1. ДӘріс тезистері


Тақырып 12. Молекуланың кеңістіктегі құрылыс. Молекулалық орбитальдар әдісі



бет8/9
Дата25.11.2023
өлшемі104,67 Kb.
#127286
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Тақырып 12. Молекуланың кеңістіктегі құрылыс. Молекулалық орбитальдар әдісі

Молекулалық орбитальдар теориясы бойынша молекула өзінің құрамына кіретін ядролармен электрондардан тұратын тұтас жүйе деп есептеледі және әрбір электрон басқа барлық ядролар мен электрондар өрісіне қозғалып жүреді деп түсіндіріледі. Молекулалық орбитальдар теориясы валенттілік байланыс теориясына қарағанда кеңірек қолданылады. Өйткені молекулалық орбитальдар теориясы химиялық байланыстар жұп электрондар арқылы ғана емес, сонымен қатар тақ электрондар арқылы түзіледі деп тұжырымдайды. Молекулалық орбитальдар теориясының негізін американ ғалымдары Р.Милликен мен Гунд жасады. МО әдісі мына үш қағидаға негізделген: Молекулада барлық электрондар ортақ. Атомдардың түгел дерлік электрондары ортақтанады. Молекула − ядро және электрондардан тұратын бүтін тұтас бөлшек; Атомда әр электронға атомдық орбиталь (АО) сәйкес сияқты, молекулада да әр электронға молекулалық − орбиталь (МО) сәйкес болады. Орбитальдарды былайша белгілейді: АО − s, p, d, f ; МО − σ, π, δ, φ


Молекулалық орбитальды, атомдық орбитальдарды сызықтық комбинациялап (қосып не алып ) алуға болады. Сондықтан МО – ды атомдық орбитальдардың сызықтық комбинациясы деп те атайды. Атомдық орбитальдар қосылғанда екі атомнан тұратын молекула түзіледі. Электрондық тығыздық артады.
Молекулалық жүйелерді талқылауда гибридтену түсінігі маңызды роль атқарады. Гибридтену көбінесе көміртегі қосылыстарын зерттеуде кең қолданылады.
Көміртегі атомының негізгі (3Р) күйіне валенттіліктері бір-біріне тік бұрышты болып бағытталған σ - қос байланысты атом сәйкес келеді. Бірақта 1 - суретте көрсетілген көміртегі қосылыстарыныд ешқайсында бұл жағдай байкалмайды. Осындай кайшылықтан құтылу үшін көміртегі атомын σ-қоздырылған күйге ауыстырып, алғашқыда әрқайсысында бір-бір электрон

α- 1090


Көміртегі атомының кейбір типтері: 1. метан, 2. этилен

Осының нәтижесінде бір-бірімен эквивалентті, бастапқы күймсн салыстырғанда бағыттары мүлдем өзгеше, кеңістіктегі осьтері бір-бірімен ~ 109° бұрыш құрайтын жаңа гибридті орбитальдар аламыз. Егер көміртегі атомының ядросын дұрыс тетраэдрдің центріне орналастыратын болсақ, онда әрбір гибридтік орбиталь тетраэдрдің өзіне сәйкес сүйір төбесіне ұмтылған болар еді. Осындай орбитальдар sр3 – гибридтенген немесе тетраэдрлік деп аталады.


Бұл орбитальдарды келесі түрде өрнектейміз:



Сонымен қатар келесі суретте sр3 – гибридтенген орбитальдардың төртеуі де көрсетілен және кернекі болу үшін олардың электрондар шоғырлануының ең үлкен ықтималдығына сәйкес келетін тек үлкен бөлімдері ғана кескінделген. Осындай гибридтенген орбитальдар қаныққан көміртегі қосылыстарын теориялық тұрғыдан қарастырғанда кең қолданылады. Іліктсс байланысты қосылыстарды қарастырғанда тригональды sр2 және сызықты sр гибридтенулер шешуші орын алады (б, в — сурет).



а б в
Көміртегі атомының гибридті орбитальдары(штрихталмаған): sp3 (a), sp2 (б), sp3 (в). Гибридтенбеген орбитальдар штрихталған (олар сурет салынған жазықтықтар астында пунктирлі сызықтармен штрихталған).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет