Бұлшық еттердің көмекші мүшелері
Бұлшық еттердің жиырылып, жұмыс атқаруына жануарлар организміндекөптеген мүшелер көмектеседі. Оларды бұлшық еттердің "көмекшімүшелері" — деп атайды. Бұларға қаңқа сүйектері мен шеміршектері, тиекшесүйектер мен сүйек шығырлары, беткей жəне терең шандырлар, синовиялыжəне кілегейлі қапшықтар мен бұлшық ет сіңірлерінің қьшаптары жатады,Жануарлар тері жабынының астында, тығыз орналасқан коллаген талшықтарынан құралған дəнекер ұлпалық қабықша денені сыртынан қаптап
жатады. Бұл тығыз дəнекер ұлпалық қабықшаны беткей шандыр (fascia superficialis) — деп атайды. Беткей шандыр қаңқа сүйектерімен байланыспайды. Ол өз кезегінде екі: сыртқы жəне ішкі қабаттардан тұрады.
Бұлардың арасында қаңқа сүйектеріне байланыспаған, теріні қозғап сілкіндіретін теріасты бұлшық еттері (musculus cutaneus) орналасады.
Терең шандырлар (fascia profunda) жеке бұлшық еттерді немесе бұлшық еттер топтарын сыртынан қаптап, бұлшық еттермен бірге қаңқа сүйектеріне бекиді. Шандырлар бұлшық еттердің бір-біріне жабыспауын қамтамасыз етіп, тіректік қызмет атқарады.
Бұлшық еттер даму тегіне қарай: сомалық (денелік) жəне, висцеральдық (іштік) болып екі топқа бөлінеді. Сомалық бұлшық еттер мезодерманың миотомынан, ал висцеральдық бұлшық еттер ұрықтың желбезек аппаратынан дамып жетіледі.
Дене (сомалық) бұлшық еттерінің болінуі
Жануарлар денесіндегі бұлшық еттер қаңқадағы орналасу орындарына сəйкес: біліктік қаңқаның жəне аяқтардың бұлшық еттері болып үлкен екі топқа бөлінеді.
Біліктік қаңқаның бұлшық еттері өз кезегінде: бастың, тұлғаның жəне құйрықтың бұлшық еттер топтарына болінеді. Тұлғаның бұлшық еттері төрт бұлшық еттер топтарына бөлінеді. Олар: І.Иық белдеуінің бұлшық еттері
немесе алдыңғы аяқты тұлға мен бас аумақтарына бекітетін бұлшық еттер;
2.Омыртқа бағанының бұлшық еттері;
3. Көкірек керегесінің бұлшық еттері;
4.Құрсақ қабырғасының бұлшық еттері.
Аяқтардың бұлшық еттерін алдыңғы аяқтың жəне артқы аяқтың бұлшық еттеріне бөледі. Алдыңғы аяқтың бұлшық еттері өз кезегінде: 1. Иық буыньшың, 2. Шынтақ __________буынының,
3. Тізе буынының жəне
4. Бақай буындарының бұлшық еттеріне бөлінеді. Артқы аяқтың бұлшық еттерін:
1.Жамбас-ортан жілік буынының,
2.Тобық буынының,
3. Тілерсек буыныныңжəне 4. Бақай буындарының бұлшық еттеріне бөледі.
Қызметіне байланысты бастың бұлшық еттері: бет жəне шайнау бұлшық еттер топтарына бөлінеді. Бет немесе мимиқалық бұлшық еттер бір ұшымен бассүйектің бет бөлімінің қозғалмайтын сүйектеріне бекиді. Ал екінші ұшымен бас аумағындағы табиғи тесіктер (ауыз саңылауы, мұрын тесіктері,көз, сыртқы есту жолы) қабырғаларындағы қозғалмалы бұлшық еттер мен теріде аяқталады. Шайнау бұлшық еттері екі ұшымен бассүйектің
қозғалмалы сүйектеріне бекіп, жоғарғы жақ пен төмегі жақ сүйектерін қозғалысқа келтіріп, шайнау қызметін іс жүзіне асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |