Атомдардан молекула түзілуінің ең басты шарты — молекула түзілгенде энергияның бөлінуі, яғни атомдардың энергия корынан молекуланың энергия коры аз болуы керек.
Электрондарының спиндері параллель сутегінің екі атомы жақындасқанда жүйенің энергия қоры көбейе береді. Мүндай атомдарды бір-біріне жакындастырып арасында химиялык байланыс түзу үшін көп энергия жұмсау керек болады да молекуланы тұрақсыз етеді, яғни химиялык, байланыс түзілмейді. Электрондарының спиндері карама-қарсы сутегінің екі атомы бір-біріне жақындаған сайын жүйенің энергиясы азая береді де, олардыц ядроларыныц ара қашықтығы жүйенің энергиясы ең аз шегіне жетеді, ал бүл энергия мөлшеріне оның ең тұрақты күйі сәйкес келеді. Мұның өзі спиндері қарама-қарсы сутегінің екі атомынан оның тұрақты молекуласы түзілгенін керсетеді.
Химиялык байланыс түзілудің басты шарттарының бірі — әрекеттесетін атомдар электрон бұлттарының (орбитальдарының) — бір-біріне өзара өтуі немесе қаптасуы аркылы молекулалық электрон бұлтын немесе молекулалық орбиталь түзілуі жатады.
Жоғарыда айтылғандай сутегі атомдары бір-бірімен белгілі мөлшерге дейін жақындасканда) олардың электрон бүлттары өзара бір-бірімен қаптасып молекулалық электрон бұлтын түзеді. Электрон бұлттарының осындай бір-бірімен каптасуы нәтижесінде екі ядроның арасындағы теріс электр зарядының тығыздығы артады. Екі атомның оң зарядталған ядролары осы теріс электр заряды басым кеңістікке күшті тартылып химиялык байланыс түзеді, ал осы байланыстың нәтижесінде екі атомнан қүралған сутегі молекуласы түзіледі.Химиялык байланыстар түзілген кезде энергия белінетіндіктен ол байланыстарды үзу үшін энергия жүмсалады. Оны байланысты үзу энергиясы деп атайды. Химиялык байланысты үзу энергиясы химиялык байланыстың түзілу энергиясына тең, бірақ таңбасы қарама-қарсы.
Валенттік байланыс теория-сындағы сиякты, молекулалык орбитальдар теориясы бойынша табылған байланыстың еселігі (БЕ) бірге тең болса бір байланысқа (екі электронға) екіге тең болса екі байланысқа (терт электронға) т. с. тең болады.
Электрондық конфигурация атомның әр түрлі электрондық қабат бойынша электронның орналасу формуласы. Кванттық механика тұрғысынан бұл бір электронды толқындық функцияның толық тізімі, ол атомның толық толқындық функциясын құрастыру үшін қажет.