1 Дәріс Тақырыбы



бет90/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   159
Дәріс №8
Тақырыбы: Көбею мүшелері.
1 Аталық көбею мүшелері.
2 Аналық көбею мүшелері
Сүтқоректілерде жыныс мүшелерінің эмбриональдық кезеңінде дамуында осы жүйенің филогенезінің негізгі кезеңдерін байқауға болады. Сүтқоректілердің жыныс органдары аралық бүйректің (mesonephros) медиальды бетіндегі мезотелийдің жыныс қатпары ретінде қалыптасады. Ұрықтың мүшелерінің күрделеніп дамуына байланысты, қатпарланып, пішіні соқпақшаланады осылай жыныс бездерінің бастамасы болып саналады. Бұл қатпарлар аралық бүйректің алдынғы жағында орналасады, жануарлардың жынысына байланысты жұмыртқалыққа не енге айналады. Көбею мүшелерінің дамуы зәр шығару жүйесімен қатар жүреді. Аралық бүйрек өзегінің маңында жыныс қатпарымен бір мезгілде, бастапқы бүйрек өзегі қалдығынан арнайы өзек қалыптасады. Ол алғашқы кезде аралық бүйрек өзегімен жапсарлас, кейінірек одан ажырап, ұрғашы жануарларда мюллер өзегін (бастапқы бүйрек) түзеді.
Аталық көбею мүшелерінің даму кезеңінде басқа өзгерістер пайда болады. Алғашқы жыныс қатпарының мезотелийі жыныс безінің бастамасының ішіне қарай енеді де, ирек тұқымдық өзекшелерге айналып торшалы қабаттар түзеді осыдан тұқым әкеткіш өзекшелер (семенные канальцы) пайда болады.
Аралық бүйрек осы кезде жартылай редукцияға ұшырайды, жартылай жыныс безімен тығыз байланыс түзеді. Аралық бүйректің алдынғы зәршығарушы түтіктері жыныс безінің ішіне қарай өсіп, ендегі ирек тұқымдық өзекшелермен жалғасады да түзу тұқымдық өзекшелерді және ен торларын түзеді. Оның жартысы ен қосымшасының (головка придатка семенника) басының құрамына кіреді де тұқым әкеткіш өзекшелерге айналады (семявыносящие канальцы семенника). Ал оның артқы бөлігі ен қосымшасының маңында редукцияланған қалдық ретінде «ен маңы» парадидимис деп аталып, организмде өмір бойы сақталады. Аралық бүйректің вольф өзегі ен қосымшасының өзегіне (канал придатка семенника) және шәует жолына (семяпровод) айналады. Еркек жануарларда мюллер өзегінен гидатидалар тек редукцияланған қалдық ретінде ен маңында сақталады және енге тығыз қосылып кетеді. Осылай қосылып кеткен оң және сол мюллер өзектерінің арасында еркек жатыры (мужская матка) орналасады.
Ен құрсақ қуысының қабырғасымен бағыттағыш байлам арқылы байланысады. Бұл байламның аралық бүйрек (вольф) өзегіне дейінгі бөлігі еннің арнайы байламы, ал оның қалған соңғы бөлігі шап байламы деп аталады. Осыдан кейін ен сірлі қабықпен бірге құрсақ қуысы қабырғасында пайда болған қалта тәрізді мүше - ұмаға (мошонка) түседі.
2. Көбею мүшелері - еркек жыныс безі - ен; жыныс жолдары - ен қосымшасы, шәует жолы, несеп-жыныс өзегі; жыныстық қатынас мүшесі -жыныстық мүше пенис. Аталық жыныс бездерінде жыныс жасушалары - сперматозоидтар және гормондар - тестесторон түзіледі. Аталық жыныс жолдары ұрықтануды қамтамасыз етеді.
Ен (testis, didymis, orchis) - пішіні сопақша келген жұп аталық жыныс безі. Ол паренхималы мүше болып келеді. Ен ен қаптың ішінде ұрық өзегінде ілініп тұрады, пішіні бойынша эллипсоидты болып келеді, ол ен қосымшасымен тығыз байланысты. Еннің екі ұшы болады – бас жағы және құйрығы сонымен бірге екі жиегі – ен қосымшасына қараған және бос жиегі, сондай ақ екі беті болады: латеральды, медиальды.
Бас жағындағы ұшы ен басы деп аталады (extremitas capitata), ен құйрығы (extremitas caudata), ен қосымша жиегі және бос жиегі (margo liber) жоғарыда айтылып кеткендей латеральды және медиальды беттері болады.
Аналық кебею мүшелеріне жұмыртқалық, жатыр түтігі (жұмыртқа жолы), жатыр, қынап, қынаптық кіреберіс және сыртқы жыныс мүшелері жатады.
Жұмыртқалық – ovarium - пішіні сопақша келген құрылысы қомақты паренхиматозды жыныс безі. Жұмыртқалықта аналық жұмыртқа жасушалары дамиды және аналық жыныс гормоңдары түзіліп, қанға, лимфаға шығарылады. Жұмыртқалықтың алдыңғы түтіктік және артқы жатырлық ұштары, шажырқайлық және бос жиектері, латеральды және медиальды беттері болады
Жұмыртқалықтың ішкі кескініңде бір-бірінен анық ажырайтын фоллиқулярлық және тамырлық аймақтарды көруге болады.
Фолликулярлық аймақта әр түрлі даму сатысыңда пісіп жетіліп жатқан жыныс жасушалары орналасады. Олар сыртынан қоректік заттармен камтамасыз етуші фолликулярлық жасушалар қабатымен қапталып, фолликулдер деп аталады. Фолликулярлық аймақтың шетіне жақын, әдетте, жас жыныс жасушалары — ұсақ алғашқы фолликулдер —орналасады. Фолликулдер өсе келе көлемі жағынан үлкейіп, оларды қоршаған фолликулярлық жасушалар қабаты көбейеді. Жасушалар арасында пайда болған қуыстар олардан бөлінген фолликулярлық сұйықтыққа толып, өсуші фолликулдер көлемі үлкен көпіршіген фолликулға айналады. Қуысы сұйыққа толған көпіршіген фолликул үлкейе келе жұмыртқалықтың паренхимасын қысып ығыстыра отырып, сыртқы ақ қабық пен бастама эпителийге келіп тіреледі. Жұмыртқа жасушасының даму сатылары түгелімен осы фолликулдер ішінде жатады. Сонымен қатар, сыртқы фолликулярлық қабықтағы жасушлар аналық жынысты гормондарды түзіп, оны алдымен фолликулярлық сұйықтыққа шығарады. Ұрғашы жануарлар күйлейтін кезеңге қарай гормондар қанға сорылып, оларды күйге келтіруге қатысады. Осы кезде жүйке жүйесінің әсерімен көпіршіген фолликул ішіндегі қысым артып, фолликул жарылады да, оның ішіндегі жұмыртқа жасушасы фолликулярлық сүйықтықпен бірге құрсақ қуысындағы жатыр түтігінің шөлмегі арқылы жатыр түтігіне өтеді. Көпіршіген фолликулдың жарылу процесін - овуляция дейді.
Овуляциядан кейін жарылған фолликул орнына күрделі айналымдардың (қуысының қанға толуы, фолликулярлық жасушалар қабатының өсуі, оларда сары пигмент - лютеиннің жиналуы) нәтижесінде сары дене түзіледі. Жарылған соң көпіршік қабырғасындағы қан тамырлары жыртылып, үзіледі де, фолликул қуысы қанға толады. Фолликулярлық жасушалар бөліну арқылы көбейіп көлемі жағынан үлкейіп, фолликул қуысындағы қанға еніп, оның орнын басады. Бұл жасушалар цитоплазмасында сары пигмент - лютеиңді жинап, сары денеге айналады. Сары дене жасушалары аналық гормондар бөледі. Егер де жұмыртқа жасушасы ұрықтанса, сары дене үлкейіп, жануарлар туғанға дейін жұмыртқалықта сақталады. Оның гормондарының әсерінен екінші жыныстық белгілер дамиды, жұмыртқалықта басқа жұмыртқа жасушаларының пісіп жетілуі тоқталады. Жатырда ұрықтың дамуына қолайлы жағдай туады, жануарлардың іш тастауына жол берілмейді. Ал ұрықтану процесі жүрмеген жағдайда ол қайтадан ыдырап, жоғалып кетеді.
Жатыр түтігі немесе жұмыртқа жолы (яйцевод) жұмыртқалық пен жатырдың аралығында орналасқан жіңішке иректелген жұп түтікше мүше. Оның жоғарғы үштен бір бөлігінің қуысында ұрықтану процесі жүреді. Жатыр түтігінің жұмыртқалық жағындағы шұңқыр тәрізді кеңейіп басталған үшын оның шөлмегі, ал шашақталған жиегін түтік салпыншағы деп атайды. Шөлмектің бір бөлігі жүмыртқалықтың краниалды ұшына байланысып, жұмыртқа салпыншағын түзеді. Жатыр түтігінің құрсақ және жатыр тесіктері болады.
Жатыр - іштегі ұрық дамитын қуысты мүше. Үй жануарларының жатыры қосмуйізді типке жатады. Ол екі муйізден, денеден және мойыннан тұрады. Жатыр мүйіздерінің үшкірленіп келген краниальды ұшына жатыр тесігі арқылы жатыр түтігі ашылады. Жатыр мүйіздері мен денесінің қуыстары бірігіп, жатыр қуысын түзеді. Жатыр қуысы өз кезегінде жатыр мойнының өзегі арқылы қынапқа ашылады.
Жатырдың қабырғасы ішкі кілегейлі, ортаңғы етті және сыртқы сірлі қабықтардан құралған.
Кілегейлі қабық ңемесе эндометриум цилиндр тәрізді эпителиймен астарланған. Онда кілегей бөліп шығаратын түтікшелі жатыр бездер орналасады. Бүндай бездер негізінен жатырдың мүйізі мен денесінде көптеп кездеседі. Жатыр мойынының қатпарлы кілегейлі қабығында бездер болмайды.
Етті қабықты немесе миометриумды бірыңғай салалы ет ұлпасы түзеді. Ол екі қабаттан тұрады. Оның ішкі сақинаша қабаты сыртқы ұзынша қабатына қарағанда едәуір жақсы жетілген. Етті қабық жатырдың мойын аймағында мойын езегінің қысқыш бұлшық етін құрайды. Етті қабықтың аталған қабаттары аралығында жатырдың тамырлы қабығы орналасады.
Сірілі қабық немесе периметриум жатырды сыртынан қаптай келе оның екі бүйірінде тоғысып, жатырдың жалпақ байламын немесе жатыр шажырқайын түзеді. Ол краниальды бағытта жұмыртқалық пен жатыр түтігінің шажырқайына ауысады. Осы байламның екі бүйіріндегі қатпарлар арқылы жатырдың жұмыр байламы өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет