Тақырып 2. Химиялық байланыс. Молекулалар геометриясы.
Атомдардың молекула құрамында бірігу процесі жүйенің толық энергиясының кемуімен сыбайлас жүреді. Жүйе энергиясы белгілі бір деңгейге дейін төмендегенде молекула "құрылысы" аяқталуға тиіс. Молекула құрамындағы атомдар арасында пайда болатын коваленттік байланысты, үстірт қарағанда, бір-бірімен үйлеспейтін сияқты болып көрінетін екі тәсілді қолданып құрастыруға болады. Оларға МО тәсілі мсн ВС тәсілі жатады. ВС - валенттік құрылымдар, кейде валенттік байланыстар деп те аталады. Бірақ та бұл тәсілдердің екеуі де көптеген жағдайда эквивалентті шешімдерге жеткізетінін атап айту керек. Көптеген деректерге сүйенсек, күрделі молекулаларды қарастыру үшін, дегенмен, МО тәсілін қолдану тиімді екені айқындалды.
Коваленттік байланыс атомдық орбитальдардың тиімді түрде тоғыскан жағдайында пайда болады. Вариациялық тәсілге немесес ұйытқу теориясына негізделген арнайы есептеулерді жасамай-ақ молекулалардағы байланыс сипатын сапалы деңгейде бағалау үшін көбінесе осы жағдай пайдаланады.
Атомдық орбитальдар тоғысуын сандық мәні түрғысында тоғысу интегралының көмегі арқылы жақсы сипаттауға болады. Ең алдымен атомдық орбитальдардың өзара тоғысуын карастыру керек. Бүл жағдайда интсграл келесі түрде анықталады:
Sμν = ∫χμ* χν dτ
Мұндағы атомда немесе әртүрлі екі атомда шоғырланған атомдық орбитальдар. Егер интеграл астындағы функциялар бірдей болса, онда бұл берілген теңдеу нормаландырушы интегралға ауысып, ол арқылы нормаландыру шартын былай жазуға мүмкіндік туады:
∫│χμ│2 dτ = 1
Химиялық байланыс пайда болу үшін Sμν оң мәнді болуы керек және неғұрлым оның мәні өскен сайын байланыс айтарлықтай берік бола түседі. Максималды тоғысу қағидасына сәйкес тоғысу интеегралы мен байланыс беріктігі арасында тура пропорциоиальдық тәуелділік бар.
Егер атомдық, екі орбиталь арасындағы тоғысу мәні айтарлықтай үлкен болса, онда
φ = с1χ1 + с2χ2
Жалпы жағдайда m санды функция берілгесн болса, онда олардың сызықты комбинацияларын жасау арқылы тағы да m санды тәуелсіз комбинация құруға болады. Бұл екі атомдық орбитальдан екі түрлі молекулалық орбиталь құрылады деген сөз. Мәселеге біз молекулалық орбитальдардың атомдық орбитальдарға жіктелу коэффиценттерін срі екі түрлі белгілермен (индекстермен) белгілейтін боламыз; мұндағы (μ) индексі -атомдық орбитальды, ал (і) индексі - молеулалық орбитальды көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |