1 Дәріс Тақырыбы

Жамбас қуысының және артқы аяқтың артериялары

бет156/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Жамбас қуысының және артқы аяқтың артериялары

Жамбас қуысының органдарына және артқы аяққа қанды құрсақ аортасынан бөлінетін ортаңғы жая, ішкі және сыртқы мықын артериялары (а.а.) жеткізеді.

Ортаңғы жая артериясы (а.) - a.sacralis media - құрсақ аортасының жая аумағындағы сыртқы және ішкі мықын а.а. жалғасы болып саналады.
Аталған тамыр ірі қара малда өте жақсы жетіледі, одан төрт тармақ а.а. бөлінеді, екі латеральды және құйрық тамырлары.
Ішкі мықын немесе жамбас артериясы - a. iliaca, a.hypogastrica - құрсақ аортасынан 6-ші бел омыртқасының астыңғы беткейінен бөлініп жая -шонданай жалғамының каудальды бойымен өтеді. Одан: кіндік, мықын-бел, краниальды және каудальды жатыр а.а., жапқыш және сыртқы жыныс а.а. таралады.
Сыртқы мықын артериясы - a. iliaca externa - құрсақ аортасынан 5-ші бел омыртқасының астынан шығып әрі қарай мықын сүйегінің сыртқы беткейінен өтіп сан каналына кіреді. Сыртқы мықын a. бөлінеді - терең айналмалы мықын артериясына және терең сан артериясына.
Ортан жілік (сан) артериясы - a. femoralis - сыртқы мықын артериясының жалғасы болып саналады ішкі сан а. бөліегеннен кейін. Сан артериясынан таралады краниальды сан артериясы, санның айналмалы латеральды а., сафена а. немесе балтырдың (сирақтың) және табанның тері астының артериясы, бұлшық ет тармақтары, санның каудальды артериясы. Осы аталған артериялар бөлінгеннен кейін ортан жілік артериясының жалғасы тобық астының артериясы деп аталады.
Тобық астының артериясы - a.poplitea - ортан жілік айдаршықтарының аралығынан өтіп сирақ бұлшық етінің қос бас аралығынан шығып, асықты жіліктің латеральды беткейінде жіңішке артқы асықты жілік тарамын бөледі, содан кейін алдыңғы асықты жілік артериясы болып таралады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет