Жүйедегі молекулалар бір-біріне бір немесе бірнеше нанометр жақындағанда олар бірін-бірі тартып молекулааралық әрекеттесу басталады. Көп жағдайда молекулалар бір-бірімен әрекеттескенде олардың атомдарының электрон бұлттары қаптаспайды. Тек кейбір молекулалар бір-біріне өте жақын кел-генде олардағы атомдардыц орбитальдары өзара қаптасады. Мұның нәтижесінде түзілген химиялық байланыстардың беріктігі әр түрлі болады. Молекулааралык байланыстарға сутектік, донорлы акцепторлы т.б. байланыстар жатады. Сутектік байланыс, ковалентті байланыстан әлсіздеу болады.
Молекулалар арасындағы әрекеттесу электростатикалык жолмен немесе донорлы-акцепторлы жолмен іске асуы мүмкін.
Молекулалардың электростатикалык әрекеттесуі бағытталушы, индукциялы және дисперсті болып үшке бөлінеді.
Бағытталушы әрекеттесу полюсті молекулалардың арасында жүреді. Тәртіпсіз қозғалып жүрген молекулалар бір-бірімен кез-дескенде олар өздерінің әр түрлі полюстері арқылы әрекеттесіп молекулааралык, байланысының бағытталушы типін түзеді. Моле-кулалардың полюстігі неғүрлым басым болса, олардың арасында-ғы әрекеттесу де күшті болады.
Индукциялық әрекеттесу көбінесе полюсті және полюссіз моле-кулалардың арасында жүреді. Полюсті және полюссіз молекулалар кездескенде полюсті молекуланың эсер етуінен полюссіз молекула өзінің формасын өзгертіп, онда индукцияланудың нәтижесінде оң және теріс полюстер пайда болады. Индукцияланған, яғни, по-люстері пайда болған молекула полюсті молекулалармен әрекет-тесіп молекулааралык байланыстар түзеді. Полюсті молекуланың дипольдық моменті неғұрлым үлкен болса және полюссіз молеку-ланың индукциялануы неғүрлым жоғары болса, индукциялық әре-кеттесу де жоғары болады.
Молекулааралык әрекеттесудің көбірек тараған түріне дисперс-тік тип жатады. Дисперстік молекулаарлық әрекеттесу молекула-ларда лезде пайда болатын полюстерге байланысты. Молекулалар бір-біріне жақындасқанда олар карама-қарсы жақтарымен әре-кеттеседі. Сөйтіп молекулаларда лезде болып және жойылып кетіп отыратын полюстер олардың арасында молекулааралык байланыс-тардың түзілуіне жағдай жасайды.
Осы қарастырылған молекулааралык әрекеттесудің түрлерін Ван-дер-Ваальс күштері деп атайды. Ван-дер-Ваальс күштері мо-лекулалардың арасы қашықтаған сайын азаяды, ал жақындаған сайын күшейеді