1 Дәріс Тақырыбы


Кіші кан айналу шеңберінің артериялары мен веналары



бет152/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Кіші кан айналу шеңберінің артериялары мен веналары

Кіші қан айналу шеңберінің тамырларына өкпе артериясы, оның оң және сол тарамдары және екі өкпе жүп өкпе веналары жатады.


Өкпе артериясы дене бойындағы ірі тамырлардың бірі. Ол жүректің оң
жақ қарыншасынан басталып каудо-дорсальды бағытта жүріп өкпе түбірінің тұсында оң және сол өкпе артерияларына - a.pulmonalis dextra et sinistra - бөлінеді. Әрқайсысы өз өкпесіне вентро-латеральды жолмен енгеннен кейін капиллярларға (қылтамырға) тарамдалады. Өкпе артерияларымен келген вена қанының құрамындағы көмірқышқыл газы қылтамыр қабырғалары арқылы өкпе көпіршіктеріне беріліп, ал өкпе көпіршіктерінен кері қанға оттегі өтіп, артерия қанына айналады. Осы артерия қаны өкпе қылтамырының бірігу нәтижесінде өкпе веналарына - v.v pulmonales - жалғасады. Өкпе веналары аттас артерялары мен қатар өтіп сол жүрекшеге үш-төрт тесіктермен қан әкеледі.
Өкпе бағаны бастапкі кезінде аорта мен артериальды жалғам - lig. arteriosum - арқылы байланысады, ол ұрықтан қалған артерия өзегі болып саналады.


Үлкен қан айналу шеңберінің негізгі артериялары


Қолқа - aorta - үлкен қан айналу шеңберінің негізгі (жота) қан тамыры. Аорта жүректің сол жақ қарыншасынан басталады. Айшық қақпақтардың бойында қолқадан оң және сол тәждік артериялар бөлінеді - aa. coronariae cordis dextra et sinister, жүрек қабырғасын қоректендіреді. Бұдан кейін қолқа артқа және жоғары көтеріліп қолқа доғасын (бадана) - arcus aortae - құрады. Қолқа доғасының әрі қарай жалғасын 5-6-ші кеуде омыртқаларының аумағында кеуде немесе көкірек аортасы деп атайды, одан кейінгі жалғасын құрсақ аортасы дейді. Үлкен шеңбердің барлық артериальдық бұтақтары қолқа тамырынан бөлінеді.


Мойын аумағының және бастың артериялары

Иық-бас артериясынан мойынға және басқа қысқа ұйқы бағаны - truncus bicaroticus - бөлінеді одан оң және сол жалпы ұйқы артериялары таралады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет