1 Дәріс Тақырыбы



бет42/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   159
Аяқтың мүйіз тұяғы тұяқ көбесінің, тұяқ жұлығының, тұяқ қабырғасының, тұяқ ұлтанының жəне тұяқтың артқы жағындағы тұяқ майтабанының эпидермистерінен бөлінген мүйізді қабаттардан құралған.
Мүйіз (cornu) мүйізді ірі қара жəне ұсақ малдардың мүйіздері бассүйектің мандай сүйек мүйіз өсіндісін қаптап жатқан тері эпидермисінен дамып жетіледі. Мүйіздің терісі екі қабаттан: эпидермистен жəне дермадан тұрады. Шел қабаты болмайды. Tepi дермасы маңдай сүйектің мүйіз өсіндісі
сүйек қабымен бірігіп кеткен. Мүйіздің өсуінде жылдық сақиналарды
байкдуға болады.


Tepi жабыны бойынша бақылау сұрақтары:
1. Терінің қабаттарын атап, олардың құрылысы мен маңызын еске түсіріңіз.
2. Түксіз жəне түкті тері эпидермисі құрылысындағы ерекшеліктер.
3. Тері түктері, олардың бөліктері, түрлері жəне құрылысы.
4. Май бездерінің құрылысы жəне маңызы.
5. Тер безінің құрылысы жəне маңызы.
6. Сүт безінің құрылысы жəне маңызы. Жануарлардың түрлеріне байланысты
желіннің түрлері.
7. Майтабанның құрылысы, организм үшін маңызы.
8. Тұяқтың бөліктері, олардың құрылысы. Мүйіздің кұрылысы.

Дәріс №5
Тақырыбы: Спланхнология. Ішкі мүшелер жүйелері. Дене қуыстары, серозды (сірлі) қапшықтар.

  1. Сірлі қабықтар.

  2. Дене қуыстары.

  3. Асқорыту жүйесінің фило-онтогенезі.

  4. Асқорыту аппараты мүшелерінің морфо-функциональдық сипаттамасы.



Ішкі мүшелер жүйелері құрылысын зерттейтін ілімді splanchnologia (лат. viscera; грек. splanchnos — ішкі мүшелер; logos — ілім) — деп атайды. Ішкі мүшелер жүйелеріне азық қорыту, тыныс алу, зәр бөлу және көбею (аталық және аналық) мүшелері жатады. Бұлар негізінен дененің көкірек, құрсақ және жамбас қуыстарында орналасып, қоршаған сыртқы ортамен денедегі табиғи тесіктер арқылы қатысады.
Ішкі мүшелер жүйелері түтікше және паренхималы мүшелерден тұрады. Қуысты түтікше мүшелердің қабырғалары үш қабықттан тұрады: ішкі кілегейлі, ортаңғы етті немесе талшықты-шеміршекті (тыныс алу мүшелерінде) және сыртқы сірлі (дене қуыстарында жатқан мүшелерде). Дене қуыстардан тыс жатқан мүшелер сыртынан адвентиция қабығымен (борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады) қапталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет