Қан жасау және иммундық қорғаныс мүшелерінде қан жасушаларының түзілу процесі жүреді. Сонымен қатар, бұлардағы макрофагтар мен иммундыхабардар (иммунокомпонентгі) жасушалар организмге түскен бөгде заттар мен бөлшектерді, микроорганизмдерді, тіршілігі тоқтаған жасушалар қалдықтарын жою арқылы қорғаныс қызметін де атқарады. Аталған мүшелерде қан мен лимфаның қоры уақытша сақталады.
Қан жасау және иммундық қорғаныс мүшелеріне сүйектің қызыл кемігі майы, айырша без (тимус), көкбауыр (талақ), лимфа және гемолимфа түйіндері, лимфо-эпителиальды кұрылымдар (бадамшалар, ішек лимфа түйіншелері), құстардағы фабриций қапшығы, тері, өкпе жатады. Қызметіне байланысты қан жасау мүшелерін орталық және шеткі мүшелерге бөледі. Орталық қан жасау мүшелеріне сүйектің қызыл кемігі майы мен тимус, құстардағы фабриций қапшығы, ал шеткі мүшелерге көкбауыр, лимфа түйіндері, лимфо-эпителиальды қүрылымдар және құстардағы тері мен өкпе жатады.
Эмбриондық даму кезеңінде сарыуыз қапшығы қабырғасында мезенхимадан жетілген көпмүмкіндікті (полипотентті) діңгекті жасушалар орталық қан жасау мүшелеріне келіп қоныстанып, бөліну арқылы көбейіп, жетіліп, маманданып, жануарлар организміндегі қантүзілу процесін іс жүзіне асырады. Сүйектің қызыл кемігі майында діңгекті жасушалардан алдымен қан жасушаларының ізашар бастама жасушалары дамиды да, олардан эритроциттер, гранулоциттер, қан табақшалары жетіледі. Ал ретикулалы ұлпа мен макрофагтар жасаған қолайлы микроортада Т және В лимфоциттердің ізашар жасушаларынан иммундыхабардар Т және В лимфоциттер түзіліп, қан арқылы Т лимфоциггер тимуска барып, антигенге тәуелді жасушаларға айналады. Одан соң, Т және В лимфоциттер шеткі қан жасау мүшелеріне өтіп, оларда көбейіп маманданады да, организмдегі иммундық қорғанысты қамтамасыз ететін эффекторлы (әсерлі) жасушаларға айналады.
Қан жасау мүшелері бір-бірімен тығыз байланыста қызмет атқарып, организмдегі қанның морфологиялық құрамы мен иммундық түрақтылығын (гомеостаз) қамтамасыз етеді. Қан жасау мүшелері құрылысы жағынан паренхималы мүшелерге жатады, яғни олар паренхимадан және стромадан түрады. Сүйектің қызыл кемігі майының, телиальды қүрылымдардың стромасын ретикулалы (торлы), ал тимус пен фабриций қапшығының негізін торлы-эпителиальды ұлпа құрайды. Аталған строма үлпаларының жасушалары (ретикулоциттер, өсінділі тармақгы эпителиоциттер) мен макрофагтар, қан жасау мүшелеріндегі қан түзілу процесінің жүруіне тым қажет қолайлы микроортаны жасайды. Ал, қан жасау мүшелерінің паренхимасын миелоидты (эритроциттер, гранулоциттер, қан табақшалары, моноциттер және лимфоциттердің ізашар бастамалары түзіледі) және лимфоидты (Т - және В - лимфоциттер, плазмоциттер түзіледі) ұлпалар кұрайды. Қан жасау мүшелеріндегі қойнауша капиллярлар мен посткапиллярлық венулалардың ерекше құрылысы, осы мүшелер арқылы ағып өтетін қан мен лимфаның ағысын баяулатып, дамып жетілген қан жасушаларының қан жасау мүшелерінің паренхимасынан тамырлар арнасына өтуіне қолайлы жағдай тудырады.
Жануарлар эмбриогенезінде қан түзілу процесі үш кезеңнен өтеді. Олар: 1) мезобластикалық кезеңдеқанның алғашқы ізашар діңгекті жасушалары сарыуыз қапшығының қабырғасында мезенхимадан қалыптасады 2) гепато - лиенальды кезеңде діңгекті жасушалар қан тамырларымен бауырға және көкбауырға келіп қоныстанып, осы мүшелерде қантүзілу процесі жүреді, 3) медуллалы кезеңде эмбрион организміндегі қантүзілу процесі сүйек кемігінің майына өтеді.