1 Дәріс Тақырыбы


Бұлшық еттер даму тегіне қарай



бет121/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Бұлшық еттер даму тегіне қарай: сомалық және висцеральдық болып екі топқа бөлінеді. Сомалық бұлшық еттер мезодерманың миотомынан, ал висцеральдық бұлшық еттер ұрықтың желбезек аппаратынан жетіледі.

Бұлшық еттер организмдегі атқаратын қызметіне байланысты: жазғыш(экстензор), бүккіш (флексор), жақындатқыш (аддуктор), алыстатқыш(абдуктор), көтергіш (леватор), түсіргіш (депрессор), кергіш (тензор),тарылтқыш (констриктор), кеңейткіш (дилятатор), қысқыш (сфинктер),кері тартқыш (ретрактор), айналдырғыш (ротатор) болып бөлінеді.


Айналдырғыш бұлшық еттер өз кезегінде: сыртқа айналдырғыш(супинатор) жəне ішке айнаддырғыш (пронатор) бұлшық еттерге бөлінеді.

Бұлшық еттердің көмекші мүшелері
Бұлшық еттердің жиырылып, жұмыс атқаруына жануарлар организміндекөптеген мүшелер көмектеседі. Оларды бұлшық еттердің "көмекшімүшелері" — деп атайды. Бұларға қаңқа сүйектері мен шеміршектері, тиекшесүйектер мен сүйек шығырлары, беткей жəне терең шандырлар, синовиялыжəне кілегейлі қапшықтар мен бұлшық ет сіңірлерінің қьшаптары жатады,Жануарлар тері жабынының астында, тығыз орналасқан коллаген талшықтарынан құралған дəнекер ұлпалық қабықша денені сыртынан қаптап
жатады. Бұл тығыз дəнекер ұлпалық қабықшаны беткей шандыр (fascia superficialis) — деп атайды. Беткей шандыр қаңқа сүйектерімен байланыспайды. Ол өз кезегінде екі: сыртқы жəне ішкі қабаттардан тұрады.
Бұлардың арасында қаңқа сүйектеріне байланыспаған, теріні қозғап сілкіндіретін теріасты бұлшық еттері (musculus cutaneus) орналасады.
Терең шандырлар (fascia profunda) жеке бұлшық еттерді немесе бұлшық еттер топтарын сыртынан қаптап, бұлшық еттермен бірге қаңқа сүйектеріне бекиді. Шандырлар бұлшық еттердің бір-біріне жабыспауын қамтамасыз етіп, тіректік қызмет атқарады.

Алдыңғы аяқ бұлшық еттері – musculi membri thoracici


1- Үлкен жұмыр бұлшық еті – m. teres
major
2- Иықтың үшбасты бұлшық еті -m. triceps brachii
3-Білек шандырының кергіш бұлшық еті – m. tensor fasciae antebrachii
6- Тізені бүккіш кәрі жілік бұлшық еті - m. flexor carpi radialis

8- Тізені жазғыш шынтақ бұлшық еті – m. extensor carpi ulnaris

13- Жауырын асты бұлшық еті -m. subscapularis

14-Қыралды бұлшық еті – m.supraspinatis

17-Құстұмсықты – тоқпан жілік бұлшық еті – m. coracobrachialis

18-Иықтың екібасты бұлшық еті - m. biceps brachii


Дельта тәрізді бұлшық ет – m. deltoideus

Кіші жұмыр бұлшық еті – m. teres minor

21-Тізені жазғыш кәрі жілік бұлшық еті - m. extensor carpi radialis
22-Бақайдың жалпы жазғыш бұлшық еті – m. extensor digitalis
23- Үлкен саусақтың алыстатқыш бұлшық еті – m. abductor digitalis pollicis longus

Алдыңғы аяқтың бұлшық еттері - musculi membri pelvini


1- Қырарты шұңқырының бұлшық еті – m. infraspinatus
2- Үлкен жұмыр бұлшық еті – m. teres
major
3-білек шандырының кергіш бұлшық еті- – m. tensor fasciae antebrachii
4- Иықтың үшбасты бұлшық еті, ұзын басты -m. triceps brachii
5- Иықтың үшбасты бұлшық еті, латеральды басты -m. triceps brachii
7-тізенің бүккіш шынтақ (шынтақ басы) б/е-flexor carpi ulnaris (caput ulnare)

8- Тізені жазғыш шынтақ бұлшық еті – m. extensor carpi ulnaris


9-Бақайдың бүйір жазғыш бұлшық еті – m. extensor digitalis lateralis

16- Дельта тәрізді бұлшық ет – m. deltoideus

21-Кіші жұмыр бұлшық еті – m. teres minor
Жауырын асты бұлшық еті -m. subscapularis
26- Үлкен саусақтың алыстатқыш бұлшық еті – m. abductor digitalis pollicis longus
27- Тізені жазғыш кәрі жілік бұлшық еті - m. extensor carpi radialis

Артқы аяқтың бұлшық еттері - musculi membri pelvini


2-Ортаңғы бөксе бұлшық еті – m. gluteus medius


3-Санның жалпақ шандырын кергіш бұлшық ет – m. tensor fascies latae
\4-Беткейлік бөксе бұлшық еті – m. gluteus superficialis
5-Санның екібасты бұлшық еті – m. biceps femoris
6-Жартылай сіңірлі бұлшық ет – m. semitendinosus
7-Жартылай жарғақты бұлшық ет – m. semimembranosus
8-сирақ фасциясы-fascia cruris
9-Өкше бұлшық еті – m. soleus
10- Балтыр бұлшық еті – m. gastrocnemius
11- Бақайдың ұзын жазғыш бұлшық еті – m. extensor digitalis longus
12-Үшінші шыбық бұлшық еті – m. peroneus tertius
13-Алдыңғы асықты жілік бұлшық еті – m. tibialis anterior /cranialis/
14-Бақайдың бүйір жазғыш бұлшық еті – m. extensor digitalis lateralis
15-Үлкен саусақтың бүккіш бұлшық еті – m.flexsor digiti hallucis
16-балтырдың үшбасты бұлшық еті шандыры –m.tendo tricipitis surae;
17,18,19,21,25,26- саусақтың бтілерсектіңб жіліншіктің,тұсамыстың көлденең байламдары;
28- Санның төрт басты бұлшық еті – m. quadriceps femoris



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет