1 Дәріс Тақырыбы



бет155/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159
Құрсақ қолқасы - aorta abdominalis - аортаның диафрагмадан кейін бел омыртқаларының астында жатқан бөлігі.
Оның париетальды бұтақтарына бел артериялары - aa.lumbales - жатады. Олар 5-6 жұп болады. Әрбір артериядан, дорсальды-омыртқа жотасының бұлшықеттеріне баратын, жұлын, жұлын қабырғасын қоректендіретін және төмен қарай құрсақ қабырғасына таралатын тамырлар бөлінеді. Диафрагмаға - диафрагмальды артерия - a.phrenici - таралады.
Висцеральды тармақтардың үші тақ, қалғандары жұп болады.
Іш артериясы - a.coeliaca - тақ, жуан қысқа тамыр, соңғы кеуде немесе бірінші бел омыртқаларының тұсанып басталатып. Одан үш тармақ таралады: бауыр, сол жақ, қарын және көкбауыр артериялары.
Аталған үш артериялар және оның тармақтары - өнештің құрсақ бөлігін, қарынды, 12-елі ішекті, көкбауырды, бауырды, үйқы безін, қарынның үлкен және кіші шарбыларын қоректендіреді.
Краниальды шажырқай артериясы - a.mesenterica cranialis - тақ, іш артериясымен қатарлас орналасады. Оның бойымен қан жіңішке ішек бөлігіне (тек 12-елі ішектің бастапқы жағына бармайды) және жуан ішектерге (соңғы бөлігінен басқа) таралады.
Бүйрек артериясы - a.renalis - жұп, бүйректі және бүйрекүсті безін қанмен қамтамасыз етеді.
Каудальды шажырқай артериясы - a.mesenterica caudalis - тақ, аортадан 5-6-ші бел омыртқаларының тұсынан бөлінеді. Бұл тамыр қанды тоқ және тік ішектеріне апарады.
Ішкі тұқымдық артериясы - a.spermatica interna - жыныс бездерін қоректендіретін жұп тамыр. Аталық организме ол ен артериясы - a.testicularis, ал аналық жануарларда жұмыртқалық артериясы - a.ovarica -деп аталады.
Алдыңғы аяқ артериялары

Алдыңғы аяққа қан, қолтық артериясы арқылы барады.


Қолтық артериясы - a.axillaris - иық буынының медиальды беткейінде орналасады. Одан бірнеше ірі және кіші тамырлар бөлінеді.
Жауырынасты артериясы - а.subscapularis - ірі магистраль, жауырынның каудальды жиегімен жоғары көтеріліп, жауырын аумағының бұлшық еттері мен теріні қоректендіреді.
Иық артериясы - a.brachialis - алдыңғы аяққа қан тасымалдайтын негізгі тамыр. Иық артериясы тоқпан жіліктің медиальды бойымен қиғаш өтіп, жолайы бірнеше тамырлар таратады. Ол артериялар: терең иық, шынтақтың коллатеральды, екі басты бұлшықет, шынтақтың көлденең және жалпы сүйекаралық тамыры. Аталған тамырлар қанды сол тиісті аумақтарға жеткізеді.


Аралық артерия - a.mediana - білек және білезік (тізе) сүйектерінің ішкі беткейінде орналасып осы аумақтардағы бұлшықеттерді, жалғамдарды, сүйектерді және тері беткейін қанмен қамтамасыз етеді. Аталған тамырдан білек сүйектерінің ортасында, кәрі жілік артериясы бөлінеді, аралық артериямен қатарлас жүретін. Білезік аумағында - кәріжілік артериясы, шынтақтың коллатеральды және аралық тамыр, білезіктің және алақанның дорсальды қан тамыр торын құрады. Аталған тордан дорсальды алақан (жіліншік) артериялары бөлінеді, жіліншік аралықтарының бойында орналасатын. Алақан торынан келесі бөлетін тамырлар, терең жіліншік артериялары, олар төмен қарай өтіп жалпы саусақ тамырларына жалғасады. Одан әр саусаққа латеральды және медиальды артериялар таралады. Саусақтың дистальды шетінде бұтақтар өз ара қосылып, саусақтар доғасын қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет