1 Дәріс Тақырыбы


Ортаңғы, артқы ішектер құрылысы, ерекшеліктері Ортаңғы және артқы ішектердің дамуы



бет48/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   159
6 Ортаңғы, артқы ішектер құрылысы, ерекшеліктері
Ортаңғы және артқы ішектердің дамуы. Онтогенездің алғашқы кезеңіңде ортаңғы және артқы ішектер дененің ұзына бойымен орналасып, ұрықтың сарыуыздық қапшығымен өзек арқылы қатынаста болады. Ішек түтігі ұзарып өсе келе шажырқайға ілінген екі бөлігі ілмек түзеді. Ілмектің төмендеген бөлігі қарыннан каудовентральді бағытта құрсақ қабырғасына дейін созылып, өзінің бір ұшымен сары уыздық өзекпен байланысады. Ал, оның жалғасы екінші - өрлем бөлік - құрсақ қабырғасынан каудодорсальды бағытта омыртқа бағанасына жетіп, артқы аналь тесігіне қарай бұрылыс жасайды. Осы бөліктің бойында томпайған кішігірім бүйеннің бастамасы пайда болады. Бүл жер негізінен ортаңғы және артқы ішектің шекарасы болып есептеледі. Ілмектің аталған екі бөлігі аралығында краниальді шажырқай артериясы дамып жетіледі.
Ішек түтігі ұзындығының одан әрі өсуіне байланысты ішек ілмектері сағат тілі бағытында краниальды шажырқай артериясы бойымен толық бір айналым жасайды. Осының нәтижесінде темендегі бөліктің алдыңғы жағы он екі елі ішек ретінде құрсақ қуысының оң жақ бөлігінде орналасады. Ол каудальды бағытта шажырқай түбірін айналып өтіп, сол жаққа ауысады да, ащы ішекке айналады. Өрлеме бөліктің көлденеңінен орналасқан бөлімі сол құрсақ қабырғасын жағалай ұзарып өсіп, алға қарай краниальды шажырқай артериясын айналып, оң жаққа өтеді. Бүдан соң ол қайтадан бүйен мен бірге кері каудальды жаққа бағытталады. Осыңдай ауысулардың нәтижесінде тоқ ішек шеңбер тәрізді жиектеле орналасады. Оның оң бөлігі - жуан ішектің басталар жері бүйеннен краниальды бағытта орналасады. Тоқ ішектің краниальды шажырқай артериясының алдында жатқан тұсын көлденең тоқ ішек, ал каудальды бағыттағы сол бөлігін - сол тоқ ішек - деп атайды. Жамбас қуысыңда сол тоқ ішек тік ішекке ауысады. Ішектердің онтогенездегі дамуы негізінен етқоректі жануарларда кездеседі. Ал, басқа шөпқоректі жануарларда тоқ ішек дөңгелек (диск) немесе дискоконус, талғаусыздарда конус түрінде болады.
Бір бөлімді карынның гистологиялық құрылысы. Бір бөлімді безді қарынның кілегейлі кабығы бір қабатты призма тәрізді эпителиймен астарланған. Эпителий астыңдағы борпылдақ дәнекер және ретикулалы ұлпалардан кұралған өзіңдік тақташада карапайым түтікшелі қарын бездері орналасады. Олардың өзектері кілегейлі кабықтағы қарын шұңқырларына ашылады. Құрылысы мен сөл бөлу сипатына қарай қарын безі: кардиальды бездер, фундальды (қарын түбі) бездер және пилорустық (ішкақпалық) бездер болып үш түрге бөлінеді. Олар аттарына сәйкес безді карынның кілегейлі кабығының аттас аймақтарында орналасады. Кардиальды қарын бездері өңештің қарынға ашылатын тесігі маңындағы кілегейлі кабықтың кардиальды аймағында жатады.
Олардың түтікше пішінді секреторлы соңғы бөлімдері тарамдалған. Түгікше бездің қарын куысына қараған бетіңдегі қарын шұңқырларына ашылатын мойны, өзіңдік тақташа бойымен ұзынынан жатқан денесі және кілегейлі кабықтың үшінші етті тақташасымен жанасатын түбі болады. Кардиальды бездердің қабырғасы негізінен кілегейлі жасушалардан құралған. Олардың араларында жекеленген негізгі және көмкерме (париетальды) жасушалар кездеседі. Кардиальды бездер сөлі кұрамында крахмалды ыдырататын амилоидты ферменттер болады. Безді қарынның негізгі бездері — қарын түбі (фундальды) бездері. Олардың секреторлы бөлімдері тарамдалмайды. Бездің мойнын бөлініп көбею арқылы камбиальды қызмет атқаратын және қарын кілегейлі қабығының ішкі бетін сылап тұратын кілегей бөлетін мойындық жасушалар, ал денесі мен түбінің кабырғасын пепсиноген ферментін бөлетін негізгі жасушалар құрайды. Олардың араларында жекеленген кілегейлі жасушалар (мукоциттер) кездеседі. Солғын базофилді боялған мойындық жасушалардың таяқша ядролары цитоплазманың негіздік бөлігінде, негіздік жарғаққа жақын жатады. Апикальды бөлігінде митохондриялар мен Гольдж кешені және түзілген кілегей тамшылары орналасады.
Негізгі жасушалардың цитоплазмасы базофилді боялады. Олардың сопақтау келген ядролары жасушаның орталығында жатады. Жасуша цитоплазмасында белокты ферменттің синтезін қамтамасыз ететін гранулалы эндоплазмалык тор өте жақсы жетілген. Негізгі жасушалардың сыртқы жағында тұз қышқылын түзуге керекті хлоридтерді бөлетін көмкерме жасушалар жанаса орналасады. Көмкерме жасушалардың цитоплазмасы қышқылдық бояулармен қызыл түске боялған. Олардың мөлшері басқа безді жасушаларға қарағанда үлкендеу келеді. Бұлардың дөңгелек келген ядролары цитоплазманың орталығында жатады.
Эндокринді жекеленген жасушалар түтікше бездің түбі мен денесінде кездеседі. Ішқақпалық (пилорустық) бездер қарын кілегейлі қабығының он екі елі ішекке шығар аймағында орналасады. Ішқақпалық бездердің секрет бөлетін соңғы бөлімдері қысқа және тарамдалып жатады. Бездің қабырғасын негізінен кілегейлі жасушалар түзеді.
Қарын түбінің түтікше бездерінің қабырғаларын құрайтын кілегейлі, негізгі және көмкерме жасушалар құрамында пепсиноген ферменті, тұз қышқылы және кілегей болатын қарын сөлін бөледі. Кілегейлі қабықтың етті тақташасын бірыңғай салалы ет ұлпасы құрайды. Борпылдақ дәнекер ұлпалық кілегейліасты негізде қан, лимфа тамырлары мен жүйке ганглийлері орналасады.
Қарынның етті қабығы: ішкі қиғаш ортаңғы сақинаша, сыртқы ұзынша қабаттардан тұрады. Карынның етті қабығын бірыңғай салалы ет ұлпасы кұрайды. Ол үш қабаттан құралған. Оның тым жұқа сыртқы ұзынша қабаты (stratum longitudinalia) негізінен үлкен және кіші иіндердің бойымен өңештен қарын қақпақшасына (пилоруска) дейін созылып жатады. Ортаңғы сақинаша қабаты (stratum circulare) қарынның оң жағындағы карын түбі және пилорустық бөліктерінде орналасқан. Осы қабаттан қарын қақпақшасының (пилорусының) қысқыш еті (m. sphincter) түзіледі. Ішкі қиғаш қабат (stratum obliquum) негізінен қарынның сол кардиальды бөлігінде болады.
Қарынның сірлі қабығы: жұқа борпылдақ дәнекер ұлпалық және жалаң қабат жалпақ эпителий қабаттарынан тұрады. Сірлі қабық, қарынның сыртқы екі бетімен кіші және үлкен иіндерде тоғысып, кіші шарбыны (omentum minus) және үлкен шарбыны (omentum majus) түзеді. Шарбылар — сірлі қабықтың туынды мүшелері. Кіші шарбы қарынды бауырмен байланыстырып, бауыр-қарын байламын (ligamentum hepatogastricum) түзеді. Ол сол жағынан бауыр - өңеш байламымен (ligamentum hepatooesophageum), ал оң жағынан бауыр он екі елі ішек байламымен (ligamentum hepatoduodenale) жалғасып жатады. Үлкен шарбы қарынның үлкен иінінен белге дейін созылып, шарбы қапшығын (bursa omentalis) құрайды. Шарбы қапшығының кіреберіс тесігі (foramen epiploicum) оң бүйректің медиальды жағында, каудальды қуыс вена мен қақпалық вена аралығында жатады. Шарбының екі сірлі қабатының аралығында көкбауыр орналасады. Қарынның үлкен иінінен көкбауырға дейінгі байламды қарын-көкбауыр байламы (ligamentum gastrolienale) — деп атайды. Бір бөлімді қарын құрсақ қуысының қабырғаастылық аумақтарында, әсіресе оның сол жағына қарай ығыса орналасады. Кейбір жануарларда ол семсерше өсінді аумағына дейін жетуі мүмкін.
Мүше ретінде өңештің қабырғасында үш қабық ажыратылады. Олар: ішкі кілегейлі қабық, ортаңғы етті қабық және сыртқы мойын бөлігінде адвентиция қабығы, ал көкірек пен құрсақ бөліктерінде сірлі қабық.
Өңештің мойын бөлігі жұтқыншақтан басталады да, қарынға қарай бағытталып, көмекей мен кеңірдектің дорсальды бетінде орналасады. Ол көкірек қуысына кірер алдында, 5-інші мойын омыртқаның тұсында кеңірдектің сол жағына қарай иіліп төмен түседі де, көкірек қуысында ол қайтадан кеңірдектің жоғарғы жағына көтеріледі. Одан әрі жүректің үстімен, қолқа доғасының оң жақ бетімен өтіп, 9-10-ыншы қабырғалар тұсында көкеттің өңеш тесігі арқылы құрсақ қуысына өтеді. Өңеш қарынның сол жағындағы кардиальды ұшына барып ашылады. Өңештің қарынға ашылатын тесігін қарын кіреберісі (ostium cardiacum) — деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет