Ерін үндестігі. Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметіне қарай үндесіп келуін ерін үндестігі дейді. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында еріндік дауысты болса, қалған буындарында да еріндіктер тұруға тиіс. Мысалы: түйөлөрүмүздүң, көбөлөктөрдү деген сияқты. Бұлай айту, яғни ерін үндестігі алтай, қырғыз тілдеріне тән заңдылық түрінде танылады.
12. Қазақ тіліндегі графика түрлері. Графика және графема түсініктері. № 14 дәріс Орфография және орфоэпия. Орфографиялық принциптер
Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы.
Қазақ графикасының даму.
Қазақ орфографиясының қалыптасуы мен даму.
Қазақ графикасының қазіргі жағдайы.
Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы. Қазақ тілінің жазылуы мен айтылуы арасындағы алшақтықтар графиканың пайда болуымен тығыз байланысты. Сан ғасырлар бойы ауызша дамып, толығып, байып келген қазақ тілі ХХ ғасырда қоғамдық қажеттіліктен туындаған жазбаша формасының дүниеге келуімен ауызша және жазбаша формасының арасында алшақтықтар туындай бастады. Әлемдегі қай графиканы алсақ та, оның басты мақсаты тілдің табиғатын жазбаша формада дәл беру болып табылады. Осы мақсатты көздеген кез келген графика пайдалану барысында туындаған кемшіліктерді жою үшін өз тілдерінің ерекшелігене сәйкес емле ережелерін бекітеді. Бүгінгі кезге дейін қолданылып отырған сауатты жазу әрекетіміз осы қаулыға бағынып келе жатыр. Қоғам өмірінде небір күрделі де зор әлеуметтік-саяси өзгерістер болып жатқанымен, сауатты жазуға қойылатын талаптар түбегейлі өзгерістерге ұшырамауға тиіс болып келеді. Заң жүзінде болсын-болмасын қабылданған ережелерді орындап отыруға қалың жұртшылық өзін-өзі міндеттемесе, ол ережелерді әркім өзінше қолданса, ол мәдениетті жұртың, көзі ашық, жаппай сауатты елдің белгісі емес екені баршаға түсінікті де. Сондықтан да болар, күнделікті баспасөздің басым көпшілігі, оқу-ағарту орындары: мектептер мен институттар, университеттер мен ресми мекемелер күнделікті жазу тәжірибесінде қазақ тілінің 1983 жылғы соңғы бекітілген емле ережелерін, негізінен ұстанып отыр.
Халықаралық терминдер қазақ жазба тіліне ХХ ғасырдың басынан бастап молынан ене бастады. 1929 жылы араб әліпбиіне негізделген қазақтың тұңғыш жазуы тәркіленіп латынға көшкен кезде қабылданған емле ережелеріміз бойынша басқа тілден енгізілген сөздерді қазақша естілуінше, айтылуынша жазу тәртібі ұсынылды. 1929-1940 жылдарында латынша жазу кездерінде орыс тілінен енген сөздердің әрқайсысы бірнеше вариантта жазылды. Профессор Қ. Жұбановтың көрсеткеніндей коммунист деген сөз он алты түрлі болып жазылған 28,4.
Тіл мәдениеті, сөйлеу шеберлігі, жазу сауаттылығы – ұлттық мәдениеттің көрсеткіші. Ол төмен болса, қазақ тілінің де мемлекеттік дәрежесінің төмен болатыны белгілі. Бірақ егемендігімізді алдық деп, тілге де еркіндік жасап, кез келген адамның орыс тілінен енген кірме сөздерді өз еркімен аудара беруіне жол беруге болмайды. Қазір баспасөз беттерін аша қалсақ, бұрмаланған сөздер көз сүріндіретін жағдайға жеттік. Мұндай экспериментті тоқтатып, өзгертілген сөздерді келісіп отырып көңілге қонымдысын ғана алу керек. Р. Сыздықтың пікірі бойынша орыс сөздерін аударуда «көпшілік қауымға түсінікті, қолданысқа қолайлы, мағынасы дәл келетін, яғни семантикалық сыйымдылығы көтеретін қазақша баламаларды алуға болады» деген пікіріне біз де қосыламыз [29].
Сөйтіп, бүгінгі жазу мәдениетіміздің бірнеше онжылдық тәжірибесінде ойласатын, пікір алысатын, әрі қарай ғылыми негізде зерттеп, дәлелдейтін, жаңа ұсыныстар жасайтын ұсыныстар жасайтын тұстары баршылығына қарамастан, қазақ тілінің орфографиялық нормалары біршама айқындалып, көбі тұрақталып, қызмет етіп отыр. Олар емле ережелері ретінде көрсетіліп, сол ережелер бойынша орфографиялық сөздіктер ұсынылып келеді.
Орфографиялық ережелер дұрыс қабылданып, баянды нормаға айналуы үшін олар тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек. Қазақ жазуының әдепкі кездерінде әріптер дыбыстар негізінде таңбаланып, танымал болатындықтан, қазақ тілінің дыбыс ерекшеліктері алдымен көзге түсетіндіктен жазу ережелерін қабылдауда фонетикалық ерекшеліктерге көбірек көңіл бөлінді.