Алдыңғы асықты жілік артериясы - a.tibialis anterior - жіңішке, қысқа тамыр. Бұл артериядан бірнеше тамырлар шығат. Шыбық а.- a.peronaeus - саусақтың жазғыш бұлшық етіне таралат, қоректендіруші а. - a.nutritia - асықты жілікке барат, плантарлы тармақ - ramus plantaris - тілерсектің дорсальды артериальды торын құрады. Аталған тамырлар соңында саусақтың жалпы артериясына көшеді оның саны саусақтар санымен тікелей келеді.
Үлкен қан айналым шеңберінің негізгі вена тамырлары
Мүшелерден қан жүрекке бірнеше вена тамырлары арқылы жеткізіледі. Көбінде артерия бойымен екі вена тамыры орналасады, біреуі беткей екіншісі терең. Сондықтан веналар саны екі есе көп болады. Терең орналасқан веналар, қатар жатқан артериялар және жүйкелер бірігіп, тамыр-жүйке будаларын түзеді. Беткейі жатқан веналар әсіресе мойында, тұлғаның астыңғы беткейінде және аяқтар бойында жақсы жетілген. Көктамырлар тармақтары бір-бірімен буындар аумағында, аяқтардың дистальды шетінде қосылып жатады. Веналардың ішкі беткейінде интима қабатынан құралатын айшықты (қалта пішінді) қақпақшалар орналасады. Олар қанның шеттен тек жүрекке ғана ағуына себеп етеді. Қақпақшалар аяқтар веналарының және дененің артқы бөлігіндегі тамырларда көп болады.
Венозды қан денеден (жүректен басқа) екі ірі тамырлар бойымен жиналады олар: краниальды және каудальды қуыс веналары.
Краниальды (алдыңғы) қуыс вена - v.cava cranialis - қысқа, жуан тамыр, бірінші қабырға аралығынан оң жақ жүрекшеге дейін орналасқан. Оған қан бастан, мойыннан, кеуденің алдыңғы бөлігінен және алдыңғы аяқтардан жиналады. Ол өз ара жұп ішкі және сыртқы қүретамыр веналарымен - vv.jugularis - басталады, қанды бастан және мойыннан жинайды. Аталған тамыр, басқа қан апаратын ұйқы артериясымен қатарлас қүретамыр сайында орналасады. Кеуде қуысының дорсальды және латеральды беткейінен венозды қан жылқыда, итте оң жақ жұп емес вена - v.azygos dextra - арқылы жиналады. Ал сиыр мен шошқада сол жақ жұп емес вена болады. Алдыңғы аяқтан қан жиналып, қолтық венасы краниальды қуыс венаға қуйылады.
Достарыңызбен бөлісу: |