1 Дәріс Тақырыбы



бет94/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Жүрек және оның құрылысы. Жүрек (сердце) – грек. cardia, лат. cor - жануарлар организміндегі ішкі орта сұйық ұлпаларын қозғалысқа келтіретін орталық мүше. Ол көкірек қуысында, екі өкпенің аралығында солға қарай ығыса орналасады. Жүректің пішіні конус тәрізді. Оның жоғарғы жүрек табаны (негізі) - basis cordis - бірінші қабырғаның орта тұсында, немесе иық буынының деңгейінде, ал төменгі жүрек ұшы (apex cordis) сол жақтағы 5-6 қабырғааралық кеңістікте, төссүйекке жақын орналасады. Жүректің алдыңғы дөңестеу жиегі үшінші, артқы жиегі алтыншы қабырғалар бойымен өтеді. Жүрек – төрт бөлімнен тұратын етті-қуысты мүше. Оның қабырғасы үш: ішкі – эндокард, ортаңғы - миокард, сыртқы - эпикард қабықтардан құралған. Жүректің сыртқы бетіндегі табанынан ұшына қарай ұзынынан өтетін оң және сол қарама-қарсы жақтарындағы ұзынша сайлар (sulcus longitudinale dexter et sinister) мен сол сайлар тұсында орналасқан ішкі ет перде жүрек қуысын: оң және сол бөліктерге бөледі. Бұл бөліктер жоғарғы жүрекшелерден (atrium cordis) және төменгі қарыншалардан (ventriculus cordis) тұрады. Жүрекшелер қабырғаларынан сыртқа қарай қапшық тәрізді жүрекше құлақшалары (auricular atrii dextra et sinistra) шығып тұрады. Әр бөліктегі жүрекше мен қарынша қуыстары бір-бірімен өзара оң және сол жүрекше-қарыншааралық (атрио-вентрикулары) тесіктер (ostium atrio-ventricularis) арқылы қатысады. Аталған тесіктер жүректегі қанды жүрекше қуысынан қарынша қуысына қарай бір бағытта ғана ағызатын қақпақшаоармен (клапандар) жабдықталған. Оң жүрекше-қарыншааралық тесікте – оң атрио-вентрикулары немесе үшжақтаулы қақпақша (valvula atrioventricularis dextra s. Valva tricuspidalis), ал сол жүрекше-қарыншааралық тесікте – сол атрио-вентрикулалы немесе қосжақтаулы (митральды) қақпақша (valvula atrioventricularis sinistra s.valva bicuspidalis s. мitralis) орналасады. Қақпақшалар жақтауларының ұштары сіңірлі желілер (chordae tendineae) арқылы жүрек қабырғасындағы емізікше еттерге (mm. рapillaris) бекиді. Қақпақшалар жүрекшелер қуыстарынан қарыншалар қуыстарына қарай ашылады, ал кері бағытта жүрекше-қарыншааралық тесіктерді жауып, қанды қарыншалар қуыстарынан жүрекшелер қуыстарына өткізбейді. Оң жүрекшеге организмнен вена қанын алдыңғы және артқы қуыс веналар (vena cranialis et caudalis) алып келеді. Оң жүрекше қабырғасы жиырылғанда, вена қанының қысымымен оң атриовентрикулалы (үшжақтаулы) қақпақша төмен оң қарынша қуысына қарай ашылып, вена қаны қарынша қуысына өтеді. Қанға толғаннан кейін, оң қарынша қабырғасы жиырылады да, қанның қысымымен оң атрио-вентрикулалы қақпақша оң жүрекше-қарыншааралық тесікті жабады. Вена қаны үлкен қысыммен оң қарынша қуысынан өкпе артериясы бағанына (truncus pulmonalis) ағып өтеді де, өкпеге барады. Өкпеде газ алмасу процесі жүріп, вена қаны артерия қанына айналады. Оң қарыншадан өкпе артериясы бағаны басталатын тесік үш айшықты қақпақшамен (valvula semilunaris) жабдықталған. Бұлар вена қанын тек бір бағытта, яғни оң қарынша қуысынан өкпе артериясы бағаны арнасына қарай өткізіп, кері бағытта тесікті жауып, қанның артерия арнасынан оң қарынша қуысына өтуіне мүмкіндік бермейді. Өкпеден артерия қаны 3-4 өкпе веналары (venae pulmonalis) ағып өтеді де, өкпеге барады. Өкпеде газ алмасу процесі жүріп, вена қаны артерия қанына айналады. Оң қарыншадан өкпе артериясы бағаны басталатын тесік үш айщықты қақпақшамен (venae semilunaris) жабдықталған. Бұлар вена қанын тек бір бағытта, яғни оң қарынша қуысынан өкпе артериясы бағаны арнасына қарай өткізіп, кері бағытта тесікті жауып, қанның артерия арнасынан оң қарынша қуысына өтуіне мүмкіндік бермейді. Өкпеден артерия қаны 3-4 өкпе веналары (venae pulmonalis) арқылы жүректің сол жүрекшесіне құйылады. Одан артерия қаны сол атрио-вентрикулалы (қосжақтаулы) тесік арқылы сол қарыншаға, одан әрі қолқа (аорта) – aorta – тусігімен қолқа арнасына өтеді. Қолқа тесігі де, артерия қанын тек бір бағытта, яғни сол қарынша қуысынан қолқа арнасына қарай өткізетін үш айшықты қақпақшамен жабдықталған. Оң және сол атрио-вентрикулалы және өкпе ариериясы бағаны мен қолқа арналары тексіктерінің негізін талшықты (фиброзды) сақиналар құрайды. Бұлар жүректің қанқасы қызметін атқарады. Жүректің сыртқы бетінде тәждік артериялар (a. coronaria) өтетін көлденең, немесе тәждік сай (sulcus coronarius) болады.
Жүрек жүрекшелері мен қарыншаларының ырғақты да, жүйелі қызметін жүректің жүйке-бұлшық ет жүйесі (systema sinoventricularis cordis) реттейді. Аталған жүйені қойнау-жүрекше (nodus sinoatrialis), жүрекше-қарынша (nodus atrioventricularis) жүйке және бұлшық ет түйіндері, жүрекше-қарынша бұлшық ет түйінінен, яғни жүрекшелерден қарыншаларға қарай төмен бағытталған атрио-вентрикулалы буда (fascilulus atrioventricularis) және одан таралатын оң және сол аяқшалар (crus dexter et sinister) құрайды.
Жүректің сол қарыншасынан қолқа арнасына өтетін артерия қанының 10% жүрек қабырғасын қоректендіруге жұмсалады. Жүректің қан тамырларына: оң және сол тәждік артериялар мен үлкен, ортаңғы, кіші жүрек веналары жатады.
Жүрекшелер қарыншалардан жүректің сыртқы бетіңдегі көлденең тәждік сай арқылы бөлінеді. Олар жүректің жоғарғы жалпақ табанын құрайды. Әрбір жүрекше қабырғасыңда қолқа мен өкпе артериясын сыртынан қоршай жүрек құлақшалары орналасады.
Қарыншалар бір-бірінен жүректің сол қабырғасындағы ұзынша сол қарыншааралық сай және оң жағындағы оң ұзынша (венаастылық) қарыншааралық сай арқылы бөлінеді. Аталған сайлар жүрек ұшына жетпей оның алдыңғы дөңес бетінде түйіседі. Олар арқылы жүректің негізгі қабырғасын қоректендіруші қан тамырлары өтеді.
Жүректің оң бөлігінен вена қаны, ал сол бөлігінен артерия қаны ағып жатады. Оң қарыншадан басталатын өкпе артерия баганы қанын өкпеге алып барады. Ол жүрек табанының алдыңғы жағында, құлақшалар аралығында орналасқан. Өкпе артерия бағаны басталар жерде оның кеңейген қойнауы (синусы) болады. Бүл бағанның артқы жағында сол қарыншадан бастау алатын қолқа орналасады. Екі артерия да жүректен каудальды бағытта шығады.
Оң жүрекшеге краниальды және каудальды қуысты веналар ашылады. Краниальды қуысты венаның сағасы оның қойнауы деп аталады. Ол сыртқы жағынан шекаралық сай арқылы жүрек құлақшасынан бөлінеді. Сол жүрекшеге өкпе веналары құйылады.
Жүрекшелер мен қарыншалар арасындағы және қарыншалардан басталатын артерия қан тамырларының (өкпе артерия бағаны, қолқа) сағаларындағы тесіктерде жүрек қақпақшалары (клапандары) орналасады. Олар организмдегі қанның бір бағыттағы ағысын қамтамасыз етеді. Жүрек қақпақшалары негізінен жақтаулы және айшықты болып екі топқа бөлінеді.
Он және сол қарыншалар бір-бірінен қарыншааралық етті перде, арқылы бөлінген.
Жүректің бұлшық еті өзіне тән ерекшеліктері бар көлденең жолақты ет талшықтарынан қүралған. Олар бір-бірімен аралық қосылыстар арқылы байланысып жатады.
Жүрекшенің ет қабығы негізінен беткей және терең бұлшық ет қабаттарынан тұрады. Бұл қабықтың беткейлік қабаты оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, екеуіне де ортақ болып келеді. Ол көлденең орналасқан ет талшықтарынан тұрады. Тереңдік қабат әрбір жүрекшеде жекелей, ұзынша бағытта орналасады.
Жүректің қарыншаларында ет талшықтарының айқын байқалатын бес қабаты болады. Олар ет талшықтары қиғашталып жатқан беткей және ішкі қабаттар. Бүлардың аралығында талшық бағыттары сегіздік тәрізді иіліп келген тағы үш қабат болады.
Жүректің ішкі бетін өте жұқа қабық — эндокард астарлайды. Оның ішкі беті эндотелиймен қапталған. Эндокардта өткізгіш қызметін атқаратын, цитоплазмасында миофибрилдері өз арнайы ет талшықтары болады.
Жүректің жұмысын жүйке жүйесі вегетативті бөлімінің симпатикалық және парасимпатикалық бөліктері қосарынан жүйкелендіріп реттейді. Симпатикалық жүйкелер жүректің бұлшық етін, оның қан тамырларын жүйкелендіріп, жиырылуын жиіленіп, жұмысын күшейтеді. Парасимпатикалық жүйкелер жүректің жұмысын баяулатып, жиырылуын сиретеді.
Жүрек ұрықтық кезенде – эндокард мезенхимадан, миокард пен эпикард – мезодермадан дамып жетіледі. Алдыңғы кезде екі түтікше болып қалыптасып, соңынан олар бірігіп, жүректі құрайды.
Жүрекқап (үлпершек) – pericardium – жүректі сыртынан қаптап, оның бірқалыпты қызметін қамтамасыз етеді. Ол үш қабаттан тұрады. Оның сыртқы қабаты – көкірекортасының плеврасы (сірлі қабық). Жүрекқаптың негізін көкірекіштік шандырдың жүрек тұсындағы бөлігі -талшықты (фиброзды) қабат құрайды. Үлпершектің ішкі бетін жүрекқаптың сірлі қабығы (париетальды жапырақша) астарлайды. Ішкі сірлі қабат жүректің табаны арқылы, оның сыртқы бетіне өтіп, жүректің сыртқы қабығы – эпикардты (висцеральды жапырақша) құрайды. Жүрек пен жүрекқаптың аралығындағы қуысты – перикард қуысы дейді. Бұл қуыста жүрек пен жүрекқаптың беттерін сылап тұратын аздаған сірлі сұйық болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет