1 Дәріс Тақырыбы


Кіші қан айналым шеңберінің артериялары



бет95/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Кіші қан айналым шеңберінің артериялары. Кіші қан айналым шеңбері - жүректің оң қарыншасынан өкпе арқылы жүректің сол жүрекшесіне дейінгі қанның ағып өтетін жолы. Кіші қан айналым шеңберінде газ алмасу процесі жүреді. Жүректің оң қарыншасынан өкпе артерия бағаны арқылы көмірқышқыл газға қаныққан вена қаны өкпеге әкелініп, өкпеде газ алмасу процесі жүреді. Қан оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газды бөліп, артерия қанына айналады да, өкпе веналары арқылы жүректің сол жүрекшесіне барады. Өкпе артерия бағаны (truncus pulmonalis) - жүректен шамалы кеңейіп басталады. Бағанның бұл аймағын - өкпе артерия бағанының қойнауы (sinus trunci pulmonalis) - деп айтады. Өкпе артерия бағаны жүректен шыққаннан соң, дорсокаудальды бағытта көтеріліп, өкпе түбірі маңында оң және сол өкпе артерияларына (a. pulmonalis dexter et sinister) ажырайды. Сол өкпе артериясы өз кезегінде екі: алдыңғы және артқы тамақтарға, ал оң өкпе артериясы төрт: алдыңғы, ортанды, артқы және қосымша тармақтарға бөлінеді. Аталған артериялар бронхтар тарамы бойымен тармақтала отырып, өкпе альвеолалары қабырғаларын шырмай орналасқан қан капиллярларына айналады. Альвеолалар тарамындағы газ алмасу процесінен кейін, капиллярлар бір-бірімен өзара қосылып, өкпе веналарын түзеді. Өкпе веналары (3-4 вена тамырлары) – vv.pulmonales - аттас артериялар бойымен кері бағытта артерия қанын жүректің сол жүрекшесіне әкеледі.
Үлкен қан айналым шеңберінің артериялары. Қолқа (aorta) – жүректің сол қарыншасының қолқа тесігінен бадана тәрізді кеңейіп басталатын жануарлар организмінің негізгі артериясы. Қолқа баданасының (bulbus aortae) қабырғасы мен қолқа тесігінің айшықты қақпақшалары бірігіп, қолқа қойнауын (sinus aortae) құрайды. Қолқа қойнауынан жүректің қабырғасын артерия қанымен қамтамасыз ететін – оң және сол тәждік артериялар (aa.coronaria dexter et sinister) ажыраған соң, каудальды және жоғары омыртқа бағанына қарай иіліп, қолқа доғасын (arcus aortae) жасайды. Одан кейін, қолқа омыртқа бағытталады. Оның 5-6 көкірек омыртқаларынан көкетке (диафрагма) дейінгі бөлігі - көкірек қолқасы (aorta troracica), ал диафрагмадан кейінгі бөлігі - құрсақ қолқасы (aorta abdominalis) - үлкен қанайналым шеңберіндегі артериялық тамырлар жүйесі - қолқаның тармақтары.
Қолқа доғасынан (arcus aortae) – бас, мойын, көкірек керегесі қабырғасының алдыңғы бөлігі мен алдыңғы аяқтарды артерия қанымен қамтамасыз ететін иық-бас бағаны (жылқыда, сиырда, қойда, ешкіде) немесе сол бұғанаасты және иық-бас артериялары (шошқада, итте) бөлініп, дененің алдыңғы жағына қарай бағытталады.
Иық-бас бағынан (truncus brachiocephalicus) мойынның сол жағын, көкірек керегесі қабырғасы алдыңғы бөлігінің сол жағын және сол аяқты қоректендіретін – сол бұғанаасты артериясы (a.subclavia sinistra) бөлінгеннен соң, ол одан әрі иық – бас артериясы деп аталады. Иық –бас артериясынан дененің бас аумағын қоректендіретін ұйқы артериясының бағаны бөлінгеннен кейін, иық – бас артериясы оң жаққа бұрылып, оң бұғанаасты артериясына айналады. Оң бұғанаасты артериясы сол бұғанаасты артериясына сәйкес мойынның, көкірек керегесі қабырғасы алдыңғы бөлігінің оң жақтары мен алдынғы оң аяқты артерия қанымен қамтамасыз етеді.
Бұғанаасты артериялары -1-қабырғаны алдыңғы жағынан айналып өтіп, қабырға-мойын бағанын, беткей мойын, ішкі көкірек, сыртқы көкірек артерияларын бөлгеннен соң, аяқтарды қоректендіретін қолтық артерияларына айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет