнына отырып, экскурсовод бәрін санаған соң жүргізушіге белгі береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет