Ерекшеліктері. Жылқыда күрек тіс бүртігі тек жас құлындарда ғана жақсы байқалады. Тандай білеуліктерінің пішіні доға тəріздес болып келеді.
Саны 16-18. Кілегейлі қабық астында өте жақсы жетілген көктамыр (вена) торабы (plexus venosus palatinus) болады. Сиыр таңдайында 15-20 шақты таңдай білеуліктері көрінеді. Олардың алғашқы он екісінде жиектері артқа қарай бағытталған өткір тісті қырлары болады. Негізгі білеуліктер аралығында ұсақ білеуліктер де кездеседі. Соңғы 3-6 -ншы білеуліктердің қырлары тегістеу келеді. Қатты тандайдың кілегейлі қабығы астында кілегей бөлетін таңдай бездері (gl. palatinae) бар. Күрек тіс бүртігінің алдында қалындау келген тіс жастығын (pulvinus dentalis) байқауға болады. Қойдың қатты таңдайында 14, ал ешкіде 12 таңдай білеуліктері орналасады.
Шошқада20 - 22 таңдай білеуліктері бар. Қатты таңдайдың кілегейлі қабығында жекеленген лимфа бадамшалары жақсы жетілген. Итте 6-9 таңдай білеуліктері болады. Олардың пішіні дога тəрізденіп келеді.
Жұмсақ тандай(мягкое небо) — palatum molle — немесе тандай шымылдығы (небная занавеска) — velum palatinum — қатты таңдайдың артқа қарай жалғасы. Оның негізін таңдай сүйектен басталатын таңдай бұлшық еті (m palatinus) құрайды. Жұмсақ таңдай ауыз қуысын
жұтқыншақтан бөліп тұрады, оның ауыз жəне жұтқыншақ беттері болады.
Жұмсақ таңдайдың жоғарғы беті мұрын қуысына тəн кілегейлі қабықпен, ал төменгі беті ауыз куысына тəн кілегейлі қабықпен қапталған. Жұмсақ таңдайдың артқы жағындағы бос иілген жиегін таддай доғасы — деп атайды. Ол екі бүйірінен жұтқыншаққа ауысып, оң жəне сол тандай- жұтқыншақ догаларын түзеді. Таңдай доғасы мен тіл түбірінің аралығында, ауыз қуысын жұтқыншақпен жалғастыратын ауыздың шығаберіс тесігі (есін) жатады. Таңдай шымылдығының кілегейлі қабығы, тіл түбіріне қарай өтіп, тіл денесінің тұсында тандай-тіл доғасын түзеді.
Осы доғаның артқы жағында жəне тіл түбірінің екі бүйірінде таңдай бадамшалары (tonsilla palatina) орналасады.
Жұмсақ тандайдың ауыз қуысына қараған бетінің кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен қапталған. Онда кілегей бөлетін таңдай бездері (gl. palatinae) болады. Ал жұмсақ тандайдың мұрын-жұтқыншақ (аңқа) бетіндегі кілегейлі қабық бірқабатты көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған.