1 ДӘріс. ТҰЛҒа психологиясындағы тұЛҒа және ұлттық сана мәселелері



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата04.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#47605
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-дәріс-1

 
Экстраверт 


Ерекше қасиеттері: көпшіл, ұжымдық іс-шаралар мен ойын сауыққа 
кұмар, достары мен таныстар шеңбері кең, уақытты қызықты өткізуге болатын 
адамдармен қарым-қатынас орнатуды қажет етеді, өзін оқумен немесе 
жұмыспен жүктегенді ұнатпайды, әсерлі сезімдерге құштар, жиі тәуекелге 
барып, алғашқы ұшқын сезімге беріліп, ойланбай әрекет жасауы мүмкін.
Экстраверттер қамсыз оптимист және өзгерістерді ұнатады. Олар өз 
сезімдері мен іс-әрекеттерін қиын қадағалайды, сондықтан ашуға берілгіш 
болуы мүмкін. Экстраверттер – батыл адамдар. Жұмыс орындауда олар, 
әдетте, жылдамдыққа бағытталған, бірқалыпты жұмыстан тез жалығады. 
Экстраверттер адамдармен жұмыс жасағанды ұнатады. 
Іс-әрекетте экстраверттер, интроверттерге қарағанда, есінен ақпаратты 
тез алып, қиын тапсырмаларды уақыт дефициті жағдайында жақсырақ 
орындайды. Олардық қысқа мерзімді еске сақтау қабілеті жақсы. 
Экстраверттер өздерін кешкі мезгілде сергек сезініп, түстен кейнгі уақытта 
жақсы жұмыс жасайды. Мұндай адамдар мақтауға сезімтал болады.
Интроверт:
Ерекше қасиеттері:
Өз ісінің жөнділігіне сенімсіздік, айналасындағы болып жатқан 
жағдайларды елемейді; өзге адамдардың пікіріне қарағанда, өз күші мен 
тілектеріне сенімділік танытып; нақты құбылыстарға қарағанда, абстрактілі 
идеяларға таңдау береді.
Интроверттердің көңіл-күйлері бірқалыпты, аздап түсіріңкі болады. Олар 
өздерінің жеке басты шаруалары мен сезімдеріне алаңдайды. Мұндай адамдар, 
әдетте, ұстамды, ұяң, өзі туралы айтқанды ұнатпайды, және өзгелердің 
мәселерімен қызықпайды.Олар адамдармен сөйлескенге кітаптарды артық 
көреді. Интроверттер қызметте теориялық және ғылыми істерді таңдайды.
Оқуда олар экстраверттерге қарағанда айқынды нәтижелерге жетеді. 
Интроверт адамдар өз болашағын жоспарлағанды ұнатады, алғашқы ниет пен 
әуестеріне сенбейді, сатып алуда мұқият ақылға салады және өз сезімдерін 
қатаң қадағалайды.
Осындай психологиялық сипаттамадағы адамдар бірқалыпты жұмысты 
жақсы көтереді, зейінді қажет ететін істерде табысты, тыныштық жағдайында 
және күннің алғашқы жартысында жақсы жұмыс жасай алады. Олар мақтауға 
қарағанда, жазалауға сезімталдық танытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет