1 Дәріс Тақырыбы



бет98/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Айырша без жануарларда тақ көкірек жөне кеңірдектің екі қапталында орналасқан жұп мойын бөліктерінен тұрады. Ол, әсіресе, жас төлдерде жақсы жетілген. Тимус организмдегі иммундық жүйенің қалыптасуы мен қызметін бақылап, реттеп тұратын қан жасау және иммундық қорғаныс жүйесінің орталық мүшесі. Бұнда организмдегі жасушалық және сұйықтық (гуморальдық) иммунитеттің қалыптасуын іске асыратын Т — лимфоциттердің тұрлі топтары түзіледі. Бүған қоса, тимуста шеткі қан жасау мүшелеріндегі лимфоциттердің қызметін реттеуге қажет тимозин гормоны бөлінеді. Айырша без эмбриондық кезеңде ұрықтың біріншілік жұтқыншағы 3-4-ші желбезек қалталарының ішкі бетіндегі энтодермадан өсінділі эпителиоциттер ретінде дамиды. Олар бір-бірімен өсінділері арқылы торлана байланысып, тимус стромасының негізін құрайтын ретикуло-эпителиоциттерге айналады. Оларды дәнекер ұлпалық аралықтар бөлікшелерге бөледі. Борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтар мен қан жөне лимфа тамырлары мезенхимадан жетіледі. Тимус паренхимасының лимфоидты ұлпасын сүйектің қызыл кемігі майынан қоныс аударған Т - лимфоциттер бастамалары түзеді.
Тимус сыртынан жүқа дәнекер ұлпалық қапшықпен (капсула) қапталған. Одан мүше ішіне қарай таралған қалыңдау дәнекер ұлпалық перделіктер, айырша без паренхимасын пішіні мен мөлшері әр түрлі көптеген бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелердің лимфоциттер қалың орналасқан сыртқы жағындағы қабатын қыртысты зат, ал оның ішкі жағындағы аздаған лимфоциттері бар ақшыл түсті орталық аймағын бозғылт зат - деп атайды. Бөлікшелерді торлы эпителиоциттер құрайды. Олардың қыртысты затының шеткі аймағындағы торлы-эпителиоциттер аралығында сүйектің қызыл кемігі майынан қан арқылы қоныс аударған ізашар лимфоциттер бастамаларынан жетілген ірі лимфобластар орналасады. Торлы эпителиоциттер меп макрофагтар бөлетін тимозин гормонының әсерінен лимфобластар антигенге тәуелді көбейіп, иммунды хабардар Т - лимфоциттерге айналады. Бірақ, лимфобластардың барлығы аталған лимфоциттерге дейін толық жетіле алмай, көпшілігі ыдырап кетеді. Олардың




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет