1 Дәріс Тақырыбы



бет89/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Бастапқы бүйрек немесе бастағы бүйрек - metanephros - дененің бас бөлігінде, 2-10 дене сегменттері тұсында қалыптасады. Бүйрек негізінен 3-4 жұп шөлмекті өзекшелерден тұрады. Әрбір өзекше шөлмегі маңында қан капиллярлар шумақшасы дамиды. Бастапқы бүйрек дөңгелек ауызды және кейбір сүйекті балықтарда, қосмекенділер личинкаларында болады.
Аралық бүйрек немесе тұлғалық бүйрек - mezonephros - бастапқы бүйректен кейін, 10-30–шы дене сегменттері тұсында, яғни дене тұлғасында қалыптасады да, бастапқы бүйректі алмастырады. Аралық бүйректе нефрондардың денедегі метамериялық (сегменттік) орналасуы бұзылып және целомамен байланысы үзіледі. Осының нәтижесінде ол қомақты бүйрекке айналады. Бүйрек нефрондардың ыдыс тәрізді кеңейіп басталатын ұшы қан капиллярлар шумақшасының капсуласына айналып, бүйрек денешіктерін түзеді. Аралық бүйрек балықтар мен қосмекенділер кластары өкілдерінде негізгі зәр түзуші ағза болып табылады. Ал, құстар мен қосмекенділерде ол тек эмбриональды даму кезеңінде ғана уақытша қызмет атқарады.
Тұрақты бүйрек немесе жамбастық бүйрек - pronephros алғашқы бүйректен кейін, 31 – 32-ші дене сегменттері тұсында қомақты ағза болып қалыптасады. Тұрақты бүйрек бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер кластары өкілдеріне тән ағза.
Үй жануарларының онтогенезінде бүйрек мезодерманың нефротомынан (сегменттік аяқшаларынан) дамиды. Даму кезінде ол филогенездегі бастапқы, аралық және тұрақты бүйректер сатыларын қайталайды. Бастапқы бүйректің қалыптасуы дене сегменттерінің бас бөлігінде өте жедел жүреді. Сондықтан, оның сүтқоректілердегі даму процесінің мерзімін анықтау қиын. Бастапқы бүйректен кейін қалыптасатын аралық бүйрек іштегі төлде уақытша зәр түзу қызметін атқарады. Ал, клоакалы (үйректұмсық, ехидна) және қалталы (кенгуру) сүтқоректілерде аралық бүйрек эмбрионалды кезеңнен кейін де зәр түзу қызметін біраз уақыт жалғастырады. Аралық бүйректің зәр шығару өзегі несепағар деп аталады да, клоакаға ашылады. Аралық бүйректен кейінгі жамбас сегменттерінде тұрақты бүйрек қалыптасады. Оның негізгі зәр түзуші бөлігі – нефрондар мезодерма нефротомының нефрогенді ұлпасынан, ал бүйрек түбегі мен несепағар аралық бүйрек несепағарының соңғы бөлігінен дамиды. Қуық пен несепағар аллантоис пен клоакадан жетіледі.
2 Бүйрек (почка) – ren- nephros- түсі қызыл қоңыр, қомақты жұп ағза. Ол құрсақ қуысының бел аумағында орналасады. Сырт жағынан бүйректі май қабаты – capsula adiposa, ал оның астында тікелей оны тығыз талшықты қабық (капсула) – саpsula renalis fіbrosa - қаптап тұрады. Бүйректің вентралды беті құрсақ қуысының сірлі қабығы – ішпердемен астарланған. Бүйректің томпайған латеральды, дорсалды, вентральды және ойыс келген беттері болады. Оның медиалды ойыс бетіндегі үңгіленген тұсын бүйрек қақпасы - hilus renalis - деп атайды. Ол арқылы бүйрекке қоректендіруші артерия мен жүйке тамырлары еніп, одан вена қан тамырлары мен несепағар шығады.
Бүйректің ішкі кескінінен бір-бірінен айқын ажыратылған үш аймақты байқауға болады. Олар: бүйректің фиброзды капсуласының астындағы шеткі қызғылт - қоңыр түсті несеп жасаушы қыртысты аймақ – cortex renis, ішкі несеп өткізуші бозғылт аймақ – medula renis және осы екеуінің аралығындағы қоңыр түсті, ірі қан тамырлар өтетін шекаралық аймақ – zona intermedia.
Бүйректің қыртысты аймағында қаннан зәр түзуге қатысатын көптеген ұсақ бүйрек денешіктері – corpuscula renalis – қатарласып орналасады. Оларды бір-бірінен ішкі сәулелер ажыратып жатады. Бүйрек денешіктерінің құрылысын микроскоп арқылы ғана көруге болады. Ішкі бозғылт аймақ көптеген бүйрек пирамидаларынан - pyramides renalis – құралған. Бұл пирамидалардың табандары бүйректің шетіне жақын орналасып, одан оның қыртысты аймағына қарай ішкі сәулелер кетеді. Ал, пирамидалардың бүйрек ішіне қарай бағытталған төбелері - бүйрек емізікшелерін – papilla renalis – құрайды. Шекаралық аймақтағы доғалық артериялардан бүйректің қыртысты аймағына сәулелі (радиальды) артериялар тарамдалады. Бұл артериялардың екі жағында қатар-қатар болып бүйрек денешіктері орналасады.
Бүйректің түрлері. Үй жануарларында бүйректің түрлері әр түрлі болып келеді. Оның негізінде бүйректің бастапқы құрылым бірлігі бүйрекшелер алынған. Бұл бүйрекшелерде де бүйрекке тән үш аймақ пен емізікшелер және оларға жанаса жалғасып жатқан бүйрек тостағаншалары болады. Бүйрекшелер өзара зәр шығару өзектері мен дәнекер ұлпасы арқылы әр түрлі дәрежеде байланысып, бүйрек түрлерін түзеді. Жануарларда олардың негізінен төрт түрі кездеседі.
1. Көптік бүйрек – бір-бірімен зәр шығару өзекшелері – бүйрек сабақшалары арқылы байланысып жатқан көптеген бүйрекшелерден құралған. Оның сыртқы пішіні жүзім жемісіне ұқсас. Бүйрек сабақшалары өзара қосылып, несепағарды түзеді. Бүйректің бұл түрі ақ аюда, китте, дельфинде, түленде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет