Бұлшық еттер организмдегі атқаратын қызметіне байланысты: жазғыш, бүккіш, жақындатқыш, алыстатқыш, көтергіш, түсіргіш, кергіш, тарлтқыш, кеңейткіш, қысқыш, кері тартқыш, айналдырғыш, болып бөлінеді. Айналдырғыш бұлшық еттер өз кезегінде: сыртқа айналдырғыш және ішке айналдырғыш бұлшық еттерге бөлінеді.
Бұлшық еттердің көмекші мүшелері. Бұшық еттердің жиырылып, жұмыс атқаруына жануарлар организмінде көптеген мүшелер көмектеседі. Оларды бұлшық еттердің көмекші мүшелері деп атайды. Бұларға қаңқа сүйектері мен шеміршектері, тиекше сүйектер мен сүйек шығырлары, беткей және терең шандырлар, синовиялы және кілегейлі қапшықтар мен бұлшық ет сіңірлерінің қынаптары жатады. Жануарлар тері жабынының астында, тығыз орналасқан коллаген талшықтарынан құралған дәнекер ұлпалық қабықша денені сыртынан қаптап тұрады. Бұл тығыз дәнекер ұлпалық қабықшаны беткей шандыр деп атайды. Беткей шандыр қаңқа сүйектерімен байланыспайды. Ол өз кезегінде екі: сыртқы және ішкі қабаттардан тұрады. Бұлардың арасында қаңқа сүйектеріне байланыспаған, теріні қозғап сілкіндіретін тері асты бұлшық еттері орналасады. Терең шандырлар жеке бұлшық еттерді немесе бұлшық еттер топтарын сыртынан қаптап, бұлшық еттермен бірге қаңқа сүйектеріне бекиді. Шандырлар бұлшық еттердің бір біріне жабыспауын қамтамасыз етіп, тіректік қызмет атқарады.
Бұлшық еттер даму тегіне қарай: сомалық және висцеральдық болып екі топқа бөлінеді. Сомалық бұлшық еттер мезодерманың миотомынан, ал висцеральдық бұлшық еттер ұрықтың желбезек аппаратынан жетіледі.
Бұлшық еттер организмдегі атқаратын қызметіне байланысты: жазғыш(экстензор), бүккіш (флексор), жақындатқыш (аддуктор), алыстатқыш(абдуктор), көтергіш (леватор), түсіргіш (депрессор), кергіш (тензор),тарылтқыш (констриктор), кеңейткіш (дилятатор), қысқыш (сфинктер),кері тартқыш (ретрактор), айналдырғыш (ротатор) болып бөлінеді.
Айналдырғыш бұлшық еттер өз кезегінде: сыртқа айналдырғыш(супинатор) жəне ішке айнаддырғыш (пронатор) бұлшық еттерге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |