1 Дәріс Тақырыбы


Мұрын (нос) — nasus — жəне мұрын қуысы



бет77/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Мұрын (нос) — nasus — жəне мұрын қуысы (носовая полость) - cavum nasi — тыныс жолдарының басталар бөлігі. Мұрын куысында ауа жылынады, дымқылданады, құрамындағы шаңтозаңнан тазаланады жəне иіс сезімі мүшесінің қатысуымен ауа құрамындағы заттардың иістері анықталады. Кейбір жануарларда мұрын дыбыс шығаруға да қатысады.
Мұрын ішкі жағынан мұрын пердесі (septum nasi) арқылы екі мұрын қуысына (cavum nasi) бөлінеді. Мұрын қуыстарының кіреберіс жəне шығаберіс тесіктері болады. Кіреберіс тесіктерін мұрын тесіктері (nares), ал мұрын қуыстарынан жұтқыншаққа шығатын шығаберіс тесіктерін хоана (сһоапа) тесіктері - деп атайды. Мұрын қуысы тиісті тесіктер арқылы мұрынның маңында орналасқан мұрын қойнауларымен қатысады.
Мұрынның мұрын ұшынан маңдайға дейін созылып жатқан жоғарғы беті мұрын арқалығы (dorsum nasi), ал мұрын арқалығының мандайға жанаса бітетін жерін мұрын түбірі (radix nasi) — дейді. Жоғарғы еріннің үстіңгі жағындағы мұрын ұшының (apex nasi) пішіні барлық жануарларда бірдей емес. Мұрынның сүйекті негізін бассүйектің бет бөлімінің сүйектері құрайды. Оның сүйектік негізінің екі бүйірін жоғарғы жақ жəне тұмсық сүйектері; артқы қабырғасын торлы сүйек; алдыңғы мұрын ұшын тұмсық
сүйек пен мұрын шеміршектері; мұрын түбін тұмсық, жоғарғы жақ жəне тандай сүйектері; мұрын арқалығын мұрын сүйек құрайды. Ал мұрын пердесінің негізі перделік шеміршектен (cartilago septi nasi) тұрады.
Мұрын ұшында орналасқан мұрын қуысы кіреберіс тесігінің бүйір қабырғасы (танау) мұрын қанатымен (ala nasi) шектелген. Мұрын шеміршектері (cartilagines nasi) мен танау шеміршектері (cartilagines alares) мұрын қанаттары мен танауды тұрақты ашық қалыпта ұстап турады. Танау шеміршектерінің құрылысы мен бігімі əр түрлі жануарларда түрліше болып келеді.
Мұрын ұшындағы жұп тесік қабырғаларының негізін перделік шеміршектің дорсальды жəне вентральды жиектерінен, оның екі бүйіріне қарай бағытталған бүйірлік латеральды жəне вентральды мұрын шеміршектері (cartilago nasi lateralis et ventralis) құрайды.
Мұрын сыртынан терімен қапталған. Оның мұрын тесіктері айналасындағы түксіз жəне тұрақты суланып тұратын пигменттелген аймағын мұрын қаңсары (planum nasale) — дейді. Оның қабырғасында үздіксіз сірлі сұйық бөліп тұратын сір бездері болғандықтан, қаңсардың сыртқы беті əр уақытта дымқылданып тұрады. Оның температурасы дене
қызуымен салыстырғанда салқындау келеді. Ал қаңсардың сыртқы бетінің құрғақ болуы — жануарлар дене қызуының жоғарылағандығының белгісі.
Оның айналасындағы теріде жекеленген сезімтал түктер байқалады. Мұрын қуысы ішкі бетінің тек алдыңғы жағы ғана тері тектес кілегейлі қабықпен қапталған. Бұл аумақты мұрын кіреберісі (vestbulum nasi) — деп атайды. Ал мұрын қуысының қалған бөлігін өзіндік мұрын қуысы (cavum nasi proprium) дейді. Демек, мұрын куысы бір-бірінен анық ажыратылатын екі бөліктен тұрады. Мұрын иреберісінің кілегейлі қабығы көпқабатты
жалпақ эпителиймен, ал өзіндік мұрын қуысының кілегейлі қабығы бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған. Мұрын куысының кілегейлі қабығы мұрын пердесі бетінде тегіс болып келеді. Ал бүйір қабырғасында ол кеуілжірдің пішінін қайталайды. Мұрын қуысының артқы жоғарғы жағындағы иіс сезімі мүшесі орналасқан кілегейлі қабық аймағы ұяшық тəрізді əр түрлі пішінді қатаарлар түзеді.
Əрбір мұрын куысында ауа жүретін төрт мұрын жолы болады. Олар мұрын куысының бүйір қабырғасындағы дорсальды жəне вентральды мұрын кеуілжірлерінің қатысуымен бөлінеді. Олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет