байламға (ligamentum coronarium) ауысады. Бұл байлам оз кезегінде екіге ажырап, оң жəне сол үшбұрышты байламдарға (ligamentum triangulare dextrum et sinistrum) жалғасады. Аралық бөліктің өзі қақпалық вена (v. portae) бауырға енетін бауыр қақпасы (porta hepatis) тұсынан: жоғарғы қүйрықты бөлікке (lobus caudatus) жəне төменгі шаршы (квадратты) бөлікке — lobus quadratus — бөлінеді. Құйрықты бөлік деп аталу себебі, бұл бөлікте көп жануарларда құйрық өсіндісі (processus caudatus hepatis) болады.
Сөйтіп, бауырда төрт: оң, сол, шаршы жəне құйрықты бөліктер ажыратылады. Аталған бөліктер күйіс қайтаратын жануарларға тəн.
Жылқыдаоң бөлік қосымша ойық арқылы латеральды жəне медиальды бөліктерге (lobus dexter lateralis et medialis), ал шошқа мен итте оң бөлікпен қатар сол бөліқ те екіге: латеральды жəне медиальды бөліктерге — lobus dexter et sinister lateralis et medialis — бөлінеді. Кейбір жануарлар бауырларында бүйрек батыңқысы (impressio renalis) жақсы көрінеді.
Ерекшеліктері. Жылқы бауырында өт қапшығы болмайды. Сол бөлігі латеральды жəне медиальды бөліктерге бөлінеді. Бауыр өзегі он екі елі ішекке пилорустан 10-12 см қашықтықта ашылады. Бауыр құрсақ куысының оң жағында 16 -ншы қабырғаға, ал сол жағында 7-12 -нші қабырға тұсына дейін созылады. Ол негізінен құрсақ қуысының оң қабырғаастылық аумағында орналасқан. Бірақ, оның сол бөлігі сол қабырғаастылық аумағына аздап өтеді.
Күйіс қайтаратын жануарлардабауыр оң қабырғаастылық аумақта, 8 - інші қабырғадан соңғы қабырғаға дейінгі аралықта жатады. Бауыр бөліктері нашар байқалады. Өт қабы алмұрт пішійдес болып келеді. Оның вентральды ұшы бауыр жиегінен төменірек түсіп тұрады.
Шошқа бауырының оң жəне сол бөліктері өз кезегінде латеральды жəне медиальды бөліктерге бөлінеді. Оның денемен салыстырмалы мөлшері, таза шөпқоректі жануарларға қарағанда үлкендеу болып келеді, құйрықты бөлігі оң бүйрекпен жанаспайды. Бауыр оң қабырғаастылық аумақта, 14 –інші қабырға тұсына дейінгі аралықта жатады. Сол қабырғаастылық аумаққа сəл ғана өтеді.
Ит бауырының салыстырмалы мөлшері басқа жануарларға қарағанда көлемді келеді. Оң жəне сол бөліктері латеральды жəне медиальды
бөліктерге бөлінген. Құйрықты бөлікте қосымша емізікше өсінді (processus papillaris) болады. Бауыр оң жəне сол қабырғаастылық жəне семсерше өсінді аумақтарында орналасады.