Тыныс алу жүйесі мүшелерінің дамуы. Тыныс алу жүйесі мүшелері өзінің тарихи даму жолында (филогенезде) əр түрлі құрылымдық өзгерістерден өтеді. Бұл өзгерістер жануарлардың тіршілік ортасының жағдайларына жəне сол ортадағы олардың тыныс алу сипатының қалыптасуына тікелей байланысты. Дене құрылысы қарапайым, суда тіршілік
ететін жануарлар организмдерінде (біржасушалы жəне төменгі сат көпжасушалы жəндіктер) арнайы маманданған тыныс алу мұшелері болмайды. Олар суда еріген оттегіні денелерінің сыртқы қабықшалары (плазмолеммалары) арқылы сіңіреді. Тыныс алудың мұндай түрін "даффузиялы тыныс алу"— деп атайды. Жануарлар организмдерінің күрделенуіне сəйкес, олардың жұтқыншақ қуысы қабырғаларында желбезек саңылаулары пайда бола бастайды. Ауыз қуысы арқылы жұтылған су желбезек саңылаулары арқылы жұтқыншақтан сыртқа қарай ағып шығып, тыныс алу мүшесі желбезекпен жанасып өтеді.
Суда еріген оттегі желбезектің жұқа қабырғаларындағы қан тамырлары арқылы қанға сіңіріледі. Ал қандағы көмірқышқыл газы, керісінше, суға өтеді. Сулы ортада тіршілік ететін жануарларга тəн тыныс алудың түрін "желбезек арқылы тыныс алу"— деп атайды.
Тіршіліктің құрлыққа ауысуына байланысты жануарларда атмосфералық ауамен тыныс алуға бейімделген газ алмасудың бірнеше түрлері қалыптасады. Олар: омыртқасыз жəндіктердегі кеңірдек арқылы, хордалыларға тəн өкпемен тыныс алу, кейбір құрттар мен насекомдар дернəсілдеріндегі (личинкаларындағы) тері жабыны арқылы жəне жұмыр
кұрттарда кездесетін ішек арқылы тыныс алу түрлері.
Мұрын мен мұрын қуысының дамуы.Суда тіршілік ететін жануарларда мұрын қуысының орнында, тек жұп иіс сезім шұңқырлары болады. Бұл шұңқырларда мидың иіс сезімі аймағымен байланысты иіс сезгіш эпителий жасушалары орналасады. Кейіннен шұңқырлардың тереңдеп жəне ұзарып өсуінің нəтижесінде, олардан иіс сезім сайлары дамып жетіледі. Иіс сезімі мүшесі қызметінің күрделенуі нəтижесінде сайлардың
жиектері бір-бірімен _______өзара жанасып, болашақ мұрын куысының қарапайым
кіреберіс (танау) жəне шығаберіс (хоана) тесіктері пайда болып, иіс сезімі
мүшесі түтікше пішінге айналады.
Жануарлардың құрлыққа шығуына байланысты, түтікше иіс сезімі мүшесінің құрылысы күрделеніп, екіге бөлінеді. Олар: иіс сезу жəне тыныс алу бөліктері. Аталған бөліктердің, əсіресе, иіс сезу бөлігінің одан əрі күрделеніп жетілуі бұл аумақтың кеңейіп, оның кілегейлі қабығының қатпарлануын қамтамасыз етеді. Кейіннен, бұл қатпарлардан иіс сезу шытырмандары мен мұрын кеуілжірлері жетіледі.
Ауыз бен мұрын қуыстарының шекаралық бөлінуі қатты жəне жұмсақ таңдайлардың дамуымен байланысты. Бұл құрылымдық өзгеріс ауыз куысына ашылатын қарапайым хоана тесіктерінің артқа қарай ығыса жылжып, оның тұрақты (дефинитивті) хоаналар болып қалыптасуын қамтамасыз етеді. Ал ауыз қуысы мен мұрын куыстары бір-бірімен өзара бұрынғы қарапайым хоаналар орнында сақталған мұрын-таңдай өзегі арқылы қатысады.
Құрлықта тіршілік ететін жануарлардың иіс сезімі мүшесінен, мұрын қуысының түбінде орналасқан шеміршекті түтік тəрізді ерекше жұп мүше мұрын-соқалық мүше (organon vomero-nasale) бөлінеді. Ол кейбір бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілерде мұрын-таңцай өзегі арқылы ауыз қуысымен байланысып, иіс сезімі қызметін атқарады.
Онтогенездіңбастапқы кезеңінде мидың белсенді дамуына байланысты, ұрықтың бас бөлімі қарқынды өсе бастайды. Осының нəтижесінде, оның сыртқы бетінде төмпектер мен сайлар пайда болады. Бастың бет бөлімінде иіс сезімі шұңқыры, ауыз куысының саңылауы, жұп мұрын тесіктері, жоғарғы жəне төменгі жақ сүйектерінің өсінділері біліне бастайды. Бұдан соң, иіс сезімі шұңқырлары біріншілік хоана тесіктерінің көмегімен ауыз
қуысымен қатысады, ал жоғарғы жақ сүйегінің өсінділері бір-бірімен қосылып, қатты таңдайдың негізін түзеді. Нəтижесінде ауыз бен мұрын қуыстары бір-бірінен оқшауланып бөлінеді де, бір-бірімен өзара қатты тандайдан кейін орналасқан тұрақты хоана тесіктері арқылы ғана қатысып тұрады.