1-дәріс. Тақырыбы: Фонетика туралы жалпы түсінік. Фонетиканың салалары. Қазақ фонетикасының зерттелуі 1



бет3/20
Дата02.10.2023
өлшемі100,31 Kb.
#112449
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ

Анатомия – физиологиялық аспект. Адамның тілі – ең алдымен биологиялық құбылыс, яғни ол – дыбыстау органдарының, оны басқарып отырған орталық нерв жүйесінің қызметінің нәтижесі.
Сөйлеу аппараттары атқаратын қызметіне қарай актив және пассив болып екіге бөлінеді. Актив мүшелер дыбыстарды жасауға көбірек атсалысып, жиі қимыл, қозғалыс жасайды. Актив сөйлеу аппараттарына жататындар: тіл, ерін, жұмсақ таңдай, бөбешік, дауыс шымылдығы т.б. Ал пассив сөйлеу аппараттары актив мүшелерге қарағанда сирек қызмет атқарады, барлық дыбыстардың жасалуына қатыса бермейді.
Акустикалық (физикалық) аспект. Табиғаттағы сан алуан дыбыстар заттың вибрациялық қимылынан пайда болады. Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты физикалық (акустикалық) құбылысқа жатады. Күрделенген вибрациялық қимылдың нәтижесінде пайда болған дыбыстар бір-бірінен ырғағы, күші, әуені, созыңқылылығы жағынан ерекшеленеді. Тілдегі кейбір дыбыстарды аталған физикалық қасиеттері арқылы ажыратуға болады.
Дыбыстың ырғағы бір секунд ішіндегі дірілдің мөлшеріне байланысты. Діріл көбейген сайын дыбыстың ырғағы да күшейе береді. Бір секунт ішінде 16-20 000 аралығында дірілден пайда болған дыбыстар ғана құлаққа естіледі.
Дыбыс күші дірілдің қарқынымен байланысты. Діріл қарқына (амплитудасы) көбейген сайын дыбыс күші де үлкейе түседі.
Лингвистикалық (функционалды) аспект. Тілдік қарым-қатынас тек дыбыстар арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық құбылыстар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең бастысы, осы тілді адамдардың қатынас құралы дәрежісіне жеткізген оның әлеуметтік мәні. Осыдан барып дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық аспектісі келіп шығады. Мұны фонология (гр. fono – дыбыс, logos – ілім) деп те атайды. Лингвистикалық аспект дыбыстарға фонема тұрғысынан қарайды.
Дыбысты айтамыз және естиміз, ал әріпті жазамыз және көреміз. А.Байтұрсынұлы еңбегінде: «Дыбыс таңбасын қаріп деп атаймыз. Дыбыс пен қаріп екеуі екі басқа нәрсе. Біріне бірін қатыстырып, шатыстырмасқа тиіс. Дыбыс естілетін, көзге көрінбейтін нәрсе, қаріп көрінетін, естілмейтін нәрсе» деп дыбыс пен әріптің айырмасын нақтылап түсіндіреді (5). Дыбыс пен әріп бір нысанның екі түрлі қыры болғанмен, бірінен алшақтайтын тұстары да жиі кездеседі. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе (мәселен, о, ө, ұ, ү), кейде бір әріп (ё, ю, я) бірнеше дыбыстың қосындысын (йұу, йүу, йа) таңбалайды. Ал кейбір әріптердің (ь,ъ) дыбыстық мәні жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет