1 Дәріс Тақырыбы


Сарыуыздық қан айналым шеңбері



бет92/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Сарыуыздық қан айналым шеңбері - ұрықтық дамудың алғашқы кезеңінде пайда болады, плацентарлық шеңберіне ауысады. Сарыуыздық қан айналым шеңбері негізінен жұп жүрек түтікшелерінің алдыңғы ұшында жетілген. Ол дорсальдық қолқадан басталады. Сарыуыз қапшығында капиллярлар торына тармақталады.
Плацентарлық қан айналым шеңбері – іштөлі жолдасы (плацента) пайда болғаннан бастап қызмет атқарады. Бұл кезеңде жүрек түтікшелері төрт бөлімді жүрекке айналады. Осы кезден бастап артерия мен вена тамырлары қалыптасады. Қан іштөлі организмнен жұп кіндік артериялары арқылы плацентаға жеткізіліп, оның капиллярларында оттегі мен қоректік заттарға қанығып артерия қанына айналады да, кіндік венасы арқылы ұрық денесіне, оның бауырындағы капиллярлар торына қарай бағытталады. Бауырдан ағып шыққан іштөлі артерия қаны каудальды қуыс вена арқылы келген вена қанымен араласып, жүректің он жүрекшесіне құйылады. Аралас қан оң жүрекшеден сопақша тесік арқылы сол жүрешеге, одан жүреше - қарыншалық тесікпен сол қарыншаға, содан соң қолқа арқылы денеге тарайды. Бас бөлімінен жиналған вена қаны краниальды қуыс венамен оң жүрекшеге құйылып, одан оң қарыншаға өтеді, өкпе артерия бағаны арқылы өкпеге бағытталады. Іштөлі организміндегі өкпенің қызметке қосылмауына байланысты, қан ерекше артерия өзегі арқылы қолқадағы аралас қанға барып құйылады. Төлдің бірінші тыныс алуы өкпенің қызметін қалыптастырады. Өкпе артериясы арқылы вена қаны оң қарыншадан өкпеге қарай үлкен қысыммен ағып келіп, өкпе веналарымен сол жүрекшеге құйылады. Үлкен қан қысымының әсерімен сопақша тесіктегі қақпақша тесікті жабады. Кейін ол жүрекше аралық ет пердемен тұтаса бірігіп кетеді. Солай төлде кіші және үлкен қан айналым шеңберлері қалыптасады. Кіндіктік вена мен артериялар байламдарға айналады.
Үлкен қан айналым шеңбері – қанның жүректің сол қарыншасынан қолқа, артерия, капилляр, веналар арқылы дененің барлық жүйелерімен жүректің оң жүрекшесіне дейінгі аралықта жүріп өтетін жолын айтады.
Кіші немесе өкпелік қан айналым шеңбері – жүректің оң қарыншасынан басталып, оның сол жүрекшесінде аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет