1 Дәріс Тақырыбы



бет57/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Ерекшеліктері. Жылқы тілінің сілекей бездері сірлі-кілегейлі сілекей бөледі. Тілде бір жұп қорғанша емізікше, кейде үшінші тақ емізікше де
кездеседі. Конусша емізікше болмайды. Күйіс қайтаратын жануарлар
тілінің жоғарғы арқа бетінде тіл жастығы (torus linguae) болады. Олардың
тілдерінің ұштары үшкірлеу болып келеді. Тілдің кілегейлі қабығында
пигментті аймақтар көрінеді. Бұларда конусша емізікшелер жақсы жетілген,
қорғанша емізікшелердің саны тілдің бір жақ жартысында: сиырда — 8-7
(21), қойда — 18-28, ешкіде -11-18 -ден болады. Жапырақша емізікшелер
болмайды. Шошқаның тілі жіңішке, ұзын, үшкір болып келеді. Оның
дорсальды бетінде бір жұп қорғанша емізікше орналасады. Тілдің вентральды бетіндегі кілегейлі қабықастында тіл шеміршегі болады. Ит тілінің пішіні жалпақ, жіңішке жəне ұзын болып келеді. Оның дорсальды бетімен тілдің орталық сайы (sulcus medianus linguae) өтеді. Қорғанша емізікшелердің саны 2-3 жұп. Тіл ұшының төменгі бетіндегі кілегейлі қабық астында ұршық пішіндес тіл шеміршегі болады. Ол ыстық күндері ауыздан салаңдаған тілді ұстап тұрады. Тілдің сілекей безі кілегейлі сөл бөледі.
ҚАРЫН
Қарын (желудок) — ventriculus s. gaster — азық қорыту түтігінің қапшық тəрізді кеңейген болігі. Ол сол бөлу, механикалық (азықты қозғау, араластыру, сығу) жəне биологиялық (микроорганизмдердің комегімен көп болімді қарынның алдыңғы болімдерінде) өңдеу, қорыту (сол құрамындағы ферменттердің қатысуымен күрделі органикалық заттарды белоктарды қарапайым құрамына ыдырату), қорытылған қоректік заттарды сіңіру,
ыдырау өнімдерін бөлу (экскреция) қызметтерін атқарады.
Қарын болімдерінің санына байланысты: бір болімді жəне көп болімді қарын болып екі топқа, ал кілегейлі қабығының құрылысына сəйкес: безсіз, безді жəне безсіз-безді немесе аралас қарын болып үш топқа болінеді.
БІР БӨЛІМДІ ҚАРЫН
Бір бөлімді қарын құрсақ куысыңда, көкеттен кейін көлденеңінен орналасады. Қарынның сол жақ ұшына өңеш тесігі ашылады. Жүрекке (kardia) жақын жатқандықтан, қарынның сол жақ бөлігін кардиальды бөлік — деп атайды. Қарынның оң жақ ұшынан он екі елі ішек шығатын шекарада, қарын жынын ішекке мөлшерлеп шығарып тұратын қақпақша (pylorus) болады. Қарынның ішекке шығаберіс бөлігін қақпакщалық (пилорустык)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет