1 Дәріс Тақырыбы



бет64/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Ерекшеліктері. Жылқыда он екі елі ішектің ұзындығы 1 метрдей болады. Қарыннан шыққан соң, оның куысы кеңейіп, он екі елі ішек ампуласын (ampulla duodeni) түзеді. Бұдан соң, ол құрсақ куысының оң бүйіріндегі бауырдың бетімен төмен қарай таға тəрізді иілім жасап, ұйқы безінің денесін айналып өтеді. Ішектің осы бөлімі, оның төмендеген бөлігін (pars descendens) құрайды. Одан əрі он екі елі ішек бауырдың оң бөлігін
бойлай оң бүйрекке қарай көтеріле бағытталып, өрлеме бөлікті (pars ascendens) түзеді. Екінші жəне үшінші бел омыртқа тұсында ішек оң бүйректің артын ала солға бұрылып, каудальды иілім түзеді де, шажырқай түбірлері арасымен көлденең бөлікті (pars transversa) жасап, аш ішекке өтеді. Он екі елі ішек бауырмен сірлі қабық арқылы жалғасып, бауыр-он екі елі ішек байламын (ligamentum hepatoduodenal), бүйрек жəне бүйенмен байланысып, бүйрек-бүйен-он екі елі ішек байламын (ligamentum renoceco-duodenale), шажырқай түбірімен жалғасып, он екі елі ішектің көлденең байламын (ligamentum transversum duodeni), кіші тоқ ішекпен байланысып, он екі елі-тоқ ішек байламын (ligamentum duodenocolicum) түзіп, аталған мүшелермен байланысып тұрады. Он екі елі ішек бүртігі пилорустан 10-12 см аралықта орналасады.
Күйіс қайтаратын жануарларда он екі елі ішек ұлтабар ұшы – деп аталады. Оның ұзындығы 70-120 см -дей болады. Ол ұлтабардан 9-11 қабырғалар тұсында басталады да, тік жоғары көтеріліп, бауырдың бетінде он екі елі ішектің краниальды иілімін (flexura duodeni cranialis) тұзеді.
Бұдан соң, ол бауырдан каудальды бағытта оң бүйректің төменгі жиегін бойлай жамбас қуысының кіреберісіне дейін созылады да, медиальды бағытта бұрылып, ұлтабар ұшының каудальды иілімін (flexura duodeni caudalis) жасайды. Бұдан кейін, ол бел бұлшық еттерімен жанаса қайтадан бауырға қарай бағытталып, оның маңында он екі елі-аш ішек иілімін (flexura duodenojejunal) түзіп, аш ішекке өтеді. Бауыр өзегі он екі елі ішекке сиырда пилорустан _50-70 см -дей, ұсақ малдарда 25-40 см қашықтықта ашылады. Ал ұйқы безінің өзегі сиырда бауыр өзегінен 30- 40 см –дей кейінірек, ал ұсақ малдарда бауыр өзегімен бірігіп, бір бүртікке ашылады.
Шошқа он екі елі ішегінің ұзындығы 40-80 см -дей болады. Ол құрсақ қуысының оң қабырғаастылық аумағында орналасады. Бауыр өзегі пилорустан 2-5 см, ал ұйқы безінің өзегі 15-25 см қашықтықта ашылады.
Иттің он екі елі ішегі ұзын шажырқайға ілінгендіктен, ол қозғалмалы келеді. Ішек негізінен төмендеген жəне өрлеме бөліктерден тұрады. Ол
қарыннан шыққаннан соң, жамбас қуысының кіреберісіне дейін созылған төмендеген бөлікті құрайды. Бұл бөлік оң қабырғаастылық жəне оң бүйірлік аумақтарда орналасады. Бұдан кейін, ішек соңғы бел омыртқаға жетпей солға қарай иіліп, сол бүйректің оң жағын ала, краниальды бағытта қайтадан қарынға қарай бағытталып, ішектің өрлеме бөлігін жасайды да, қарын маңында аш ішекке өтеді. Өтпен ұйқы безі өзектері бірігіп, пилорустан 3-8см -дей қашықтықтағы бүртікке ашылады.
Аш ішек (тощая кишка) — intestinum jejunum — ащы ішектің ең ұзын бөлігі (сиырда — 40 м, қойда — 30-35 м, жылқыда — 30 м, шошқада — 20 м, итте — 2-7 м). Ол ұзын шажырқайға ілініп, көптеген аш ішек ілмектерін (ansae intestinalis) түзеді. Ол он екі елі ішекті мықын ішекпен жалғастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет