1 Дәріс. Топографиялық-геодезиялық ізденістер. Жерге орналастыру және кадастрда карталарды жасау және пайдалану. Жерге орналастыру және кадастрдағы геодезиялық жұмыстардың түрлері



бет24/28
Дата03.02.2023
өлшемі1,27 Mb.
#64828
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ на КАЗ яз

Нег: 1 нег.[116-120].
Бақылау сұрақтары:

  1. Жерге орналастыру жобасы қалай жүзеге асырылады?

  2. Жоба эскизі қалай құрастырылады?

  3. Обьектілерді жобалау қалай құрастырылады?

  4. Техникалық жобаларды құрастыру тәсілдері

11 дәріс. Графикалық және механикалық әдіспен жобалау.
Графикалық әдіспен жобалау.
Учаскелер көбінесе қосымша жобаланған учаскенің ауданын есептеу жолымен сызбалық әдіспен жобаланады, содан кейін берілген артық ауданмен жеткілікті жобаланады. Демек қосымша жобаланған аудандар шекаралардың бұзылу дәрежесіне байланысты планиметрмен немесе аналитикалық әдіспен есептелуі мүмкін. Жетпейтін немесе артық ауданды үш бұрышпен немесе трапециямен жобалық сызықтың бағытына қойылған талаптарға байланысты жобалайды.
Үшбұрышпен жобалау жобалық сызық белгілі бір нүкте арқылы өткен жағдайда ғана орындалады, мұнда берілген аудан (немесе негізі) мен белігілі биіктік бойынша үшбұрыштың негізін анықтайды.
24 а суретінде пайдаланылатын жердің бір бөлігі келтірілген мұнда Р нүктесі арқылы өтетін MN сызығының ауданын Р деп жобалау қажет.
Демек Р жобалы ауданы мен ВСВҒ төрт бұрыштың ауданының арасындағы ерекшелік РІ гектарына тең (алдындағыдай сызбалық әдіспен талған деп қояйық). Егер жобалық сызықтың солтүстік жағы эскизді жобамен жүргізілген болса, онда Р нүктесі арқылы өтуі керек, сонда оң жағы В нүктесінің оң жағының бір жерінде АВ сызығын қиып өтеді. Осы нүктеден ВРК үшбұрышының а негізі орналасады. Мұнда РІ жеткіліксіз ауданының формасы бар. Осы үшбұрыштың биіктігі Р нүктесінен АВ сызығына түсірілген (24,а-суреті) немесе ЕВ жалғасқан (24, б-суреті) перпендикуляры болады. Оның ұзындығын сызбалық жоспармен бірге аламыз. Онда үшбұрыштың табаны
2Р,
а = — (9)
Һ
Алынған қашықтықты жоспарға немесе тізімге жеке жазады. Оны жергілікті жобалық нүктеден К нүктесін алуға арналған жобаны ауыстыру кезінде қолданады.
Егер табылған а қимасы ВА сызығынан ұзын болса, онда РІ АВҒ үшбұрышының ауданынан көп болады. Осыдан келіп, осы үшбұрыштың ауданын табады және алдыңғы әдісі бойынша АЕ сызығымен жобалық сызыктың қиылысқан жерін табады: ол үшін Р нүктесінен АЕ сызығына дейін биіктігін немесе оның ұзарған жеріне дейін өлшейді.
(1) формула бойынша а қашықтығын есептеу дәлдігін анықтау үшін келесі формуланы логарифмдейміз:
Іпа =Iп2 +ІпРІ—Іnh. (10)
Алынған теңдеуді диференциалдаймыз:
(11.1)
Орташа квадраттық қатеге көшеміз:
(11.2)




Сурет -24


Р1 артқы ауданы болса, онда оны қатесіз деп санауға болады, mp1 нөлге тең болса, онда
(11.3)
Демек, биіктігі қандай салыстырмалы қателікпен өлшенген болса, табаны мен төбесі де солай өлшенеді.
Трапециямен жобалау келесіден жүргізіледі, егер жобалық сызық берілген бағытқа параллельді жүргізілсе ғана жобаланады. Осы жағдайда жоспар бойынша анықталған. Берілген аудан мен осы трапецияның орташа сызығының ұзындығы бойынша трапецияның биіктігін есептейді, ал сонымен бірге оның шет жағын есептейді. Трапециямен жобалау ұшбұүрышты жобалауға қарағанда, қолайлы болады. Шартты шешудің қиындығы жағдайы ғана белгілі, ал биіктігі белгісіз болғандықтан орташа сызықтың ұзындығы жоспарында дәл жеткілікті анықтаумен жүргізіледі.
25-суретте Р ауданымен ДС сызығымен параллелді МN сызығын жобалау қажет. Жерді пайдаланудың бір бөлігі келтірілген. Ол үшін Ғ нүктесінен ДС сызығына параллелді ҒО сызығын түсіреді және ОВСД Ғ ауданын есептейді.
Р жобалы аудан мен ОВСД Ғ ауданының арасындағы ерекшелігі Р1 -ге тең, демек Ғ1 әрі қарай жобалануы қажет, трапецияның ауданы болады.
Ол үшін РІ ауданымен сәйкес көз мөлшермен жағдайын таңдап, жоспар бойынша 8 орташа сызығының ұзындығын қосымша анықтау керек, одан кейін формула бойынша биіктіктің қосымша мәнін есептейді:
(11.4)
ҒО сызығынан Һ1 шамасының жартысын қалдырып, алынған нүктелерден 5 сызығы арқылы өткізіп, паралеллді ҒО немесе ДС сызығын, S2 трапециясының орташа сызығының екінші жуық мәнін елшейді, Р1 S2 -ге бөліп. Һ2 трапециясының биіктігінің дәл мәнін аламыз.



Сурет- 25
Һ2 биіктігінің алынған мәні соңғы деп саналуы мүмкін, егер h1 биіктігінің мәнімен оны бөлсе, биіктік орташа сызықтың қатынасына бөлінген екі еселенген сызбалық дәлдігінің шамасынан аспайды.

Қарама -қарсы жағдайда орта сызықтың жаңа мәнін алады және биіктіктің үшінші мәнін алады. Биіктіктің соңғы мәнін алып, ҒО сызығына перпендикуляр етіп қалдырады және алынған (2 нүктесі арқылы) ДС -ға параллель МN сызығын жүргізеді.
ft биіктігін анықтаудың қателігі (11.4) дифференциялды теңдеуімен табылуы мүмкін, осыдан келесі формуланы аламыз:
(11.5)
(11.2) ші формулаға ұқсас.
Егер ауданы қатесіз деп саналатын болса h =0) онда

Алынған биіктіктің салыстырмалы қатесі осы әдісте, орта сызықты есептеу қатесіне тең. Орташа сызықпен салыстырғанда трапеция биіктігі азырақ болса, ҒК мен ОL_ трапецияларының бір жағында түзілген бұрышы да аз болады, осыдан биіктіктің мәні дәлірек және жылдам алынады.
Механикалық әдіспен учаскелерді жобалау
Сызбалық және аналитикалық әдістер есептеу өндірісінде көп уақыт шығымын талап етпейтін жобалары мен бұрылыстардың саны кішігірім учаскелері болған кезде жобалау қолайлы жерді пайдаланғанда шеттерінің бұзылғандығынан планиметрді пайдалану кезінде қарапайым және тиімді болады, сонымен қатар планиметрдің көмегімен учаскені механикалық жобалау әдісі кең тараған, ал Қазақстанның көптеген аудандарында ол жалғыз әдіс.
Бірақ учаскелерді планиметрмен ғана жобаламайды, өйткені планиметр - аспап. Ол берілген аудан мен бір өлшеу сызығы бойынша басқа сызықтық өлшемдерді анықтауға мүмкіндік бермейді.
Бұл жағдайда берілген жобаға дейін жетпейтін учаскенің ауданының шамасын тізбекті жуық шамаға дейін жобалау қажет немесе жобалы ауданға қарсы артығы ауданды есептеудің рұқсат етілген шамасынан аспағанға дейін жобалау қажет.
Ұсақ шекаралы жағдайларда жеке шекаралардың аудандары жобаланатын аудандардың ауданынан аз болады. Бұл жағдайда жобаланатын участок бірнеше шекаралардан тұруы мүмкін және алаңдарды жобалау алаңның қажетті ауданын алу үшін, шекараны жинап біріктіреді. Демек алаңдардың ірі шекалары, кейде жеке шекаралармен бөлінеді.
Механикалық жобалау әдісінде бұрын есептелінген шекаралар аудандары өзгермейді, сондықтан жобалы шекарамен бөлінген шекаралар бөлігінің аудандары осы шекараның аудандарына қосады.
26 суретте келтірілген мысалда, алаңның батыс жағындағы массивте солтүстік айналымдағы үш алаңы орналасқан. Осы массивтің ауданы бірнеше әртүрлі жарамды жерлерден тұрады, оларға қосымша жолдан оңтүстік- батысқа 174,5 га және жолдан солтүстік - шығысқа 167,5 га- жұмсақ жерлер 25,3 га - айдалатын жерлер және жерді игеретін 1,8 га жолдар. Үш алаңдағы барлығы 369,1 га.
Осы алаңның бір бөлігін орман және жолдар алып жатыр. Сондықтан жобалау үшін алаңның жалпы ауданын (косынды) жобалау қажет. Осындай есептеуді жоспарлау қосымша шекараларын белгілей отырып 4- кестеде жасаған қолайлы.
Алдымен 4- кестеде жоғарғы жолдың барлық мәліметтері анықталады: қабаттың жалпы ауданы (369,1 га) жобаланған жолдармен бірге. Ормандық жолақтармен пайдаланылатын ауданын жобалауға мүмкіндік береді (354,1 га) және алаңның ауданы мен баска учаскелерді табуға мүмкіндік береді (118,1 га. 118,0 га).
Пайдаланылатын ауданға алаңның шекарасына кіретін барлық жер аудандарын қосады. сөйтіп соңғы есептеу үшін жалпы ауданын алады. Содан кейін бұрын белгіленген шекараларындағы аудандарды есептейді және қабаттың жалпы ауданына қосады (369,1 га).
Учаскелердің аудандарын есептегеннен кейін учаскелердің аудандарынын рұқсат етілген айырмашылықтарын алғаннан кейін, шекаралар ауданының қосындысына қосады. Берілгсн (есептік) учаске алаңдарымен қосылғандарын салыстырады.
Қосымша есептеулер кезінде, жеткіліксіз және артық аудандардың сызбасын жасап, оларға нөмір қойып, бөлінген шекараларын орман жолақтарын, енін, учаскенің өлшемдерін, тіреу нүктелерін жазып отырады. Егер жазулар түсініксіз болса, онда үлкен масштабта қайтадан сызба жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет