1-дәріс. Тақырыбы: Фонетика туралы жалпы түсінік. Фонетиканың салалары. Қазақ фонетикасының зерттелуі 1


-дәріс. Дауысты дыбыстар және оны оқыту



бет7/20
Дата02.10.2023
өлшемі100,31 Kb.
#112449
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ

6-дәріс. Дауысты дыбыстар және оны оқыту
Қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар акустикалық және артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай төмендегідей жіктеледі:
Тілдің қатысына қарай:
1. Жуан (гуттурал) дауыстылар: а, о, ұ, ы, у;
2. Жіңішке (палатал) дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, у, и.
Жуан дауыстыларды айтқанда, жіңішкелермен салыстырғанда, тіл сәл артқа қарай тартылады, ортасы көтеріліңкірейді, жіңішкелерді айтқанда тіл сәл ілгері жылжиды. Бұған көз жеткізу үшін дауыстылардың жуан және жіңішке сыңарларын (а//ә, о//ө, ұ//ү, ы//і) қатар айтып көруге болады. Дауыстылардың тіл қатысына қарай жіктелуін дұрыс меңгеру тіліміздегі сингармонизмді түсінуге мүмкіндік жасайды. Тіліміздегі сөздердің бірыңғай жуан, не жіңішке буынды болып келуі тілдің қалпымен байланысты.
Еріннің қатысына қарай:
1. Еріндік (лабиал) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сүйірленеді де, езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа қарай тартылып, езу жиырылады. Еріндік дауыстыларды жақсы білу тіліміздің ерін үндестігін тануға көмектеседі.
Жақтың қатысына қарай:
1. Ашық дауыстылар: а, ә, ө, о, е;
2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
Ашық дауыстыларды айтқанда үстіңгі жақ қозғалмай, астыңғы жақ барынша төмен түседі де, қысаңдарды айтқанда бір-біріне жуықтай түседі. Алайда ауаның еркін шығуына кедергі жасамайды.
Қазақ тіліндегі дыбыстардың жаққа қатысын зерттей келе, С.Мырзабеков былайша жіктейді:
1. Ашық дауыстылар: а, ә;
2. Жартылай ашық: ө, о, е;
3. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у [22].
Ал о, ө, е дауыстыларын зерттеуші ғалым Ә. Жүнісбеков ашыққа да, қысаңға да қоспай, өз алдына дифтонг дыбыстар деп бөліп қарайды. Тілші еңбегінде и= й+і (йі), о= у+ұ (уұ), ө= у+ү (уү) деп, әнтек айтылатын й, у дыбыстарының күші 40% болатынын эксперимент жолымен дәлелденеді (10).
Дауысты фонемалар бір буынды түбірде, сонымен қатар көп буынды сөздің бас (бірінші) буынында фонемалық мәні айқын да тұрақты көрінеді. Ал сөздің екінші буынынан бастап олардың фонемалық күші әлсірей береді. Бұл өзі екінші буыннан бастап кейбір фонемалардың таңбаларын алмастырып жазуға жол береді. Мысалы: өлең (өлөң), өнер (өнөр), өте (өтө), үлкен (үлкөн), үкі (үкү), кітап (кітәп), мұғалім (мұғалым). Мұндай сөзді жазылуынша айту ерсі болғанмен, мағынасын түсінуге көп кедергі бола алмайды.
Дауыстылардың айтылу, жазылу ерекшеліктерін талдай келіп, жекелеген дауыстыларға мынандай мінездеме береміз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет