1-дәріс. Тақырыбы: Фонетика туралы жалпы түсінік. Фонетиканың салалары. Қазақ фонетикасының зерттелуі 1



бет6/20
Дата02.10.2023
өлшемі100,31 Kb.
#112449
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ

Бірмәнді әріптерге а, ә, б, г, ғ, д, е, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, ұ, ү, ш, ы, і әріптері жатады, бұлар мағынаайырымдық қызметі бар фонемаларды және олардың дыбыстық мәнін білдіреді және «бір әріп – бір фонема» формуласына сәйкес келеді.
Көпмәнді әріптерге: әліпбидегі и, у, щ, ю, я әріптері жатады.
и ═ <ы> + <й> [жыйнақ] жинақ; <і> + <й> [кійім] киім т.б.
щ ═ <ш> + <ш>[тұшшы] тұщы т.б.
ю ═ <ы> + <й>+ <у> [түйүу] түют.б.
я ═ <ы> + <й>+ <а> [ыйағный] яғни ; <ы> + <й>+ <ә> [ыйәкій] яки т.б. Әріптердің фонемалық, дыбыстық мәндері және жазылымы жөнінде төмендегі №1 кестені қараңыз.


  1. Кесте 1.

  2. Әріп – фонема – дыбыс арқатынастары


әріп

фонема

әріптің дыбыстық мәні

дыбысталымы

жазылымы

а
ә


б
в
г
ғ
д
е


ё
ж
з
и


й
к
қ
л
м


н
ң
о


ө


п
р


с
т
у
ұ


ү


ф
х
һ
ц
ч
ш
щ
ы


і


ъ
ь
э


я
ю



<а>
<ә>


<б>
<б>-ның түрленімі


<г>
<ғ>
<д>
<е>


<й> + <о>
<ж>
<з>
<ы>+<й>
<і>+<й>
<й>
<к>
<қ>
<л>
<м>


<н>
<ң>
<о>


<ө>


<п>
<р>


<с>
<т>
<у>


<ұ>+ <у>


<ү>+ <у>
<ұ>


<ү>


<п>-ның түрленімі


<қ>-ның түрленімі


<қ>-ның түрленімі

фонемалық мәні жоқ




<ш>-ның түрленімі


<ш>
<ш> + <ш>
<ы>


<і>

фонемалық мәні жоқ


фонемалық мәні жоқ




<е>


<ы> +<й> + <а>
<й> + <а>
<і> + <й> + <ә>
<й> + <а>


<ы> + <й> + <у>
<й> + <і> + <у>

[a]
[ә]

[б]
[б′]


[б˚]
[б˚′]

[б]
[б′]


[г′]
[г˚′]


[ғ]
[ғ˚]


[д]
[д′]


[д˚]
[д˚′]

[егін ]

[йо ]
[ж]
[ж′]
[ж˚]
[ж˚′]
[з]
[з′]
[з˚]
[з˚′]

[ый]
[ій]


[й]
[й′]

[к′]
[к˚′]


[қ]
[қ˚]


[л]
[л′]


[л˚]
[л˚′]

[м]
[м′]


[м˚]
[м˚′]

[н]
[н′]


[н˚]
[н˚′]

[ң]
[ң′]


[ң˚]
[ң˚′]

[о]

[ө]

[п]
[п′]


[п˚]
[п˚′]

[р]
[р′]


[р˚]
[р˚′]

[c]
[c′]


[c˚]
[c˚′]

[т]
[т′]


[т˚]
[т˚′]

[у]
[у′]


[у]
[у˚]
[у˚′]
[ұ]

[ү]

[фы]
[фі]

[х]
[х′]


[х′]
[х˚]

[қ]
[с′]


[ш]
[ш]
[ш′]
[ш˚]
[ш˚′]

[ш + ш]


[ш′ + ш′]

[ы]

[і]

дыбыстық мәні жоқ


дыбыстық мәні жоқ


[е]

[ыйа]
[йа]
[ійә]
[йә]

[ыұу]
[йүу]



[адал]
[ән′ш′і]

[бала]
[б′ел′г′і]


[б˚ол˚ат]
[б˚′өл˚′үк]

[багон]
[бе′ле′се′бет′]


[ег′іс′]
[г˚′үл˚′дө]


[ғалам]
[то˚ғ˚ұс]


[дала]
[д′ер′ек′]


[д˚оп˚]
[д˚′өп˚′]

[ег′ін′]

[йолка ]
[жыл]
[ж′ең′іс′]
[ж˚ол˚ұқ˚]
[ж˚′өн˚′д˚′і]
[залал]
[з′ей′ін′]
[з˚ор˚л˚ұқ˚]
[з˚′үм˚′үр˚′т]
[қыйа]
[тійек]
[ай]
[к′ей′ін′]

[к′ел′]
[к˚′өл˚′]


[қал]
[қ˚ол˚ұм˚]


[ылашын]
[іл′ез′д′е]


[ұл˚ұқ˚]
[үл˚′өк˚′]

[мақсат]
[мі′н′д′ет′]


[мо˚лш˚ұл˚]
[мүл˚′үк˚′]
[намыс]
[н′ек′е]
[н˚оқат]
[н˚′өс˚′өр˚′]

[таң]
[т′ең′]


[т˚оң˚]
[т˚′үң˚′үл˚′]

[отан]

[өл˚′к˚′ө]

[парақ]
[п′ен′д′е]


[т˚оп˚ұр˚]
[к˚′өп˚′үр˚′]

[ырауан]
[ір′ең′]


[т˚ор˚ұ]
[к˚′өр˚′үк˚′]
[сары]
[с′ер′ік′ ]
ооротаң]
[с˚′өн˚′]

[тасты]
[т′ер′і]


оосоүно ]
[төр˚′к˚′үн˚′ ]

[тау]
[д′еу′]


[ұуақыт]
оұума ]
[с˚′үур˚′өт˚′ ]
[ұс˚′та]

[үн˚′]

[фазыл]
[фәній]

[хабар]


[х′äз′ір′ет′]
[х′ій′кі′м′ет]
[х˚ұусныйхат]

[жійһ′äн′г′ез′]


[с′ійр′ік′]
[шапайып]
[шаруа]
[ш′ер′ік′ ]
оло ұу]
[ш˚′өл˚′ ]

[ашшы]
[кеш′ ш′ е]


[ырыс]

[іш′ік′]

[объек′т′ге]


[ст′ій′л′г′е]
[ел′ек′т′ір′]

[ыйағный]


[тайа]
[ійәкій]
[шәйә]
[қойұу]
[түйүу]

адал
әнші


бала
белгі
болат
бөлік


вагон
велосипет


егіс
гүлде


ғалам
тоғыс


дала
дерек
доп
дөп


егін


ёлка
жыл
жеңіс
жолық
жөнді
залал
зейін
зорлық
зүмірт
қия
тиек
ай
кейін


кел
көл


қал
қолым


лашын
лезде
ұлық
үлек


мақсат
міндет
молшыл
мүлік
намыс
неке
ноқат
нөсер


таң
тең
тоң
түңіл


отан


өлке


парақ
пенде
топыр
көпір


рауан
рең
торы
көрік
cары
сортаң
серік
сөн


тасты
тосын
тері
төркін


тау
деу
уақыт
тума
сурет
ұста


үн


фазыл
фәни


хабар
хазірет
хикімет
хұснихат


жиһангез
цирк
Чапаев
шаруа
шолу
шерік
шөл


ащы
кеще


ырыс


ішік


объектіге
стильге
электр


яғни
тая
яки
шая


қою
түю



Фонологияның негізгі бірліктері. Фонетика және фонологиялық талдау түрлері, айырмашылықтары мен ортақ тұстарын оқыту әдістемесі


5 дәріс. Фонологияның негізгі бірліктері. Фонетика және фонологиялық талдау түрлері, айырмашылықтары мен ортақ тұстарын оқыту әдістемесі


Инвариант фонема,


Вариант фонема
Вариация


тас дегендегі [с] индивидтің, тілдік ұжымның психикалық санасындағы осы дауыссыздың дыбыстық образына сәйкес келсе, та[с]ша дегендегі <с> көршілес [ш]-ның әсерінен түрленіп [ш] түрінде айтылады. Сөйтіп, психикадағы, яғни парадигмадағы шана дегендегі өзге бір [ш]-ның дыбыстық образына сәйкес келеді. МФМ өкілдері психикадағы, яғни парадигмадағы фонемаларды инвариант, ал инварианттың синтагмалық қатынасқа түскендегі, парадигмадағы өзге бір дыбысқа ұқсап кететін түрленімін вариант деп атайды. Мысалы, кө[з] дегендегі <з> парадигмадағы инвариант <з>, ал синтагмалық қатынасқа түскенде бұл <з>, әлсіз позицияда [с] түрінде дыбысталады. [к01өс01с01үз] (көзсіз), сөйтіп, ол сөн дегендегі инвариант <с>-ның әлді позициядағы репрезентантына сәйкес келеді.
Фонема теориясы бойынша әр фонема-инварианттың дыбыс шоғыры болады. Ол шоғыр инварианттың синтагмалық қатынасқа түскендей әртүрлі дыбыстық қоршауына (позицияға) байланысты түзіледі. Мысалы, <з> фонема-инварианттың әлсіз позицияда [ж], [ш:], [с] түріндегі варианттары бар. Осы фонеманың жалпы әлді және әлсіз позицияларда әзірге бізге белгілі 16 дыбыстық репрезентанты бар. Ал осы дыбыстық репрезентанттар инвариант фонеманың дыбыс шоғырын (қорын) құрайды.

[з] [зат] зат

0] [з0ор0] зор

1] [з1 ер1] зер
[з] [з 01] [т01 өз 01] төз


<з> [ж] [ж] [қажжұуа] қаз жуа
0] [бож0 ж0 ор0 ға] боз жорға
1] [т1еж1 ж1 ет1] тез жет
01] [к01 өж01 ж01 ақсы] көз жақсы
[ш] [ш] [жашшықты] жаз шықты
0] [с0 ош0 ш0 ы] созшы
1] [с1 әб1 іш1ш1өп] сәбізшөп
01] [т01 өш01ш1 і] төзші
[с]
[c] [жассын] жазсын
0] [с0 ос0 сұн0] созсын
1] [бес1 с1 із1] безсіз
01] [к01өс01 c01 үз01] көзсіз
Осы кезге дейін орфоэпиялық норманың тілдік базасы ретінде фонема-инварианттың әлсіз позициядағы дыбыстық өзгерісі, яғни варианттар негізге алынды: [ағалма] ақ алма, [ақпілек] ақ білек т.б.
Алайда фонема теориясы бойынша инвариант-фонеманың әлсіз позициядағы дыбыстық өзгерісі, осы көрсеткендегідей тек в а р и а н т түрінде ғана жүзеге аспайды, оның в а р и а ц и я деп аталатын түрленімі де болады.
Парадигмадағы фонемалардың қайсыбірі (инвариант-фонемалар) синтагмалық қатынасқа (көлбеу шынжыр қатар тізбекке) түскенде, олар сол тілдің фонологиялық парадигмасында жоқ өзгеше бір дыбыстық реңкте материалданады. Мысалы: [атцыз] атсыз, [қатчы] хатшы, [авай-вол] абай бол т.б.
Парадигмадағы фонеманың синтагмалық қатынасқа түскенде, сол тілдің фонологиялық парадигмасында жоқ өзгеше бір дыбыстық реңкте объективтенуі вариация деп аталады.
[атцыз], [қатчы], [авай вол] т.б. дегендегі [ц], [ч], [в] қазақ тілінің фонологиялық парадигмасында жоқ. Біз бұл жерде дыбыстық өзгерістерді жуық шамамен ц, ч, в таңбаларымен беріп отырмыз. Алайда бұлар дәлме-дәл орыс тіліндегідей дыбысталады деп түсінбеу керек.
Қазіргі орфоэпияда инвариант фонемалардың вариант түрі едәуір жүйеленді, оның вариация түрін зерттеу енді-енді қолға алынып, Ә.Жүнісбековтің басқаруымен шыққан «Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігінде» біралуан вариациялар көрсетілді [164].
Қазақ фонетикасында фонемалардың вариант, вариация түрлерін және оларды белгілі бір фонемалардың дыбыс қорын (шоғырын) құрайтын ерекше түзілім ретінде алудың жоғары мектеп оқулықтары, оқу құралдарына, бағдарламаларына енгізіп, орфоэпиялық сөздікте, анықтағыштарда көрсетіп, сөз фонетикасының құрылымы ретінде танудың теориялық әрі практикалық мәні айрықша болмақ.
Орфоэпиялық норманы кодификациялаушылар осы кезге дейін көбіне варианттарды көрсетумен шектелді, өйткені МФМ-інің дәйекті ілімін ұстанып жүрген фонолог М.Жүсіповтің зерттеулері қозғау салғанға дейін қазақ фонологиясында инвариант, вариант, вариация позицияның түрлері мен типтері туралы ұғымдар ғылыми айналымға ене қойған жоқ болатын.
Алайда вариация деп арнайы атамаса да, кейбір тілдік фактілер зерттеу материалдарында көрсетіліп отырды. Мысалы, сөздің ұшар басында о, ө дауыстыларының алдында ілеспе [у]-дың естілетініне Н.И.Ильминский назар аударып, Р.Сыздықова отан, отын, орын т.б. сөздердің қосамжар [у]-мен [уот0ан] түрінде айтылатынын норма ретінде атап көрсетті.
Сондай-ақ ет, ешкі тәрізді сөздерде <е>-нің [je] түріндегі; екі дауысты аралығында <б>-ның ерін жуысыңқысы [б0] түріндегі айтылатыны жөнінде І.Кеңесбаев [3], Р.Сыздықова [18], Ә.Жүнісбеков [21], А.Айғабылов [23] т.б. зерттеушілердің тұжырымдары мен пікірлері бар.
Аталмыш құбылыстар М.Дүйсебаеваның [165] Х.Неталиеваның [166] орфоэпиялық сөздіктерінде және Р.Сыздықованың «Сөз сазы» анықтағышында кодификацияланған норма ретінде тіркелді [18].
Морфонологиялық құбылыстарға жататын өзгерістерді фонетикалық құбылыстардан ажырата қарау (Е.Қажыбек [22], А.Айғабылов [23]), фонетикалық өзгерістердің өзін вариант, вариацияға саралау (М.Жүсіпов [24]), фонемалардың дыбыстық қорын айқындау т.б. тәрізді зерттеулердің орфоэпиялық, орфографиялық нормаларды кодификациялауда мәні айрықша болды деуге болады.
Алайда айтылу, жазылу нормасы даулы көрінетін немесе қалыптасқан, дәстүрге айналып қалыптасқан нормаларды, кодификацияланған нормаларды қайта қарау жөнінде сын-пікірлер айтатын «оппоненттер» көбейді. Мұның өзі сол айтылған даулы мәселелерге азды-көпті тоқталуды қажет етеді.
Қазақ орфографиясында жуан/жіңішке жазылуы даулы көрінетін шай/шәй; жай/жәй тәрізді сөздер бар: қайтіп, қасиет, мұғалім, кітап, қадір, қазір, қанден, қабір, қауіп, қасиет, т.б.
Осы тәрізді сөздерді неге бірыңғай жуан, бірыңғай жіңішке түрде жазып, үндестік заңын сақтамаймыз, орфографиялық сөздік үндестік заңын бұзып отыр дегендей сыңай танытатын мақалалар жарық көріп жатады. Әрине, мәселенің байыбына бармай сөздердің шай, жай=, т.б. жазылуын орфографиялық сөздік дұрыс көрсетпей отыр, мұндай сөздер шәй, шәй=, жәй=, жәй деп жазылуға тиіс деп ақыл айтқан болады.
Бәлкім, осыларды сынаушылар айтқандай үндестікке бағындырған болып, қайтып (қайтып айтайын), кәсиет, мұғалым, кітәп, қадыр, қазыр, кәнден, қабыр, қауып (қауып төнген жоқ), қауыпсыз, қауыпты, қауыпсыздық деп жазуға болар. Алайда мұндай сөздердің саны бұл көрсетілген сөздермен шектелмейді. Мысалы, құдірет сөзін күдірет/құдырат, тақсірет сөзін тәксірет, харакет сөзін кәрекет, ақырет дегенді әкірет/ақырат, рақымет, қасірет сөздерін рақымат, кәсірет, Ақыметті Ақымат деуге болмайды. Бұлай деу тілдік базада жоқ. Сондай-ақ шай, жай, шай- сөздерінің қара басын шәй, жәй, шәй- деп жазуға болар-ау, бірақ шайға шақыр, шайлық пұл дегенді шәйге шақыр, шәйлік пүл, кірді шайқа дегенді кірді шәйке демесі бәрімізге аян. Бар байлығым, бір шайлығым деген мәтелдегі байлығым, шайлығым – жуан түрде ұйқасып тұрған сөздер.
Шынында, «бейүндес сөздер» деп аталған бұл құбылыс фонологиялық тұрғыдан арнайы қарастыруды қажет етеді.
Алдымен жай, жай-, шай, шай- сөздерінің дыбысталуы жайында назар аударуға тура келеді.
А.Байтұрсынұлының айтуынша, дауыссыздардың жуан/жіңішкелік сипаты дауыстылардың ырқында болады. Мысалы: [таң], [т`ең`]. Бұл – тілдің негізгі қағидасы. Алайда аталмыш фонетикалық тәртіптен ауытқитын тілдік фактілер де кездеседі. Солардың бірі – [ш] мен [й]-дің, [ж] мен [й]-дің аралығындағы [а]-ның дауыссыздарды өз ырқына көндірмей, керісінше, солардың әсеріне ұшырап, палатизациялануы. Түркі тілдерінде кездесетін бұл құбылысқа кезінде татар ғалымы Г.Шараф көңіл бөлген екен [167].
Алайда [ж`әй`], [ш`әй`] дегендегі [ә] дауыстысын <а>-ның түрленімі емес, әуелден бар <ә>, ол «ж – й»-дің әсері емес дейтін де көзқарас бар. Мұндай көзқарасты ұстанушылар орфографияда, жай, шай деп кодификациялауды сөздікшілердің білместігі деп түсінеді және норманы қайта қарау керек деп біледі.
Әрине, бұл пікірді құптай салуға болмайды. Себебі аталмыш сөздердегі дауысты «нағыз» [ә]-нің өзі болса, осы түбірден өрбіген сөздерге қосымша неге бірыңғай бастан-аяқ жіңішке нұсқада жалғанбайды? Мысалы, шәйке, шәйкел, жәйләуге, шәйге шақыр, жәйтке деп айту тілдік базада жоқ. Бұл тұлғалардағы дауысты шын мәнінде жіңішке болса, оларға қосымша ешбір ауытқусыз-ақ бірыңғай жіңішке жалғанар еді. Оған ешбір фонетикалық кедергі жоқ. Сөздің қара басы [жәй], [шәй] деп жіңішке тұрпатта айтылғанмен, қосымшалармен түрленгенде, олардың түптұлғасы жай, шай екенін байқауға болады: шайқа, жайқал, жайлауға, шайға шақыр т.б. Бұлар – жай, шай тұлғаларының түптұлғасындағы дауыстының <а> екенін танытатын тілдік фактілер.
Әдетте фонема теориясында белгілі бір дыбыстардың орын талғайтын, орын талғамайтын жағдайларына назар аударылады. Мысалы, сөз ішіндегі кейбір «орын» <а> үшін қолайлы болса, қайсыбір орын «қолайсыз» болып келеді. Атап айтқанда, <а> фонема үшін [ж] мен [й]-дің, [ш] мен [й]-дің аралығы қолайсыз орын, сондықтан ортаға бейімделіп, реңін өзгертуге тырысады. <а> фонемасы сондықтан жай, шай сөздерінде [ә] түрінде дыбысталады. <а>-ның осындай әлсіз жағдайдағы [ә] реңкі, әлді жағдайындағы <ә>-нің ([ән`] дегендегі [ә]-нің) реңіне ұқсап кетеді. Ал фонемографиялық жазудың тәртібінде фонемалардың әлсіз жағдайдағы реңкі таңбаланбайды: шай [ш`әй`].
Сондай-ақ <а> инварианты үшін жоғарыда сөз болған қасиет, тақсірет, қауіпті, қадірлі сөздеріндегі дыбыстық жағдай қолайлы орын болып саналады. Сондықтан «ортаға» бейімделіп өзгешелеу реңк алады (палатализацияланады). Субъективті қабылдауда жуан/жіңішкелігі көмескілеу сезіледі. Жуан/жіңішкелік перцепциясы көмескілеу қасиет, тақсірет сөздерінің орфоэпиялық нормасын былайша көрсетуге болады: [тäх1с1ір1ет1], [қ1äсій1ет1]. Мұндағы [ä] – инвариант <а>-ның әлсіз жағдайдағы вариациясы.
Сөйтіп, <а> инвариант фонеманың әлсіз позицияда [ә] варианты және [ä] вариациясы бар деуге болады. Сондай-ақ <а> инвариантының әлді және әлсіз позицияда [а], [ә], [ä] реңктері түріндегі дыбыс шоғыры бар екенін байқаймыз. Оны төмендегіше көрсетуге болады:

[а] [алтын] (әлді позиция) инвариантқа сәйкес
<а> [ә [ш1 әй1 ] шай (әлсіз позиция) вариант
[ä] [тäх1сір1ет1] тақсірет (әлсіз позиция) вариация

Сонымен, қазақ тілінде шай, жай сөзіндегі дауысты іргелес дауыссыздардың әсерінен жіңішкеріп [жәй], [шәй] түрінде айтылады. Бұл құбылысқа инвариант теориясы тұрғысынан назар аударсақ, мұндағы [ә] дауыстысы әлсіз жағдайдағы (позициядағы) инвариант <а>-ның варианты болып табылады. Қазақ жазуының ұстанған принципі фонемографикалық принцип болғандықтан, фонеманың әлсіз позициядағы түрленімдері (варианттары мен вариациялары) жазуда ескерілмейді. Сондықтан сөздің жай, шай түрінде таңбалануы орфографиялық сөздік арқылы кодификацияланған.


Міне, бұл айтылғандар орфографиялық та, орфоэпиялық та нормаларға қатысты жайт. Ал нормадағы мұндай қайшылықты жайтты айқындап, кодификациялауда инвариант, вариант, вариацияға байланысты теориялық ұстанымдарға назар аудару қажет деп білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет