1 Дәріс Тақырыбы



бет91/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   159
Дәріс №9

Тақырыбы: Ангиология. Қан айналым жүйесінің дамуы және шеңберлері. Қан тамырларының морфологиялық құрылысы.
Тамырлар жүйесі немесе жүрек-тамырлар жүйесі мен қанжасау мүшелері жануарлар организміндегі жасушалық көне ұлпалық деңгейдегі зат алмасуды (қоректік заттарды, оттегіні организмнің ұлпалары мен жасушаларына жеткізу, зат алмасу нәтижесінде түзілген ыдырау өнімдері мен көмірқышқыл газын бөлу мүшелеріне тасымалдау), гуморалдық реттелуді, дене кызуының реттелуін қамтамасыз етумен қатар, маңызды қорғаныс қызметтерін де атқарады.
Тамырлар жүйесін зерттейтін анатомияның бөлімін angiologia (грек. аngіоn - тамыр; lоgоs - ілім) - деп атайды. Тамырлар жүйесі өз кезегінде құрылысы мен қызметі жағынан бір-бірімен тығыз байланысты және дамуы біртекті үш жүйелерінен кұралған: қанайналым, лимфаайналым және қанжасау немесе иммундық қорғаныс мүшелері.
Қан айналым жүйесінің дамуы. Онтогенез. Сүтқоректілердің қан айналым мүшелері онтогенездің өте ерте кезеңінде қалыптаса бастайды. Олар негізінен жас дәнекер ұлпасы мезенхимадан бастау алады. Ұрықтық дамудың бастапқы кезеңінде мезенхима жасушаларының бірқатары, қан аралшықтары немесе ангиобластар түрінде оқшаулана бастайды. Кейіннен бұлардың ортасындағы жасушалардан эритроциттер мен лейкоциттер пайда болады. Ал оларды қоршап жатқан мезенхиманың басты жасушаларынан, ұрыктық капилляр тамырларының эндотелий қабаты бұзыла бастайды. Бұдан басқа ұрық денесінен тыс жатқан мезенхимадан сарыуыз қапшығы мен кіндіктің қан тамырлары пайда болады. Бұлар кейіннен ұрық денесінде дамып жатқан қан тамырларымен қосылып, оның тамырлар жүйесін құрайды.
Қанайналым жүйесі қан тамырларынан, жүректен және олардың қуысымен үздіксіз ағып жататын сұйық ұлпа қаннан тұрады. Қанды жүректен организмге алып шығатын ірі қан тамырларын артериялар (қызылтамырлар), қанды организмнен, керісінше, жүрекке алып келетін ірі қан тамырларын веналар (көктамырлар), ал артериялар мен веналардың аралығындағы тым жұқа қабырғалы майда қан тамырлары микроайналым арналарының қан тамырлары /артериолалар, капиллярлар, венулалар/ - деп аталады.
ҚАН АЙНАЛЫМ ШЕҢБЕРЛЕРІ. Жануарлардың жеке дамуы кезеңінде қан тамырлар жүйесінде бірнеше қан айналым шеңберлерін ажыратады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет