1 Дәріс Тақырыбы



бет145/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   159
Енқап


Енқап - saccus testiculuris - құрсақ қабырғасынан дамыған, дорба тәрізді қос қуысты мүше. Оның қуысында - ен, ен қосымшасы, енбауы орналасады. Енқап сан сүйектерінің арасында шат сүйектерінің алдында (айғыр, бұқа, қошқар) немесе шонданай сүйектерінің артында анусқа жақын (қабан, төбет) орналасады. Енқаптың өзі - умадан, еннің сыртқы көтергіш бұлшықетінен және қынаптық қабықтардан тұрады.
Ұма - scrotum - теріден және оған қатарласа орналасқан ет - серпімді қабаттан тұрады. Ұма терісі - cutis scrota - көбінде пигменттелген, онда шәш түктері сирек орналасқан. Май және тер бездері жақсы жетілген. Бұлшық ет серпімді қабат - tunica dartos - құрсақ қабырғасының фасциясының жалғасы болып саналады. Аталған қабат ұма пердесін - septum scroti - құрады сөйтіп, мүшені оң және сол жақ қуыстарына бөледі. Әр қуыста ен, ен қосымшасы және ен бауы орналасады. Ұма осы мүшелермен тығыз байланысты болады.
Құрсақтың ішкі қиғаш бұлшықет қабаты, еннің сыртқы көтергіш бұлшықетін - m.cremaster exsternus - құрады. Бұл бұлшықет жалпы қынап қабының латеральды беткейінде орналасады, ұмадан фасция бөледі.
Жалпы қынап қабы - tunica vaginalis communis - бір-бірімен жапсарласа орналасқан сыртқы және ішкі сірлі фиброзды қабаттардан тұрады. Ен сыртынан меншікті (өзіндік) қынап қабымен - tunica vaginalis propria - қапталған. Бұл қабат құрсақ қуысының висцеральды серозды қабатының ұмадағы бөлігі болып саналады. Жалпы және меншікті қынап қабаттарының аралығында қынап кеңістігі - cavum vaginale - болады, серозды затқа бай. Қынап кеңістігі қынап өзегі арқылы құрсақ қуысымен қатысады.


Қосымша жыныс бездері

Аталған ағзада негізгі жыныс бездерінен басқа қосымша жыныс бездері болады. Олар: көпіршік, простата, бадана бездері жамбас қуысында орналасқан, өзегімен уретраның қабырғасына ашылады. Бұлар құрылысы жағынан көпіршікті-түтікшелі бездерге жатады.


Көпіршікті без - glandula vesicularis - қуықтың үстінде, шәует өзегінің екі бүйірінде орналасқан жүп без. Олардың өзегі шәует жолымен бірігіп, шәу ет төбешігіне ашылады. Без қоймалжын кілемейлі секрет бөледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет