1 Дәріс Тақырыбы


Қызметі. Мұрын тесіктерін кеңейтеді. 6. Жогарғы еріңді арнайы көтергіш бұлшық ет



бет23/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   159
Қызметі. Мұрын тесіктерін кеңейтеді.
6. Жогарғы еріңді арнайы көтергіш бұлшық ет (m. levator labii superioris proprius) көзжасы жəне бет сүйектерден басталып, жоғары ерінде аяқталды.
Ерекшеліктері. Жылқыда бұлшық ет көзжасы жəне бет сүйектерінен
басталып, танау тесіктерінің арқалығы арқылы жоғарғы ерінде аяқталады.
Күйіс қайтаратын жануарларда ол бет төмпегінен басталып, қаңсарда аяқталады. Шошқада бұл ет жақсы жетілген. Ол сойдақ тіс шұңқырынан басталып, танау сүйегінде аяқталады. Итте көздікасты тесікгің каудальды жиегінен басталып, мұрын қырында аяқталады.
Қызметі. Жоғарғы ерінді көтереді.
7. Жоғарғы еріңді түсіргіш бұлшық ет (m. depressor labii superioris) сойдақ тіс бұлшық етпен бірге басталып, жоғарғы ерінде аяқталады.
Ерекшеліктері. Бұл бұлшық ет жылқыда болмайды.
Қызметі. Жоғарғы ерінді төмен тартады.
8.Төменгі ерінді түсіргіш бұлшық ет (m. depressor labii inferioris) ұрт бұлшық етімен бірге басталып, төменгі ерінде аяқталады.
Ерекшеліктері. Итте болмайды.
Қызметі. Төменгі ерінді томен тартып түсіреді.
Шайнау бұлшық еттері
1. Үлкен шайнау бұлшық еті (m. masseter) бет доғасы мен бет қырынан (төмпегінен) басталып, төменгі жақ сүйектің аттас ойысында аяқталады.
Еттің беткей қабаты бет қырынан, ал терең қабаты бет доғасынан басталып, төменгі жақ сүйектің үлкен шайнау бұлшық ет шұңқырында аяқталады.

2. Қанатша бұлшық ет (m. pterygoideus) тандай жəне қанатша сүйектер мен сынаша сүйектің қанатша өсіндісінен басталып, төменгі жақ сүйектің аттас ойысында аяқталады. Ол екі: латеральды __________жəне медиальды бөліктерден тұрады.
3. Самай бұлшық еті (m. temporalis) самай шұңқырының жиегінен басталып, төменгі жақ сүйек бұтағының бұлшық ет өсіндісінде аяқталады.
4. Қос құрсақты бұлшық ет (m. digastricus) шүйде сүйектің мойындырық өсіндісінен басталып, төменгі жақ сүйектің вентральды жиегінде аяқталады.

Тулға бұлшық еттері және шандырлар
Тері бұлшық еттері дене шандырлары (фасция) және иық белдеуінің бұлшық еттері
Терінің мойын бұлшық еті-muscilus /m./ сutаnеus соlli; терінің жауырын-иық бұлшық еті-m. сutаnеus оmobrachialis; және кеуде-құрсақ бұлшық еті-m.Сutaneus trunci-алғашқы екеуі қара малда нашар жетілген, ал соңғысы жақсы дамыған. Аталған бұлшық еттер теріні сілкіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет