1 Дәріс Тақырыбы



бет101/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Жұлынның ақ заты миелинді жүйке талшықтарынан және олардың аралықтарындағы тіректік қызмет атқаратын нейроглиядан құралған. Миелинді жұйке талшықтары жүлын сегменттерін жалғастыратын қысқа еткізгіш жолдарды және жұлын сегменттерін ми бөлімдерімен байланыстыратын ұзын өткізгіш жолдарды жасайды. Жүйке толқынын өткізу бағыттарына қарай, олар орталыққа тепкіш афферентті және эфферентті өткізгіш жолдар болып бөлінеді.
Вегетативті жүйке жұйесі жануарлар организмінде ішкі мүшелер және тамырлар жүйелерінің қызметтерін реттейді. Бұл жүйенің жоғары вегетативтік орталықтары аралық, ортаңғы және сопақша ми бөлімдеріндегі қыртысасты ядроларында орналасады, яғни олар үлкен ми қыртысы орталықтарымен тікелей байланыста болмайды. Олардың байланысы аралық байланыстырғыш нейроциттердің деңгейінде ғана жүреді. Вегетативті нейроциттердің көбі мүшелер қабырғаларында немесе олардың қабырғаларынан тыс жатқан жүйке ганглийлерінде (түйіндерінде) орналасады. Олардан шығатын жүйке өсінділерінің көбі сомалық жүйке талшықтарына қарағанда жіңішке миелинсіз жүйке талшықгарын түзеді және олар жүйке тітіркеністерін баяу өткізеді (0,5 - 2 м/с). Вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық бөлікке (pars sympatica) және парасимпатикалық бөлікке (pars parasympatica) бөлінеді. Вегетативті жүйке жүйесінің аталған бөліктері орталық жүйке жүйесінің белгілі бір бөліктерінде орналасқан. Вегетативті жүйке жүйесі төмендегідей бөлімдерден тұрады:

  1. орталықтардан

  2. түйіналды (преганглионды) жүйке талшықгарынан (миелинді),

  3. жүйке түйіндерінен (ганглийлерден),

  4. түйінсоңы (постганглионды) жүйке талшықгарынан (миелинсіз) тұрады

Симпатикалық жүйке жүйесінің орталығы жұлынның сұр затында, оның көкірек-бел сегменттерінің латеральды мүйіздерінде біртұтас орналасады. Ол мультиполярлы нейроциттерден құралған. Нейроциттер аксондары миелинді жүйке талшықтарын түзіп, вентральды жұлын түбіршіктері құрамында омыртқа бағаны өзегінен шығады да, ақ байланыстырғыш тармақгар ретінде жұлын жүйкелерінен бөлініп, симпатикалық жүйке түйіндеріне (ганглийлерге) бағытталады. Бұларды түйіналды (преганглионды) миелинді жүйке талшықгары деп атайды, Аталған жүйке талшықтары симпатикалық жүйке түйіндеріңдегі мультиполярлы вегетативтік нейроциттерде синапс арқылы аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет